
- •Бөлім 1. Есептің қойылымы
- •1.1.Есептің қалыптастырылуы
- •1.2. Бағдарламаның интерфейсіне қойылатын талаптар
- •Бөлім 2. Жобалау бөлімі
- •2.1. Пән облысын сипаттау
- •2.2. Дипломдық жұмыстың құрылымы. Алгоритмнің сипаттамасы
- •2.3. Қолданушы интерфейсінің ұйымдастырылуы
- •2.4. Жүйенің бағдарламалық орындалуы Титулды бет
- •Негізгі терезе
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық бөлім
- •Мамандығым – мақтанышым
- •Қазақстанның даму стратегиясы. Техника ғасыры
- •Қазақстан Парламенті
- •Қазақ өнері. Театрға саяхат
- •Біздің еліміздегі оқу жүйесі.
- •Қазақстанның көрікті жері
- •Презентациялар
- •Авторлар ұжымы
- •Пайдаланушыға нұсқау
- •Бөлім 3. Дипломдық жобаны орындаудың аспаптық құралдары
- •3.1. Қолданылатын операциялық жүйенің қысқаша мінездемесі
- •3.2. Бағдарламалау ортасының қысқаша мінездемесі Delphi – туралы жалпы мағлұмат
- •3.3. Бағдарламалық тілдің қысқаша мінездемесі
- •Бөлім 4. Эксплуатация «кәсіптік қазақ тілі» әдістемелік нұсқау
- •4.1. Аппараттық жабдықтарға қойылатын талаптар
- •4.2. Бағдарламашыға нұсқау
- •Бөлім 5. Экономикалық бөлім
- •5.1. Еңбек ақы қорының есебі
- •5.2. Жобаның техникалық қамтамасыздандыру шығындарының есебі
- •Бөлім 6. Қауіпсіздік ережесі мен еңбек қорғауға арналған іс-шаралар
- •6.2. Бағдарламашының жұмыс орнына қойылатын талаптар
- •6.3. Қауіпсіздік ережесі
- •6.4. Оқу мекелеріндегі квт жарықтану
- •6.5. Дербес компьютерде жұмыс жасау барысындағы өрт қауіпсіздігі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
6.3. Қауіпсіздік ережесі
Жұмысшының жұмыс уақыты кезіндегі міндеттері:
Берілген жұмысты орындау. Олар арнайы белгіленген міндеттермен тапсырылған жұмысты орындау керек.
Тәулікте жұмыс уақыты кезінде жұмыс орнын ұқыпты және таза ұстау.
Құрылғылар мен дербес компьютерлер жабдықталған желдету тесіктерін ашық ұстау.
Жылу беруді төмендететін бөтен заттармен жабдықтарды жаппау.
Біраз уақытта жұмысты орындауды тоқтату керек болса, барлық активті тапсырмаларды жабу.
Текстік информациямен жұмыс істеу кезінде ақ фондағы қара символдың физиологиялық режимін таңдау керек.
Көз бен экран арасындағы ара қашықтықты ұстау, ол 60-70 см болу керек, символдар мен алфавитті-цифрлік белгілердің өлшемін ескеру қажет, 50 см-ден жақын болмау керек.
Дербес компьютермен жұмыс істеуде мыналар рұқсат етілмейді:
Жүйелік блоктың артқы панеліне жақындауға;
Тоққа қосылып тұрған кезде, перифериялық құрылғылардың интерфейстік кабельдерінің разъемдарын ауыстыруға;
Монитордың, жүйелік блоктың, пернетақтаның, принтердің үстіне ылғал түсуін болдырмау;
Өз бетімен құрылғыларды ашуға, жөндеуге болмайды.
Жұмысшы дербес компьютерді қосуда келесі тәртіптерді сақтау керек:
Перефириялық құрылғыларды (принтер, монитор, сканер және тағы басқа) қосу;
Үздіксіз қоректену бұлағын (UPS) қосу;
Жүйелік блокты өшіру.
Дербес компьютермен жұмыс істегенде мыналар рұқсат етілмейді:
Қараусыз қосылған электр құрылғыларды қалдыру;
Дербес компьютермен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдарға беру;
Қорғаныс материалдарын шешуге;
Өшіруге арналған сымдарды қозғауға;
Компьютерді ауыстыру кезінде қосқышты саусақпен ұстауға;
Қосылу кабельдерін тартуға, айналдыруға, майыстыруға;
Кабельге басқа заттарды қоюға;
Ыстық және жылы заттардың кабельдерге тиюін болдырмау.
