
- •Бөлім 1. Есептің қойылымы
- •1.1.Есептің қалыптастырылуы
- •1.2. Бағдарламаның интерфейсіне қойылатын талаптар
- •Бөлім 2. Жобалау бөлімі
- •2.1. Пән облысын сипаттау
- •2.2. Дипломдық жұмыстың құрылымы. Алгоритмнің сипаттамасы
- •2.3. Қолданушы интерфейсінің ұйымдастырылуы
- •2.4. Жүйенің бағдарламалық орындалуы Титулды бет
- •Негізгі терезе
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық бөлім
- •Мамандығым – мақтанышым
- •Қазақстанның даму стратегиясы. Техника ғасыры
- •Қазақстан Парламенті
- •Қазақ өнері. Театрға саяхат
- •Біздің еліміздегі оқу жүйесі.
- •Қазақстанның көрікті жері
- •Презентациялар
- •Авторлар ұжымы
- •Пайдаланушыға нұсқау
- •Бөлім 3. Дипломдық жобаны орындаудың аспаптық құралдары
- •3.1. Қолданылатын операциялық жүйенің қысқаша мінездемесі
- •3.2. Бағдарламалау ортасының қысқаша мінездемесі Delphi – туралы жалпы мағлұмат
- •3.3. Бағдарламалық тілдің қысқаша мінездемесі
- •Бөлім 4. Эксплуатация «кәсіптік қазақ тілі» әдістемелік нұсқау
- •4.1. Аппараттық жабдықтарға қойылатын талаптар
- •4.2. Бағдарламашыға нұсқау
- •Бөлім 5. Экономикалық бөлім
- •5.1. Еңбек ақы қорының есебі
- •5.2. Жобаның техникалық қамтамасыздандыру шығындарының есебі
- •Бөлім 6. Қауіпсіздік ережесі мен еңбек қорғауға арналған іс-шаралар
- •6.2. Бағдарламашының жұмыс орнына қойылатын талаптар
- •6.3. Қауіпсіздік ережесі
- •6.4. Оқу мекелеріндегі квт жарықтану
- •6.5. Дербес компьютерде жұмыс жасау барысындағы өрт қауіпсіздігі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Білім беру орындарында оқу үрдісін бүгінгі күнге лайықтап өзгерту – заман талабы. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның тиімділігі – келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасауында.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.
Ақпараттық технологиянының негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету.
Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.
Адамзат дамуының қазіргі деңгейі идеяны үлкен байлыққа, ал білім мен ақпаратты мықты қаруға айналдырғанын көріп отырмыз. «Білекті бірді жықса, білімді мыңды жығар», «білімдінің алды – жарық, білімсіздің алды – көң шарық» деген еді қазақ атамыз. Осы сөздің шынайы іске асуының нағыз заманы енді келді ғой деп ойлаймыз. Өйткені қазіргі заманғы технологиялар оларды игере алған адамдардың қолын бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ұзарта түсті. Сөйтіп білім мен ғылым және оларды туындатқан технологиялар әлемдік дамудың және әлемдік экономикалық қатынастарға зардапсыз интеграциялаудың негізгі локомотивтеріне айналды.
Кәсіби қазақ тілін оқытуда отандық әдіскер-ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдары, оқытудың жаңа технологияларына байланысты зерттеулер мен жинақталған тәжірибелер, қазақ және шетел тілдерін кәсіби бағытта қатысымдық қырынан оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми зерттеу еңбектер, қазақ тіл білімі, педагогика, психология ілімдерінің
жетістіктері басшылыққа алынады.
Пәнді оқыту барысында баяндау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, жинақтау, сараптау, бақылау, қорытынды жасау әдістері қолданылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 маусымдағы 261 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі ҚР МЖМБС).
Базалық пәндер циклының міндетті компонентіне 2 кредиттен кем емес көлемдегі «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәні кіреді. «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік кафедраларға бекітіледі.
Жаңа МЖМБС-қа байланысты Академияға 2012 жылы қабылданған тыңдаушылардың оқу жұмыс жоспарына жоғарыда аталған пәндер базалық пәндер циклының міндетті компоненті ретінде 2 кредит көлемде кіріп, 5, 6 семестрлерге жоспарланды.
Қазіргі таңда кафедра тарапынан аталған пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер (бұдан әрі ОӘК) дайындалуда.
Оқу-әдістемелік кешендер дайындауға байланысты лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік ғылыми еңбектерге шолу жасалынды.
Академия тыңдаушыларына арналған олардың мамандығына қатысты кәсіби тіл минимумы
Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесін Delphi ортасында құру, қолданушыға ыңғайлы түрде өңдеу және программалауда тиімді пайдалану жолдарын көрсету. Осы мақсатқа жету үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:
Delphi программалау тілін терең оқып үйрену;
Арнайы оқулықтармен танысу;
Delphi ортасында «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесін жасау үшін қажетті компоненттерді, олардың қасиеттерін оқып үйрену;
Delphi-де «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесін құру.
Жұмыстың жаңашылдығы: әдістемелік нұсқау жүйесінің қазақ тіліндегі нұсқасының жасалынып шығуы.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттерден және қосымшадан тұрады .
