
- •Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі алматы технологиялық университеті «тағамдық биотехнология» кафедрасы
- •III.Қорытынды
- •IV.Пайдаланылған әдебиет
- •1.Алтын диірмен корпарациясының тарихы.
- •2.Өндірілетін өнімнің ассортименті:
- •3.Цехтағы негізгі құрал-жабдықтар.
- •Қорытынды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі алматы технологиялық университеті «тағамдық биотехнология» кафедрасы
Есеп Беру
Оқу практикасын өткізу
Орындаған студенттің
тобы (тобы) (қолы,аты-жөні,тегі)
Кәсіпорын тарапынан
тәжірибе жетекшісі (лауазымы) (қолы,аты-жөні,тегі)
МП
Университет тарапынан
тәжірибе жетекшісі (лауазымы) (қолы,аты-жөні,тегі)
МП
Алматы,2014
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Алтын диірмен корпарациясының тарихы.
2.Өндірілетін өнімнің ассортименті.
3.Цехтағы негізгі құрал-жабдықтар.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
1.Алтын диірмен корпарациясының тарихы.
1-сурет.«Алтын диірмен» корпарациясының бас директоры Маралов Әділмырза Бейсебайұлы»
Маралов Әділмырза Бейсебайұлы 1954 жылы Қазақстан Республикасы Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз қаласында) жұмысшылар отбасында дүниеге келді.Жамбыл жеңіл және тамақ өндірісі технологиялық институтын тамамдады.Еңбек жолын 1970 жылы Жамбыл шарап өндіру зауытында слесарь болып бастайды.Кейін институтты бітірген соң Жамбыл облысының нан өнімдері басқармасының техникалық бөлім инженері,Берлик нан қабылдау кәсіпорнында бас инженері;1981-1983 жылдары Шу горком партиясының транспорттық-өндіріс бөлімінің инспекторы;1983-1989 жылдары Шу нан өнімдері базасының директоры қызметін атқарды.1989 жылдың тамыз айында Алматы нан өнімдері комбинатының директоры болып тағайындалады.1992 жылы маусым айында Маралов басқарып отырған кәсіпорын «Алтын диірмен» ААҚ болып жекешелендірілді.2006 жылы маусымда ашылған «Алтын диірмен» ААҚ-ы «Алтын диірмен Корпарациясы» АҚ болып өзгертілді.Бүгінгі күні Маралов осы өнеркәсіптің Директорлар Кеңесінің қызметін атқарады. Жаңашыл, прогрессивті технологиялар мен оларды енгізу жолдарын зерттеп,1998 жылы диссертация қорғап,техникалық ғылымдар Кандидаты ғылыми атағын алады.
Алтын диірмен Алматы қаласындағы акционерлік өнеркәсіптік корпорациясы.Ұн, нан, макарон, құрама жем, құс еті және шұжық өнімдерін өндіреді. 1932 жылы астық қабылдау орны ретінде ашылған. Кейін ұн комбинаты болып аталды. 1992 жылы акционерлік корпарация болып қайта құрылды. Корпарация бұрынғы ұн және құрама жем өнімдерімен бірге өзге де азық-түлік түрлерін шығара бастады. Кәсіпорынның 2 құс фабрикасы бар, қосалқы шаруашылығында қой, жылқы, ірі қара және шошқа өсіріледі; егістік жерінде жүгері, бұршақ, арпа егіледі.
«Алтын диірмен» корпорациясы еліміздің ғана емес, көптеген шетелдерге отандық өнім шығарып отырған ілгерінді кәсіпорын. Бүгінде бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағытында нақты бағдарламаларды іске қосқан кәсіпорын жұмысына Мемлекет басшысы өзінің лайықты бағасын берген. 1997 жылы Елбасы өндіріс орнымен танысып, мұнда қолға алынған жұмыстарға оң баға берген. Дәл осы жылы 26 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция корпорация жанынан жаңа кәсіпорындардың ашылуына жұмсалған. 1992 жылы «Алтын диірмен» сауда белгісіне өзгертілген. Бүгінде бұл корпорацияда 8755 мыңдай адам еңбек етеді. Корпорацияның жылдық тауар айналымы 4 млрд. Теңгені құрайды. Кәсіпорын 6 өндірістік бағытта жұмыс істейді. Сондай-ақ корпорация өнімдеріне шетелдерден де сұраныстар көп келеді екен. Мысалға айтатын болсақ Қырғызстан, Ауғанстан, Өзбекстан елдері біздің отандық өнімдерді алуға ұсыныс білдіруде. Бұл корпорацияда "Бюллер" және "Миве" герман фирмаларының құрал-жабдықтары бүгінде жоғары сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Нан зауытында жылына 10 800 тоннаны құрайтын өнім шығарылады. 300 адам еңбек етеді. Бүгінде корпорацияның "Әділ" сауда белгісімен шығарылатын кондитерлік өнімдері тұтынушылар тарапынан зор сұранысқа ие. "Алтын диірмен" корпорациясы ұжымы бүгінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолға алған игі бастамаларға қолдау білдіре отырып, мемлекеттік бағдарламалардың кешенді жүзеге асуына, еліміздің гүлденіп, дамуына барынша үлес қосуда.
Нан комбинатының жобасы әртүрлі формадағы нандарды шығаруға негізделген болатын. Комбинаттың жобалық қуаттылығы 163 тонна/тәулік құрайды, оның ішінде:
-Нан өнімдері 142 т/т
-Баранка өнімдері 21 т/т.
Ал негізгі комбинаттың өнімділігі 133,4 тонна/тәулік. 2001 жылдың орташа тәулік өнімділігі 70,6 тонна құраған болатын, онда өнімділіктің қуатын қолдану деңгейін 52,9% құрады.
Ал енді корпорацияның өндірістік құрылымдарына келетін болсақ Алматы ұн комбинатында 700 адам еңбек етеді. Жылына 90 000 тонна ұн шығарады. Ал макарон фабрикасында 800-ге жуық адам жұмыс істейді. Жылына 18 000 тонна макарон өнімдерін шығарады.