6.4. Оқу мекелеріндегі квт жарықтану
Желілік энергия көзінің табиғатына байланысты: ол қарапайым, жасанды және аралас жарық болып бөлінеді.
Қолдану түріне қарай жасанды жарық: жұмыстық, апаттық, эвакуациялық және қорғаныстық болып бөлінеді.
Апаттық жарық жұмыс жарығы кенеттен өшіп қалған жағдайда автоматты түрде іске қосылады да жұмысты аяқтауға мүмкіндік береді.
Эвакуациялық жарық апаттық жағдайларда адам өмірін сақтап қалу үшін және құнды бұйымдарды алып қалу мақсатында қолданылады.
Жүйелік жарық үшін келесі шарттар орындалу керек:
жұмыс орынында жарықтың біркелкі таралуы;
жұмыс орны мен қоршаған ортада жарықтың жеткілікті мөлшерде берілуі;
жарықтың тұрақтылығы;
жарық ағымының дұрыс бағытталуы;
электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы,
ұзақ мерзімділігі, қолданудағы қарапайымдылығы және ыңғайлылығы.
6.5. Дербес компьютерде жұмыс жасау барысындағы өрт қауіпсіздігі
Өрт – бақыланбайтын арнайы көзі бар заттардың жануы.
Электрлік жану бұл – токтың түйісуі (замыкание), электр жабдықтарына электр тогының көп әсері, найзағайдың болуы. Электр жабдықтарында өртті болдырмау себептері әртүрлі бағыттарда жүргізіледі:
токтың түйісуін алдын алу желілердің дұрыс монтажы мен эксплуатациясына байланысты.
Қорғанысты қолдануда автоматикалық өшіргіштер тез әсерлі реле және өшіргіштер пайдаланады.
Программистің жұмысы электр жабдықтарымен тікелей байланысты болғандықтан, оларды дұрыс қолданып үйрену және электр тогынан қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Солардың бірі - қорғау жерлендіру.
Сонымен қатар электр тогынан қорғаудың тағы бір әдісі бар, ол нольдендіру деп аталады. Нольдендіру – бұл арнайы электр байланысын нольдік қорғаныспен жалғау. Нольдік қорғаудың принципі бұл токтың түйісуін алдын алу, автоматикалық өшіргіштің тез қондырғыны желіден өшіру. Сонымен қатар әртүрлі электр тогынын әсерінен сақтайтын заттар пайдаланады. Қорғаныс заттар үш топқа бөлінеді: изолоцияланған, кедергіленген және сақтандырылған.
Изолоцияланған қорғаныс – адамды ток жүретін бөлшектерінен қорғау.
Кедергіленген қорғаныс - ток жүретін бөлшектерден уақытша сақтайтын заттарды пайдалану, олармен кездейсоқ түйісу немесе қауіпті арақашыққа жақындауды болдыртпау.
Қорғалған қорғаныс жұмысшының жеке желілік, жылулық және механикалық әсерлерден және жану өнімдерінен, электр алаңының әсерінен, биіктіктен құлауынан қорғанысы болып табылады.
Есептеу техникасы бар кабинеттерде өрт шығудың екі себебі болады.
Олар: электрлі және электрлі емес.
Электрлі – бұл қысқа тұйықталу, электр жабдықтарының және электр жүйелерінің ақаулығының болуы немесе артық ұшқындау.
Электрлі емес – жылыту жүйелерінің ақаулығы, дұрыс эксплуатацияланбауы.
Бөлмелерде өндірісте пайдаланатын керексіз қағаздар, бөтен заттар және қоқсық жиналмауы тиіс. Бөлмелерден қауіпті жағдайда шығатын қосалқы есік және өрт сөндіргіштер болуы тиіс. Бөлмелерде өрт сигнализациясы болуы тиіс. Егерде өрт болған жағдайда жақын өрт сөндіргіш бөлімшелеріне хабарланып, мүмкіншілігінше өртті сөндіруге шаралар тудыру қажет. Барлық ережелерді сақтау және еңбек қорғау нормасын сақтау жұмыс нәтижесін жоғарлатады.
