- •1 Орталық Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орны
- •1.1 Орталық Қазақстанның табиғаты және табиғи ресурстарына экономикалық географиялық тұрғыдан баға беру
- •2.1 Орталық Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендері бойынша табиғи өсім мен өлу динамикасына әсер етуші факторлар
- •Сурет 1. Орталық Қазақстан ауданының ұлттық құрамы картасы
- •1998-2012 Жылдары Қарағанды облысындағы халық санының өзгеруі [39]
- •2010-2013 Жылдардағы Қарағанды облысында жұмысқа жарамды жастар аралығындағы көші-қон [39]
- •2.2 Орталық Қазақстан ауданының экономикалық белсенділігі
- •Сурет 3. 2012-2013жж. Сыртқы көші-қон өзгерісі
- •Сурет 6. 2013 жылдың айлары бойынша ірі және орта кәсіпорындардағы бос орындар саны.
- •Сурет 7. Қарағанды облысы бойынша 2013 жылғы іі тоқсандағы жұмыспен қамтылған халықтың пайыздық өлшемі
- •2.5 Халықтың еңбек төлемі және тұтыну бағасының индексі
- •Сурет 9. 2011-2013 жылдардағы Қарағанды облысындағы инфляция
- •Сурет 10. Абай қаласының өнеркәсіптерінің жылдық табысы
- •2014 Жылдың 1 қаңтарында халық саны 51,1 мың адам және 2012 жылдан 1 % артқан.
- •2010–2013 Жылдар кезеңінде Шахтинск қаласының еңбек нарығында жағдай жұмыссыздық деңгейі төмендеуімен және экономикалық белсенділік деңгейімен сипатталады [42].
- •3.1 Орталық Қазақстанның экономикалық даму жағдайы және экономикалық даму бағыты
- •3.2 Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экологиялық жағдайының әлеуметтік-демографиялық жағдайға әсері
- •2013 Жылғы деректер бойынша кәсіпорындардың рұқсат етілген шектің (реш) көрсеткіштері[32]
2.5 Халықтың еңбек төлемі және тұтыну бағасының индексі
Азық-түлік тауарларына баға индексі қыркүйекте 100%-ды құрады, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 0,4 пайыздық тармаққа төмен. Жыл басынан бергі кезеңде баға 5,2%-ға өсті, бұл республика бойынша орташаға қарағанда 0,8 пайыздық тармаққа төмен [20,106].
Жыл басынан бері көкөніс – 13,9%-ға, кофе, шай, какао – 9,2%-ға, ет пен ет өнімдері, кондитерлік өнімдер – 8,8%-ға, жарма – 8,6%-ға, жемістер – 5,8%-ға, май мен тоң май – 5,7%-ға, қант – 5,5%-ға, балық пен теңіз өнімдері – 3,8%-ға, сүт өнімдері – 2,3%-ға, нан – 0,9%-ға, татымдылықтар 0,7%-ға қымбаттады. Темекі өнімдерінің қымбаттағаны 20,9%-ды, алкогольді ішімдіктердің қымбаттағаны 2,5%-ды құрады.
2013 жылғы қыркүйекте 2013 жылғы тамызбен салыстырғанда облыстың тұтыну рыногында тауарлар мен қызметтерге баға тұтас алғанда 0,7%-ға, 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 5,2%-ға өскенін сурет 9-дан көре аламыз.
Сурет 9. 2011-2013 жылдардағы Қарағанды облысындағы инфляция
Азық-түлік емес тауарларға баға индексі қыркүйекте 100,2%-ды құрады, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа төмен, жыл басынан бергі кезеңде бұл көрсеткіш 103,3%-ды құрады, бұл республика бойынша орташаға қарағанда 0,6 пайыздық тармаққа төмен. Жанар-жағар май материалдары 1,3%-ға қымбаттады, оның ішінде бензин – 1,2%-ға, дизельді отын – 2,3%-ға. Халыққа ақылы қызметтерге баға индексі қыркүйекте 102,1%-ды құрады, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 1,3 пайыздық тармаққа жоғары, жыл басынан бері – 106,8%-ды құрады, бұл республика бойынша орташаға қарағанда 1,3 пайыздық тармаққа жоғары.
