Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гаухар Орталык Казахстан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418.62 Кб
Скачать

2010–2013 Жылдар кезеңінде Шахтинск қаласының еңбек нарығында жағдай жұмыссыздық деңгейі төмендеуімен және экономикалық белсенділік деңгейімен сипатталады [42].

Қаладағы экономикалық белсенді тұрғындар саны: 2010 жылы – 36,9 мың адам, 2013 жылы – 41,3 мың адам.Осы мезгілде экономикалық белсенді тұрғындар саны 11,9% өскен.

Қаланың жұмыспен қамтылған тұрғындар санының еңбек ұсыныстарының негізгісі- өндіріс (80%).

Моноқаланы дамыту үшін «Бизнестің жол қартасы 2020», индустриаландыру картасы, «Жұмыспен қамту 2020» сияқты инвестициялық жобаларды негізге ала отырып қала халқы келесідей жұмыс түрлерімен қамтылады деп күтілуде.

Кесте 15

Шахтинск қаласында жұмыспен қамтылған тұрғындар санын болжау. [34]

Көрсеткіштер

өлш. бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жалпы жұмыспен қамтылғандар

адам

33400

33926

34491

35052

35826

Оның ішінде:

Тау-кен кәсіпорындары

адам

7700

8130

8260

8263

8410

Шағын және орта бизнес

адам

4910

4956

4910

5020

5110

Өздігімен жұмыспен қамтылғандар

адам

9 400

9300

9570

9759

10080

Басқалар

адам

11390

11540

11751

12010

12226

Тағы бір жоспар бойынша қалада химия саласы бойынша жоба «Синтетикалық жуғыш заттарды өндіру» зауытын «Монета Дитерджентс» жауапкершілігі шектеулі серіктекстік ұсынады. Жоспар бойынша онда 250 жұмыс орны құрылады. Жобаның жалпы құны 3 млрд теңге және өндірістік қуаттылығы 60 000 т болады.

3.1 Орталық Қазақстанның экономикалық даму жағдайы және экономикалық даму бағыты

Қарағанды облысының әлеуметтік жағдайы тау-кен және өндіруші өнеркәсіптерге байланысты. Аудандағы өнеркәсіптік өндірістің 82,1% базалық салаларға тиесілі. Мысалы:

- Тау-кен металлургиялық кешен ( түсті және қара, сирек және бағалы металлдар кендерін өндіру, сонымен қатар түсті және қара металлургия және металл өңдеу) – 71,74%;

- көмір өнеркәсібі – 4,44%;

- машина жасау бойынша – 2,24%;

- химия және фармацевтикалық өнеркәсіп– 2,31%;

- құрылыс материалдары өндірісі – 1,46%.

Орталық Қазақстан ауданындағы өнеркәсіптердің бірнеше мәселелері бар. Олар мыналар болып табылады: ескірген технология, негізгі өндіріс қорлардың баяу жаңаруы, өнеркәсіптерге инвестицияның жетіспеуі, несие қорлары бойынша пайыздық мөлшерлеменің тым жоғары болуы, сонымен қатар ірі корпорациялардың өнеркәсіптерге инновацияларды енгізуге деген құлшыныстарының болмауы.

Аудандағы ауыл шаруашылығының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей және сыртқы нарыққа таза экологиялық өнім шығаратындай мүмкіншілігі бар [33,112].

Ауданда суару жүйесінің техникасының ескіргендігіне байланысты жыртылған жерлерді дұрыс пайдалана алмай отыр, соған байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі азаюда. Аудандағы ауыл шаруашылығы техникаларының 86 % ескірген, соған байланысты еңбек өнімділігі төмендеуде, өнімнің өзіндік құны көтерілуде, сондықтан бәсекеге қабілеттілік төмендеуде.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясына байланысты Орталық Қазақстан ауданында дамуы және маңызы бойынша жетекші қалалар анықталды.

Жетекші қалаларды екі түрлі дәрежеге бөлеміз:

1. Ұлттық дәрежеде. Қарағанды, Теміртау қалалары;

2. Аймақтық дәрежеде. Балқаш, Жезқазған, Сатпаев қалалары.

Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қаларының жетекші қалаларға ену себептері:

  • экономикалық жағынан үлкен қалалар және басқару орталықтары;

  • көліктер торабында және ішкі-сыртқы транспорттық коридорда

орналасқан;

Жалпы ауданның бәсекеге қабілеттілігі рейтингіне көз жүгіртетін болсақ, мынадай нәтижелерді көруге болады:

- Халықты әлеуметтік қорғаудан – 1 орында;

- Индустриалды-инновация саласында-1 орын;

- Білім беру сапасы- 2 орын;

- Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша-5 орын;

- Мәдениет және қоғамдық қауіпсіздік бойынша-6 орын;

- Ауылшаруашылығы бойынша-7 орын;

- Денсаулық сақтау бойынша -11 орын;

- Туризм және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша-11 орын;

- Тұрғын үй саласын дамыту -13 орын;

Орталық Қазақстан ауданының негізгі экономикалық даму бағыттары:

- 2015 жылға дейін жалпы өңірлік өнімді 30 %-ға дейін арттыру;

- 2015 жылға дейін ЖӨӨ энергия сыйымдылығын 10%-ға дейін азайту;

- 2015 жылға дейін шетелдік инвестицияны 10%-ға арттыру;

- Өнеркәсіп өнімдерін 94 %-ға арттыру

- Өңдеуші өнеркәсіпте еңбектің өнімділігін 96,9%-ға арттыру;

- Шикізаттық емес өнімдердің экспорттық үлесін 14,2%-ға арттыру;

- Өңдеуші өнеркәсіптің өндірісін 158,1%-ға арттыру;

- Көмір қазу көлемін 35 млн. тоннаға дейін арттыру ;

- Металлургиялық саланың өнімдерін шығару көлемін 2 есеге арттыру;

- Машина жасауда жалпы қосымша құн 64%-ға өсіру;

- Құрылыс индустриясындағы зат айналымын 76%-ға арттыру;

-Республикалық ішкі нарықты құрылыс материалдарымен 80% қамтамасыз ету;

- Құрылыс материалдарын 20 %-ға дейін арттыру;

- Жеңіл өнеркәсіптің қосымша құнын 50%-ға арттыру;

-2015 жылы минералдық тыңайтқыштарды 6 000 тонна көлемінде өндіру (2010 ж. – 5 мың тонна);

- 2015 жылы күкірт қышқылын өндіру көлемін 1 млн. тоннаға дейін арттыру (2010 ж. – 896 000 тонна);

- 2015 жылы ішкі нарықтағы отандық дәрі-дәрмек құралының үлесін 30%-дан 50%-ға жеткізу (2010 ж. – 30%);

- Аудандағы ЖӨӨ арттыру үшін шағын және орта бизнестің үлесін 16%-ға дейін көбейту;

- 2015 жылға дейін ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін 90,9 млрд теңгеге арттыру;

- 2015 жылға дейін ауылшаруашылығы саласының өнімдерінің экспортын 2,3%-ға дейін арттыру;

- Ет өңдеу үлесін 40%-ға және сүт өңдеуді 40%-ға дейін арттыру [42];

Өңір дамуының әлеуметік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаты негізгі мәселелерді, тәуекелдікті, тежеу факторларын, бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіншіліктерін анықтаған басымдылықты SWОT-талдаулығымен анықталады. Ауданға SWОT-талдау кесте 16 көрсетілген.

Кесте 16

Орталық Қазақстанға SWОT-талдау

А басымдылығы

А басымдылығы

1

2

1.Химия, фармацевтика саласында, машина жасау, металл өңдеу саласындағы экономикалық потенциал бар.

2.Тау-кен өнеркәсібі дамуы үшін минералдық шикізат қоры негіз бола алады.

1.Өнеркәсіп дамуына байланысты энергия тапшылығы туындауда;

2.Салалық тепе-теңдіктің орнамауы: шағын бизнес пен өнеркәсіптің бірдей дамымауы;

3.Фармацевтика саласында ғана жоғары технологиялық және ғылыми негіз бар, басқа өнім шығаратын өндіріс жоқ.

Кесте 16 жалғасы

1

2

3.Аудандағы кездесетін ландшафттың түрлі болуы, соған байланысты туристтік нысандардың болуы; Ұлытау таулары, Қарқаралы таулы-орманы, Балқаш көлі;

B басымдылығы

1.Орналасуына байланысты транзитті потенциалы;

2.Сапалы білім беру үшін инфрақұрылымның, оқытушы- профессорлық құрамның жоғары деңгейде болуы;

3. Қалада және ауылдық аймақтарда мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету;

С басымдылығы

1.Жұмыссыздықтың деңгейінің төмендеп жатқаны;

2.Ауданда жан басына шаққанда астықпен, етпен, картоппен қамтамасыз ету жеткілікті деңгейде;

3.Шағын және орта бизнестің дамуы үшін инновациялық потенциалды кешен элементтерінің болуы

4. Құрылыс саласын жетілдіру үшін шикізат қорларының бар болуы

4.Ескірген технология.

