
- •1 Орталық Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орны
- •1.1 Орталық Қазақстанның табиғаты және табиғи ресурстарына экономикалық географиялық тұрғыдан баға беру
- •2.1 Орталық Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендері бойынша табиғи өсім мен өлу динамикасына әсер етуші факторлар
- •Сурет 1. Орталық Қазақстан ауданының ұлттық құрамы картасы
- •1998-2012 Жылдары Қарағанды облысындағы халық санының өзгеруі [39]
- •2010-2013 Жылдардағы Қарағанды облысында жұмысқа жарамды жастар аралығындағы көші-қон [39]
- •2.2 Орталық Қазақстан ауданының экономикалық белсенділігі
- •Сурет 3. 2012-2013жж. Сыртқы көші-қон өзгерісі
- •Сурет 6. 2013 жылдың айлары бойынша ірі және орта кәсіпорындардағы бос орындар саны.
- •Сурет 7. Қарағанды облысы бойынша 2013 жылғы іі тоқсандағы жұмыспен қамтылған халықтың пайыздық өлшемі
- •2.5 Халықтың еңбек төлемі және тұтыну бағасының индексі
- •Сурет 9. 2011-2013 жылдардағы Қарағанды облысындағы инфляция
- •Сурет 10. Абай қаласының өнеркәсіптерінің жылдық табысы
- •2014 Жылдың 1 қаңтарында халық саны 51,1 мың адам және 2012 жылдан 1 % артқан.
- •2010–2013 Жылдар кезеңінде Шахтинск қаласының еңбек нарығында жағдай жұмыссыздық деңгейі төмендеуімен және экономикалық белсенділік деңгейімен сипатталады [42].
- •3.1 Орталық Қазақстанның экономикалық даму жағдайы және экономикалық даму бағыты
- •3.2 Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экологиялық жағдайының әлеуметтік-демографиялық жағдайға әсері
- •2013 Жылғы деректер бойынша кәсіпорындардың рұқсат етілген шектің (реш) көрсеткіштері[32]
2.1 Орталық Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендері бойынша табиғи өсім мен өлу динамикасына әсер етуші факторлар
Өлу туудан кейінгі демографиялық үрдістің 2-ші көрсеткіші. 2006 жыл көрсеткіштері бойынша Орталық Қазақстанда өлу деңгейінің күрт көбейгендігін, ол 1000 адамға 13,1% көрсетті. 1991-2003 жылдары аралығында Орталық Қазақстан қалаларында өлу деңгейі жоғары болды, 2008 жылы қалаларда 15328 адамға (13,84%) көбейген, ол 206 жылы 664 адамға көп болған. Теміртау қаласында өлу 2001 жылы 1564 адамды, 2012 жылы 2238 адамға дейін көтерілген. Мұндай жағдайлар Балхаш, Қаржал, Шахтинск қалаларында да байқалып, тууға қарағанда өлудің көбейіп кеткендігін көрсеткен. Өлімнің ең көп тіркелген жерлері Қарағанды, Теміртау және Балхаш қалалары.
2001-2013 жылдар аралығында балалардың шетінеуі аз байқалған (1 жасқа дейінгі). Ол 100 адамға 23,0%0 ден 16,25%0 ге кеміген. Өлу көрсеткіші орта жастағылар арасында ( туберкулез) өкпе, бурцуллез, асқазан- ішек, жүрек аурулары және жаңа өскін пайда болғаны сияқты аурулардың көп екендігін көрсеткен. Әсіресе, Теміртау қаласында жастардың нашақорлыққа бейімделуі кен етек алды, көбінесе олардың жасы 30-35 тен артпады. Қазақстан бойынша ЖИТС ( жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы) ауруының 90% Теміртауда болды. Өлу әсіресе ер адамдар арасында кең етек алды. Ол қан айналу, тосын жағдайлар, улану, нашақорлық пен ішімдікке салыну сияқты өлшемдермен сипатталады [22]. Сәтпаев қаласында 2001 жылы 2012 жылдар арасында өлу 567ден 2012 жылы 819 адамға дейін көбейсе, (68,8%), Приозерскіде 2008 жылы 66 адам өлсе, 2012 жылы 56 адам, кейінгі жылдары 10 адамға дейін азайған. Өнеркәсіпті қалаларындағы өлу әртүрлі себептерге, соның ішінде экологиялық жағдайдың күрт төмендеуінің үлкен әсері бар. Әсіресе, Балхаш пен Теміртаудың экологиялық жағдайы өте ауыр. Балхашқа 42,9%, Теміртауға 29,4% атмосфераның ластануы тән. Тек, 2012 жылдың өзінде ауа бассейініне 170 т-дан 247,9 мың т дейін зиянды заттар құраған. Экологиялық жағдайдың ауырлығы әртүрлі ауруларың тууына, денсаулықтың нашарлануына, өмір сүру жасының төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл балалар арасында салмағының аз болып туылуы, айына жетпей туу сияқты, әртүрлі аллергиялық аурулардың, әсіресе өкпе демікпесі, демікпе, жұтқұншақ ауруы т.б. көбейіп кетуі айғақ. Орталық Қазақстанда қалалықтардың арасында өлу деңгейі 2001 жылы 8569 адамды, 2009 жылы 40% көбейіп 14277 адамды, 2013 жылы 13327 адам болған. Облыс көлемінде өлу деңгейі жастар арасында, әсіресе еңбекке жарамды халық арасында көп. 2000 мен 2010 жылдар арасында өлу 15-16%-ға дейін көтерілген. Ауылдық елді мекендерде өлу көрсеткіші барлық аудандарда бірдей дәрежеде шамалас деп айтуға болмайды. Ол Ақтоғайда 21%, Бұхаржырауда 6,8%, Жаңаарқада 2,4%, Абайда 7,8%, Қарқаралыда 12,6%, Нұрада 18%, Осакаровкада 19%, Ұлытауда 7,8%, Шетте 14,8% құраған. Ал, 2010 жылдан бастап өлу бірітіндеп төмендей бастаған.