2013 жылға қарағанда 2014 жылдың 4 айында теміржол және әуе жол жолаушы қызметтерінің қымбаттағаны байқалды (тиісінше, 27,4%-ға, 15,8%-ға және 6,7%-ға).
2.6 Экологиялық жағдайларға байланысты әлеуметтік демографиялық аудандастыру мәселесі
Орталық Қазақстан қалаларының саны бойынша республикада алдыңғы қатарлы облыстың қатарында. Көпшілік қалалары өнеркәсіптік қалалар, сондықтан олардың экологиялық жағдайлары бүгінгі таңда үлкен мәселені тудырады. Орталық Қазақстан қалаларын 4 қалалық қоныстану бойынша бөлуге болады:
50 мыңнан аз тұрғыны бар кіші қалаларға Приозерск, Сарань, Қаражал, Қарқаралы. Қалаларда қала халқының 20%-ы тұрады;
5 қала орта қалаларға, олар: Жезқазған, Балхаш, Сәтпаев, Шахтинск, Абай. Мұнда қала халқының 33,5%-ы шоғырланған;
Үлкен қалаға Теміртау жатады. Мұнда қала халқының үлес салмағы 16%;
Ірі қалаға Қарағанды жатады. Мұнда қала халқының 30,5%-ы тұрады;
Кәсіпорындардың шоғырлануына байланыста осы қалаларды тағы да төрт топ бойынша қарастыруға болады:
Кен өндіру орталықтары: Қаражал, Сәтпаев;
Көмір орталықтары: Қарағанды, Сарань, Шахтинск, Абай;
Химиялық шикізат орталығы: Шахан;
Құрылыс материалдар орталығы: барлық қалалар.
Өңдеуші өнеркәсіп орталықтары бар қалаларға: ауыр өнеркәсіп орталықтары Теміртау, Жезқазған, Балхаш; машина жасау орталығы – Қарағанды; жеңіл және тамақ өнеркәсібінің орталықтары – Қарағанды, Жезқазған, Балхаш, Теміртау.
Атқаратын іс-әрекеттеріне негізделіп қалаларды:
өндіру мен өңдеуші өнеркәсіп орталықтары;
өңдеуші және транспорт тораптарының орталықтары;
ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары (Абай, Қарқаралы);
курорт орталығы – Қарқаралы;
әкімшілік-мәдени, ғылыми білім беру, қаржы орталықтарды
деп бөлуге де болады;
Урбандалудың жоғары қарқынын қалалық агломерацияларда байқауға болады. Қалалық агломерациялық серіктес қалалар Сарань, Шахтинск, Абай және қалалық поселкелер Қарабас, Новодолинск, Топар, Апас, Долинка, Шахан, Токаревканы біріктіреді.
Қалалық елді мекендердің өсуі халық қоныстануының ең қарқынды формасы. Халық шаруашылығы салаларының дамуы елді мекендердің өсуіне, еңбек ресурстарының шоғырлануына мүмкіндік туғызды. Қалалар мен елді мекендердің дамуында көліктік инфрақұрылымының маңызы ерекше.
