Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shu_men_dyryl.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.34 Кб
Скачать

5 Кесте. Еңбек жағдайларының жұмыс орнындағы жергілікті және жалпы дірілдің деңгейіне байланысты кластары.

Фактор аты, көрсеткіш, өлшеу бірлігі

Еңбек жағдайларының кластары

Рұқсат етілген

Зиянды

Қауіпті (экстремальді)

3.1

3.2

3.3

3.4

ШРЕД-ң … дейін жоғарылауы

Жергілікті діріл.

Діріл жылдамдығының эквивалентті корректирленген деңгейі, дБ

 ШРЕД

3

6

9

12

12

Жалпы діріл.

Діріл жылдамдығының эквивалентті корректирленген деңгейі, дБ

 ШРЕД

6

12

18

24

 24

Сауықтыру шараларын құрастыру.

Санитарлық тексеру нәтижелері бойынша дірілдің қолайсыз әсерін төмендету бойынша шаралардың қажеттілігі туралы ұйғарым беріледі.

Оған: ұйымдастыру – техникалық шаралар, еңбек режимі мен демалысты оптимизациялау, жеке бас қорғаныс заттарын қолдану, емдеу-алдын алу шаралары.

Радикальді шараларға виброқауіпті құрылғыларды қолдануға тыйым салу және оны қолдану уақытын шектеуді жатқызуға болады. Діріл деңгейін ШРЕД –ден 12 дБ-ден көп тартатын қол инструменттерін қолдануға тыйым салынады. ШРЕД-ң жоғарылау жағдайында жеке бас қорғаныс заттарын міндетті түрде қолдану қарастырылады.

6 Кесте. Ауысымда жергілікті дірілдің әсер ету уақытының шред-ң жоғарылау мөлшеріне байланысты рұқсатталған жиынтығы

Жергілікті дірілідің ШРЕД жоғарылауы, дБ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жергілікті дірілідің ауысымдағы әсер уақытының рұқсат- талған жиынтығы

381

302

240

191

151

120

95

76

60

48

38

30

Виброқауіпті мамандықтар жұмысшылары үшін еңбек режимі еңбекті қорғау қызметімен құрастырылады және мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау мекемелерімен келіседі. Еңбек режимінде діріл тудырушы қол жабдықтарымен қатынас уақытымен рұқсатиталған жиынтығы, үзілістердіңұзақтығы және ұйымдастырылуы, жұмыстардың тізімі көрсетілуі керек. Регламенттелген үзілістер: біріншісінің ұзақтығы 20 мин (ауысым басталғаннан кейін 1-2 сағаттан соң) және екінші 30 минут (түскі ас үзілісінен кейін 2 сағттан соң) белсенді демалыс үшін, өндірістік гимнастиканың арнайы комплекстерін физиоем процедураларын жүргізу үшін, қарастырылған. Түскі ас үзілісі 40 минут кем болмау керек.

Дірілдейтін құрылғымен жұмыс кезінде дірілдің 1 реттік үзіліссіз әсерінің ұзақтығы 10-15 минуттан аспау керек. Еңбек режимінде дірілдің бір реттік үзіліссіз әсерінің ұзақтығының жеке келесі үзілістің қатынасы 1:1; 1:2; 1:3 тиімді.

Жергілікті дірілдің әсеріне ұшырағандар жылына 1 рет невропатологпен, отоларингологпен, терапевтпен қаралады, жалпы діріл әсеріне ұшырағандар (ШРЕД-н аспайтын) 2 жылда 1 рет мед қараудан өтеді аталған мамандармен және хирургпен, офтальмологпен.

Дірілдің ағзаға әсер етуі.

Еңбек ететіндерге дірілдің әсер етуіне баға беру үшін физиологиялық және клиникалық зерттеу әдістеріне жүгінеді және профессионалдіыемес ауруларға анализ береді.

Физиологиялық зерттеу әдістерінің ішінде палистиестезиметрия (дірілдік сезімталдық өлшеулер), альгезиметрия (ауыру сезімталдығын анықтау), стабилография (вестибулярлы анализатордық анықтау) динамометрия, электромиография, термометрия суық сынамамен, капилляроскопия, реовазография, сенсорлы жүйенің деңгейін анықтау, нерв бұлшық ет аппараттық және перифериялық қан айналымдар ең жиі патологиялық процеске ұшырайды.

Дірілдік сезімталдықты зерттеу тербелетін сандық камертондардың көмегімен жүргізіледі.128 немесе 256 тербеліс 1 мин ішінде. Сезімталдықты тексерген кезде өзгерістер байқалса дірілдің әлсіреген немесе уақыттың қысқарғаны сезіледі (гипостезия) немесе дірілге деген сезімнің болмауы (анестезия) камертонның.

Дірілдік сезімталдықты паллестезиометр арқылы тұра анықтайды. Науқас ІІІ немесе ІҮ оң немесе сол қол саусағын қояды, діріл ... ақырын қолын тигізеді: 3 вертикалды қатар бойынша кнопкаларды басады (-10,-5,-03 10 дб және ) діріл деңгейін анықтайды.

Дірілдік сезімталдықты тағы да уақыттың аралас порог (ВСП) мөлшерімен анықтайды, жұмыстан кейін және жұмысқа дейінгі кезеңдерді салыстырады. ВСП жиілікке және діріл деңгейіне байланысты.

ПСП жұмысшыларды жұмысқа дейін анықтайды. Егер порог нормадан жоғары болса, бұл сезімталдықтың төмендеуі және дірілдік зақымдалу белгілері болуы мүмкін.

Ауыру сезімталдығын анықтау түйрегіш инелерін дененің терісі аймағына, аяқтарға енгізеді. Нормада адам барлық инелерді сезеді. Сезімталдықтың өзгеруі болған кезде инелерді сезбеуі мүмкін (анестезия) төмендеуі төмендеуі (гипостезия) немесе жоғарылауы (гиперстезия) реакциясы.

Альгезиметр көмегімен ауырулық сезімталдықты анықтауға болады. Нормада: қалдық тыл жағы 0,26-0,38 мм, саусақ бороздкалары -0,76-0,86 мм, саусақ алақанды 0,2-0,55 мм.

Температуралық сезімталдықты анықтау. 1 пробиркада ыстық су (40 0С) екіншісіне суық (18-22 0С) алып денеге және аяқ-қолға симетриялық аймақтарға тигізеді. Нормада адам жақсы айыра білу керек. Сезімталдықтың бұзылуы анестезия, термогипостезия, кейде термогипостезия.

Перифериялық қан айналымның өзгеруін суық суды тигізген кездегі термометрия көрсеткіштерімен анықталады. Зерттеу тырнақ фалангтарының ІІ және ІІІ қол саусақтарына суыту арқылы 5 мин суық суда 27-31 0С болады, ақшылдықтың болуы жоғалады, қайта қалпына келу 20 мин ішінде болады. Температураның 18-200С төмендеуі, ақ дақтардың болуы немесе саусақтардың 2-3 фалангтар бүкіл ағаруы болуы, шамалы оң немесе айқын оң реакциясы болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]