Өлудің ер адамдар арасында көп байқалуы кездейсоқ жағдайлар 31%, қан айналу 27%, тыныс алу 7%. Ер адамдардың ішімдікке салынудан өлгендер 74%, оның 57%-ы 40-49 жас арасындағы адамдарды құраған. Республика бойынша балалар өлімінің жоғары деңгейі сақталуда. Облыс бойынша 21%, ауылдық елді мекендерде 31,8%–ге тең. Балалар арасындағы өлу деңгейінің құрылымы 1- ші қан айналу, 2-ші жаңа өскін, 3-ші тыныс алу, 4-ші кездейсоқ жағдайлар, улану, құлау т.б.
Кейінгі көрсеткіштерге сүйінсек 2001-2010 жылдар арасында туудың төмендеп, өлудің көбейгіндігін, ал 2010 жылдан бастап табиғи өсімнің аздап көтерілгенің байқаймыз [ 8].
Орталық Қазақстан ауданының қалаларындағы табиғи өсім динамикасы 90-шы жылдардың соғынан бастап 1996, 1997, 1998 жылдарына дейінгі аралықта күрт төмендеген. 1999-2004 жылдар аралығы бірқалыпты жағдайда өтіп, 2005-ші жылдан бастап халықтың табиғи өсімі динамикасының жоғарылауы байқалады. Бірақ бұл жоғарылау бұрынғы 90-шы жылдарға жетпеді. Территорияның өте үлкендігімен, табиғи- шаруашылық кешендерінің әртүрлілігімен ерекшеленетін Қазақстанға демографиялық үрдістердің түрлі типтері тән. Қоныстаудағы негізгі өзгерістер-халықтың табиғи қозғалысы мен көші-қон процестерінің территориялық айырмашылығының нәтижесі болып көрінеді. Халықтың қоныстануы ұзақ тарихи дамудың нәтижесі, қоғамдағы экономикалық- әлеуметтік, саяси – демографиялық және әлеуметік құрылымына, қалыптасуына, этникалық құрамының өзгеруіне ықпал етеді. Орталық Қазақстанда қатынамалы көші-қонның түрі серіктес қалалар Теміртау, Шахтинск, Абай, Саран және жақын елді мекендер: Елтай селосы, Үштөбе, Топар т.б. арасында кең түрде сақталған. Аумақ аралық көші-қонда ішкі және облыс аралық, ішкі және республика аралық, ішкі және аудан аралық көші-қонның маңызы ерекше. Село аралық көші-қонда 4 бағытты: ішкі қалалық, яғни қалалар мен қалалық елді мекендер; ауыл аралық көші-қон , яғни ауылдан қалаға, қаладан ауылға; кейінгі екеуі ауылдық және қалалық деп екіге бөлінеді. Қарағанды облысы көші қонның қарқындылығымен ерекшелінеді, себебі халқының саны бойынша және қала бойынша да Қазақстанның 4-ші ірі қаласының қатарына жатады. Көші-қонның динамикасы 1950 жылдардан басталады, 1960 жылы жоғары шегіне жетіп 1000 адамға 54-60 адамнан келді. Кейін өсу төмендеп, 1970 жылдары нөлдік сальдоны көрсетті, көші-қон ағымы 1990-2002 жылдарға дейін қарқынды өтіп, 2003 жылы баяу түріне ауысты. 1989- 1999 жылдары Қазақстанның халықаралық көші-қонына 3,2 млн адам қатысты, алыс шетелден 67 мың адам келсе, кеткендер саны 686,4 мың адам, жақын шет елге 1,9 млн адам кеткен [3].
1991, 1992, 1993, 1999 жылдары көші - қон өсіп қарқынды үрдіс байқалды. 1998 жылы көші - қонның жиынтық көлемі 6,3 % өсіп, басқа облыстарға кету 18,1%, келушілер 7% облыс көлемінде мекен жайын ауыстыру 4% болды. Орталық Қазақстанның тұрғылықты халқы 1994 жылы 25 ақпанда 1440,5 мың адамды, оның ішінде қала халқы 1008,1 адам, ауыл халқы 402,4 мың адам болды. 1994 жылға қарағанда 2000 жылы эмигранттар саны 3 есеге азайды. Кейінгі он жылда облыстан 439,3 мың кетті, ең жоғарғы шек 1994 жылы болған, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендей бастады. Соған қарамастан халық саны 10% азайған. 2001 жылы Орталық Қазақстан халқы 1352,3 мың адам, оның 1117,8 мыңы қала, 234,5 мыңы село халқы болды. 2002 жылы керісінше келушілер саны 26849 адамды, қалаға 24661 адам, селоға 2188 адам келген. 2005 жылы келушілер саны 29745 адам, яғни 2002 жылға қарағанда 2896 адам артық болды. Орталық Қазақстанда сырттан келген 3788 жанұя тұрады, оның 17735 адамы Монғолиядан келгендер. 2005 жылғы дейін көші- қон үрдісі Орталық Қазақстанда үлкен мәселеге айналды.
2013 жылғы деректер бойынша Қарағанды облысы халқының саны 1 346 566 адамды құрады, бұл 2010 жыл басымен салыстырғанда 3,3 мың адамға артық. Қала халқы 1065,1, ауыл халқы – 290,2 мың адамды құрады. Облыста қазақтардың үлес салмағы 44%, орыстар 39%, украиндер 4%, қалған ұлттар 13%. Орталық Қазақстанның ұлттық құрамын сурет 1-ден көре аламыз.