Теміржолдардың дамуы елді мекендердің арақашықтығына қарамастан қоныстанудың таралуына ықпалы зор болды. Орталық Қазақстанда өнеркәсіптің және халық қоныстануының таралуына ықпалы зор болды. Халықтың көп шоғырлануы Қарағанды мен Теміртауда, мұнда тығыздық 1 км – 7,4 адамнан, 2 қалада облыс халқының 40% , қала тұрғындарының 70% тұрады. Орта қалаларға Жезқазған, Балқаш, Сатпаев, Шахтинск қалалары жатса, мұнда тығыздық 1км – 3,5 адамнан, кіші қалалар Саран мен Қаражалда орташа тығыздық 5,6 адамнан болды. Ауылдық елді мекендер бойынша ең төмеңгі көрсеткіш Ұлытау ауданында 1 км – 0,2 адамнан және Ақтоғай ауданында 1км – 0,4 адамнан келді. Аймақтық қоныстану жүйесі – бұл аудан, облыс, әкімшілік орталық. Облыс орталығының жақындығы қала маңы елді – мекендерінің дамуына, халықтың қоныстануына, халық қоныстануының тығыздығына үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, Қарағанды қаласының облыс орталығы, ірі қала болуы өнеркәсіптік орталық болуының өзі қала маңы елді мекендердің, қалалық агломерациялардың дамуына, тығыздық артуына, бір сөзбен инфрақұрылымның дамуына да ықпалы зор. Орталық Қазақстанда инфрақұрылымның дамуы экологиялық қауіпті жағдайлардың туындауына да әсер етіп, әрбір әкімшілік ауданда бірнеше проблемалық залалдардың пайда болуын тудырады. Оны кесте 14-тен байқауға болады.
Кесте 14
Қарағанды облысының әкімшілік аудандары бойынша экологиялық жағдайлардың инфрақұрылымдық сипаты негізінде ареалдардың қалыптасуы
Әкімшілік аудандар |
Зона типтері |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Абай |
х |
х |
х |
|
х |
х |
Ақтоғай |
|
|
|
х |
х |
|
Бұхар жырау |
|
х |
х |
|
х |
|
Жаңаарқа |
|
|
|
|
х |
|
Қарқаралы |
|
|
х |
х |
х |
|
Нұра |
|
|
|
|
х |
|
Осакар |
х |
|
х |
|
х |
|
Ұлытау |
|
|
|
|
х |
|
Шет |
х |
|
|
|
х |
|
Мысалы, Абай ауданында – 1,2,3,5,6 зоналар
Ақтоғай, Бұхар жырау - 2,3,4,5
Жаңаарқа - 5
Қарқаралы - 3,4,5
Нұра - 5
Осакаровка - 1,3,5
Ұлытау - 5
Шет - 1,5
1 - зона бойынша – мұнай және газ құбырлары өтеді.
ЖЭО, ЖЭС орналасқан
Көпмагистральді ( автомобиль, теміржол, мұнай құбыры, газ құбыры)
Қарқынды рекреациялық пайдалану
Автомагистраль, транзит, жергілікті жолдар өтеді
Белсенді құрылыс, қалалық өмір сүру қалыптасқан.
3 Орталық Қазақстан экономикалық ауданындағы моноқалалар мәселесі
Моноқалалардың мәселесі тек қана бір ғана аймақтың мәселесі емес, ол барлық Қазақстан Республикасының мәселесі. Мәселе, осы моноқалаларда республиканың 17% халқы тұратындығы ғана емес, ол осы қалалар республиканың дамуына септігін тигізетіндей шамалары бар.
Моноқалаларды кей кезде моноөндірістік қалалар деп атайды, өйткені осы қалалар тар шеңберде мамандандырылған қалалар болып табылады. Осы қалалар үшін ірі өнеркәсіп орындарының жұмыс істеп тұруы маңызды.
Қазақстанда 27 моноқала бар, осы қалаларда 1,53 млн адам тұрады.
Моноқалалардың қоғамдық шүйеленіс орталығына әкелген себептер: инфрақұрылымның жойылуы, жұмыссыздықтың тез артуы, тұрғындардың кедейлене бастауы және қоғамдық өмірдің деградациясы.
Моноқалалардың мәселесін шешу үшін бірнеше теориялық шешімдер бар:
Біріншіден, қалыпты жұмыс істеп жатқан өндірістердің сыйымдылығына байланысты – оңтайландыру.