Электр қауіпсіздігі
Программистің жұмысы электр жабдықтарымен тікелей байланысты болғандықтан, оларды дұрыс қолданып үйрену және электр тогынан қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Электр тогының әсері тірі ұлпаға әсері басқа материалдық факторлардың әсерінен ( бу, Биологиялық заттар, сәулелену т.б.) сансалалы және өзіне тән болады. Шын мәнінде электр тогы адам ағзасынан өткен кезде термиялық және электролиттік әсер беріп, тірі және өлі материяға тән физика-химилық үрдіс болып табылады, сонымен қатар электр тогы биологиялық әсер ететін, тек қана тірі ұлпаға тән ерекше спецификалық үрдіс.
Термиялық әсер – дененің әр бөліктерінің күйюі, жоғары температураның әсерінен қан тамырлары, жүйкелері, жүрек, ми және басқа мүшелердің күрделі функцияналдық өзгерістеріне ұшырауы.
Электролитикалық әсер – органикалық сұйықтықтың ыдырауы сонымен қатар қанның да, бұл физика-химилық құрамның өзгеруін тудырады.
Биологиялық әсер – ағзаның тірі ұлпаларының тітіркендіруіне және ішкі биоэлектрикалық үрдістердің өзгеруіне, дұрыс жұмыс жасап жатқан ағзаның және өмірлік функцияларымен тығыз байланыста болатын. Электр тогының тірі ағзаға әсерінің нәтижесі болып орталық жүйке жүйесінің өзгеруі, қанның құрамының өзгеруі, бөлінетін жылудың әсерінен болатын жүрек пен өкпенің жұмысының бұзылуы және т.б.
Қоршаған ортаны қорғау
Біздің елдің конституциясына сәйкес мемлекеттік жүйе қалыптасқан. Бұл жүйеде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, басқаратын құжаттары болып жер, су, орман, жер қайнауы, атмосфералық ауаны сақтау, өсімдік және жануарлар әлемін сақтау заңдылықтары табылады.
Атмосфера ауасын қорғау
Қазақстанда ауа бассейнін қорғауды жариялайтын негізгі заңды құжат болып «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңы табылады. Заңға сәйкес атмосфералық ауаны ластайтын заттардың шектеулі рұқсатты концентрациясы нормативі тағайындалған. Сонымен қатар зиянды заттардың қоспаларының рұқсатты концентрациясы нормативі тағайындалған. Бұдан басқа, заңмен бір жүйеге келтірілген атмосфералық бассейннің қорғау мемлекеттік бақылауы тағайындалған.
Есептеуіш техника кабинеттерінде өндірістік ортаның метео жағдайлары.
ДЭЕМ мен жұмыс істеу кезінде жұмыс орында ауа температурасы көтеріліп және ауа ылғалдылығы төмендейді, ауаның сапалық және иондық құрамы нашарлайды, құрамында көмір қышқыл газы және органикалық заттар көбейеді. Ауа құрамында көрсетілген заттардың бірнеше рет жоғарлауы рұқсатты концентрациясынан көрсеткіштерінен аспауы керек. Осы себепке байланысты келесі оптималды микроклимат параметрлерін сақтау керек, ауа температурасы 18 ден 21 Целсия бойынша аспауы қажет. Ауаның қатынасты ылғалдылығы 55-62%, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,1м/c. Ауа алмасудың басқа жолы болып терезелерде автономдық БК-1500 типтегі кондиционерлер қондылғыларын орнату болып табылады. ЭЕМ жұмыс жасау кезінде өте маңызды болып сәулемен қамтамасыз ету болып табылады. Сәуленің жұтылуын төмендету үшін қабырға мен төбе (1.5-1.7 м.), егер олар дыбысты сіңіру материалдармен өнделмеген болса, оларды ақ су эмульсиялық бояумен (шашырату коэф. 0,7 төмен болмауы қажет) боялады. Қабырғаны бояуға көбінесе ашық түсті бояуларды пайдаланады. ДЭЕМ жұмыс жасайтындар экранда шамдардың сәулесінің шашырауын көрмеуі тиіс. ДЭЕМ жұмыс жасау кезінде сәуле сол жақтан түсуі тиіс. Ол оң немесе арт жақтан түспеуі керек.
Экранмен көздің арасындағы арақышықтық 60-70 см болуы тиіс, 50 см жақын қарауға болмайды.