Бөлім 1. Есептің қойылымы
1.1.Есептің қалыптастырылуы
Менің дипломдық жұмысымның шарты «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау үрдісін жеңілдететін, мазмұны көрнекті және максималды түрде ұғынуға және еске сақтауға септігін тигізетін, дәстүрлі оқулықтара қарағанда оқушының есту және көру қабілетін жандандырып сабаққа қызығушылығын арттыратын, интуитивті түсінікті, әрі қолданысқа ыңайлы автоматтандырылған оқулық жүйесін құру . Әдістемелік нұсқау «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығына арнайы құрастырылу керек.
Бұл шартты орындау үшін әдістемелік оқулық жүйесін құруды мындай кезендерге бөлуге болады:
Бастапқы кіріс материалдарын жинақтап, қолданысқа тағайындау.
Қолдағы ақпаратты толықтыру немесе өзгерту.
Материалды енгізу.
«Кәсіптік қазақ тілі» пәніне арналған әдістемелік нұсқауы бұл негізінен баспалық басылымдарды толықтыратын жаңа ақпаратпен қамсыздандыруға, жеке - жеке дара оқытуға және де оқу барысында қолданушының алған білімдерін тест көмегі арқылы тексеруге арналған педагогикалық бағдарламалық құрылғы [8].
Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы
Кіріс құжаттары: сабақ, бейне материалдар, грамматика, презентация, сөздік, тестілік тапсырмалар, авторлар ұжымы, пайдаланушыға нұсқау, интернет қоры.
Шығыс құжаттары: Әдістемелік нұсқау жүйесі, сабақтар, тест, дыбыстық және бейне материалдар, веб - беттер.
1.2. Бағдарламаның интерфейсіне қойылатын талаптар
Берілген дипломдық жобаның интерфейсі қолданушы интерфейсінің орындалу принципіне сәйкес орындалуы шарт.
Бағдарлама берілгендер мен командаларды әртүрлі тәсіл арқылы (пернелер тақтасы, тышқан, басқа да құрылғылар) енгізу мен қосымша функцияларға деген көпнұсқаулық (“ыстық пернелер”, мәзір..) мүмкіндігін беру керек, сонымен қатар бағдарлама терезеден терезеге, режимнен режимге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Яғни нақтырақ айтқанда интерфейсте қолданушының сана сезіміне кері әсерін тигізетін элементтердің болмағаны жөн. Онымен қоса ол келесі жағдайларды дұрыс өңдеуі қажет: басқа аппараттық (бағдарламалық) платформаға ауысқанда қолданушы интерфейсі мен соңғы қосымшаның ауысуы автоматты түрде орындалу[11].
Қолданушы интерфейсін құрудың көпдеңгейлі ұйымы досшыл құрастырылған. Досшыл интерфейс сөзінің мағынасы интерфейстердің қасиеттер жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Ол қолданушыға бағдарламамен жеңіл жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл қасиеттерінің кейбіреулерін атап шығайық:
қолданушыға түсінікті терминдерді, белгілерді және суреттерді қолдану1;
жүйелік анықтаманың бар болуы;
қолданушының қателіктеріне сыпайы қарау;
интерфейсті қолданушыға қарап жасау керек (білім деңгейіне байланысты).
Интерфейс шешімдері үш этапқа бөлінеді[12]:
физикалық. Есептеуіш жүйелерінің техникалық құрылғыларымен ассоциялайды (перне тақтада пернелердің орналастырылуы, тышқанның функциялары, дисплейдің графикалық және түстер сұранысы);
синтаксистік. Қосымша мен қолданушы арасындағы сұқпаттың шегінен ақпаратты көрсетуді реттеу;
семантикалық. Қолданушы интерфейсінің элементтерінің мағынасымен байланысты.
Қолданушы интерфейсінің жалпы талаптарына:
унификациялау;
досшыл;
нақты үнсіз жағдайда параметрлерді анықтайды. Мәтін орнына пиктограмманы реализациялауға, командаларды жедел енгізу әдісінің көмегінен тұрады;
баптау құрылғыларының көмегімен берілетін иілгіштік;
сұхбатты құрылғыларға бөлу, яғни қолданушы интерфейстерінің компоненттерін қиындық деңгейлеріне бөлу;
қолданушының қателіктерін табу және оларды өзгерту мүмкіндігі, яғни қате әрекеттерді алып тастау мүмкіндігі.
Қолданушы интерфейсінің концептуалдық проекциялау негізгі есептеулердің шешімдерін құрайды:
терезелердің құрылымын және атрибуттарын анықтау;
ақпараттардытағайындаудың сызбасын өңдеу;
оқу материалдарының навигациялығын беретін қолданушы интерфейсінің құрылғыларын анықтау;
сұхбат сызбасын өңдеу;
қолданушы интерфейсінің басқару элементтерінің жиынтығын анықтау;
қолданушы интерфейсінің баптау параметрлерін белгілеу.
Терезелердің негізгі атрибуттарына:
басты көлемдер мен орналастырылуы (терезені шақырған кездегі жоғарғы сол жақ бұрыштың өлшемі).