5.Туристік инфрақұрылымның халықаралық талаптарға сай келмеу.

6.Онкологиялық,түберкүлез, БСК аурулардың жоғарғы деңгейі.

7. Өндіріс орындарында зақымдану, улану, өлімнің көптеп орын алуы;

8. ВИЧ/СПИД жоғарғы деңгейі.

9.Білім беру мекемелерінде

кадрлардың тапшылығы бар, оның ішінде орта білім беру мекемелерінде мамандар аз.

B басымдылығы бойынша:

1.Инвестиция көп болуына байланысты негізгі қорлардың азаюы;

2. Шикізаттарды өңдірудің төменгі деңгейі;

3.Қоршаған ортада көптеген қалдықтардың қалуы, экологиялық мәселе;

4.Дұрыс игерілмеген аудандардың бар болуы;

5. Ауылдарының жағдайының нашар болуы;

6.Егілетін дәнді-дақылдардың шығымының төмендеу; Жылына 0,43 т/га;

7.Медициналық және технологиялық жабдықтардың тозуы; (80%)

С басымдылығы бойынша:

1.Азаматтар үшін тұрғын үйдің қол жетімсіздігі;

2. Асқынған мәселелері бар өңірлердің болуы: Ұлытау, Ақтоғай, Қарқаралы аудандары.

3.Қалалық жерлердегі кәріз және су құбырлары жүйелерінің 70 пайыздан 100 пайызға дейін тозығының жетуі.

4.Кәсіптер мен мамандықтар бойынша еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі.

Кесте 16 жалғасы

1

2

5.Ауылдық мәдени нысандардың материалдық-техникалық базасының әлсіз деңгейі, мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі.

6.Жаңа модификация, лингафонды-мультимедиялық сыныптардың жетіспеушілігі.

Мүмкіншіліктері

Қауіптері

А басымдылығы

1.Ауданның экономикасын көтеруге

«Бизнестің жол картасы-2020», «Инвестор – 2020», «2020-Өндірістілік», «Экспорт – 2020» бағдарламаларының әсері өте зор.

2.Өнеркәсіпті дамыту негізінде аудандағы технологияны модернизациялауға мүмкіндік туады.

3.Аудандағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін және инновациялық белсенділікті арттыру үшін «Қарағанды өңірлік корпорациясы» және «UniSciеnTеch» технопаркінің әсері көп болады;

4.Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру. Жаңа жұмыс орындарын сонымен қатар ауылдарда да ашу.

5.Сыртқы және ішкі туризм бойынша туристік ағымдарды арттыру.

А басымдылығы

1.Өңірлік экономиканың салалық диспорциялығы мен технологиялық дамуында соңынан қалудағы ішкі нарыққа тәуелділікті ұлғайту.

2.Туристік ағымның санының азаюы;

3.Туризм саласында инвестицияның аз болуы;

B басымдылығы бойынша:

1.Кәсіптік білім беру жүйесінде диспорцияларды сақтау еңбек ресурстарында сұранысты қанағаттандыруға кері әсер етеді.

2. Жол шаруашылығы мен көлікті дамыту ағымдық деңгейін сақтау кезінде бәскелестік қабілетінің төмендеуі.

3. Әлеуметтік салада қаржыландыру жеткіліксіз болуы;

Нәтижелер: Орталық Қазақстан экономикалық ауданында минералды шикізат қорлары, маңызды табиғи потенциал, табиғи – рекреациялық ресурстары бар, білімі мен ғылыми дамыған , жоғары білімді мамандары бар аймақ болып табылады. Бірақ, осыған қарамастан аудан қазіргі таңда депрессия жағдайында. Себебі, негізгі табиғи қорлардың азаюы, жаңа геологиялық барлаулар жүргізілмеуі, экологиялық жағдайдың нашарлауы әсерінен аудан экономикасы вертикальді интеграция түрінде дамып жатқан 3 компанияның жұмысына тәуелді болып отыр. Соған байланысты қазіргі таңда адам потенциалын дамыту, экологиялық жағдайды және инфрақұрылымды дамыту негізгі мәселе болып отыр.