Екіншіден, қалалардың экономикасын дамыту, шағын және орта бизнесті дамыту, қала тұрғындарын жұмыспен қамту.
Үшіншіден, еңбек әлеуетін еңбек жұмылдырғыштығы арқылы арттыру.
Және де, қала тұрғындарының санын артуына байланысты әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жөндеу керек. Қалада тек қана өнеркәсіп жұмыспен қамтитын тұрғындар ғана қалады, ал қалғандары басқа дамып келе жатқан қалаларға көшіріледі.
Қазақстандағы моноқалалардың көпшілігі кеңес кезінде пайда болған. Қазақстан басқа да кеңес республикалары сияқты қазіргі кездің өзінде шикізат көзі болып табылады. Экономиканың шикізатқа бағытталуы осындай бір бағыттағы қалалардың пайда болуына әкелді, осы қалалардың мақсаты өнеркәсіптегі жұмыс орнын толтыру болып табылатын. Кеңес үкіметі кезінде осындай қалалар ерекше орында болатын, кеңес үкіметін қамтамасыз етіп отыр деп ерекше көңіл бөлетін [24].
Моноқалалардың мәселесі осы шикізаттардың азаюына байланысты туындады. Осыған байланысты көптеген моноқалалар күйзеліс алаңына айналды, қалалар экономикалық коллапс және әлеуметтік дағдарыс шегінде тұрды. Қазіргі кезде осы қалаларда тұрғындардың 30-дан 50 % жұмыссыз, әрине статистика бұл тұрғындарды жеке меншік иелері деп атайды. Бұл арине жалған. Сонымен моноқалалардың басты мәселесі экономиканың шикізатқа бағытталуы Қазақстан бұл бағыттан бас тартпағанға дейін бұл мәселе шешілмейді. Соған байланысты Қазақстан үкіметі 2012-2020 жылдар аралығындағы моноқалаларды дамыту бойынша жоспар жасады. Қалалардың мәселесін шешу үшін сонымен қатар тұрғындармен де келісе жоспар қабылдау керек.
Моноқалалар мәселесін шешу шет елдерде жолға қойылған. Мысалы: Германиядағы Рур қаласы 1980-2002 жылдар аралығында көмір кен қорының азаюына байланысты бұл қалада 500.000 адам жұмыстан шығарылды, осыған қарамастан мемлекеттің көмегімен дағдарыстан шықты. Бірақ, қызмет көрсету саласында 300.000 жұмыс орны пайда болды. Немесе атақты АҚШ Питсбург, ол қара металлургияның орталығы болған еді. Ол инновация орталығы болып, жаңа 200 жаңа оқу орнының ашылуына қол жеткізді.
Қазақстан Республикасындағы моноқалаларға қатысты жоспарда бірнеше кемшіліктер бар. Олар:
АҚШ және еуропа елдерінің тәжірибелерін ешқандай өзгертусіз көшіріп алып жатыр. Мысалғы, шынайы қарасақ көптеген моноқалалар тек қана туризммен және мәдени шаралардың көмегімен өмір сүре алмайды, себебі көптеген қалаларда мәдени және тарихи жүктемелер жоқ және де туристтік инфрақұрылым нашар дамыған.
Тұрғын үй бағасы нақты есептелмейді және де көшіп келушілер мен тұрғылықты тұрғындар арасында түсініспеушіліктер болып жатады.
Ал, Орталық Қазақстан ауданында 7 моноқала бар. Солардың бірі Абай қаласы. Абай қаласының 31 963 тұрғыны бар. Нарықтың қиын кезінде көптеген мекемелер мен кәсіпорындар жабылды. Бұрынғы 4 шахтадан біреуі ғана қалды. Басқадай кәсіпорындар мен құрылыс-монтаж ұйымдарының өнімдеріне сұраныс болмай қалды.
