Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tiski_i_napilniki_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
528.76 Кб
Скачать

Металлкескіш станоқтың телімінің жабдығының мінездемесі

Жабдық атауы

Жабдықтардың атқаратын қызметтері

Техникалық мінездемелер

1

2

2

Фрезерлік

фреза дөңесболса, ондаөңделетін бет ойысболыпшығадыжәнекерісінше.

жазықбеттерді, оймаларды, жарықшалардыөңдеу үшін қолданылады

Төлке өңдеу

Төлке, диск, сақинатетіктері.

Шпонкалыойықтар мен терендетіпөңдеугеарналғанфрездер.

Бұрандалы ойма

Үшбұрышты ойма және ойманың сапасын анықтау.

Қолдың көмегімен бұрандалы оймаларды жасауда қолданылатын құралдар. Кескіштер көмегімен сыртқы және ішкі оймаларды жасау.

Полимерлік материалдың өңдеуінің телімінің жабдығының мінездемесі

Жабдықатауы

Жабдықтардың атқаратын қызметтері

Техникалық мінездемелер

1

2

3

Термопластавтомат-250

250 ТВ қалыбының термопластавтоматы түрлі азықтық өңдеу үшін 350°С қысыммен дайындалады.

Шнек диаметрі-63/80мм

Бүріктеу қысымы-198/123 МПа

Бүріктеу жылдамдығы-321/518 см3

Пластикацияның алымдылығы-170

Арақашықтығы-500*500

Обогрева алымдылығы-20Квт

Масса-76Кг

Термопластавтамат-125

125ТВ қалыбының термопластавтоматы түрлі азықтық өңдеу үшін 350°С қысыммен дайындалады.

Теориялық бүріктеудің көлемі-363см3 Шнек диаметрі-52мм

Бүріктеудің диаметрі: 187МПа  Арақашықтығы-21 Жылдамдығы-170км/см

Термопластавтамат-63

63ТВ қалыбының термопластавтоматы түрлі азықтық өңдеу үшін 350°С қысыммен дайындалады.

Шнек диаметрі-36мм

Қысымы-140Мпа

Жылдамдығы-75км/см

Арақашықтығы вертикаль жағынан-250

Горизанталь-30

Ұзындығы-1900

Қолданбалы- жабдықтың технологиялық мүмкіндіктері

Станоктың түрі

орындауоперациялары

аспаптың атауы

бөлшектің атауы

өңдеулі дайындаманың габаритті өлшемдері, мм

Диаметр,d

Ұзындығы,l

Ені, b

Биіктігі, h

өлшеушінің аааспабы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Өзіндік жұмыс

БАЛҚЫТЫП БІРІКТІРУ

Балқытып біріктіру, пісіру – металл бұйымдарды балқу температурасына дейін қыздыру немесе пластикалық күйге дейін келтіру арқылы бір-бірімен біріктірілетін денелердің аралығында атомаралық (молекулааралық) байланыстардың түзілуі нәтижесінде оларды ажырамайтындай етіп біріктіретін технологиялық процесс. Металдар мен қорытпалар, сондай-ақ пластмасса, шыны, керамика және әр текті металдар балқытып біріктіріледі. Балқытып біріктіру кезінде қыздыру көздерін пайдаланып біріктіруге кері процесс те (мысалы, металдарды отпен немесе термиялық кесу) жүзеге асырылады. Балқытып біріктірудің қарапайым тәсілдері біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7 мыңыншы жылдары белгілі болған. Мысалы, Мысыр пирамидаларынанқалайымен біріктірілген алтын бұйымдар, ал Помпей қаласын қазу кезінде жапсарлары біріктірілген қорғасын су құбырлары табылды. Оларда қосылатын бөлшектер алдын ала қыздырылып, одан әрі бір-біріне жанши отырып біріктірілген не қыздырылған бөлшектердің арасына балқыған металл құйылған. Ал темір мен оның қорытпаларынан жасалған бұйымдар ұсталық көрікте «шоқтануға» дейін қыздырылып, одан әрі олар бір-біріне соғу арқылы біріктірілген. 19 ғасырдың соңына дейін тек осы екі тәсіл ғана іс жүзінде кеңінен таралды. Балқытып біріктірудің жылдам дамуына 1802 жылы орыс ғалымы Василий Петров ашқан электр доғасы (доғалық разряд) себепші болды. 1882 жылы орыс инженері Николай Бенардос балқымайтын электродпен (көмір немесе графит) балқытып біріктіру тәсілін, ал 1888 жылы орыс инженері Николай Славянов балқитын электродпен балқытып біріктіру тәсілін ұсынды.

1949 жылы электр шлагымен балқытып біріктіру тәсілі Украинада Электрлік балқытып біріктіру институтында жасалды. Осы институтта академик Евгений Патонның жетекшілігімен флюс қабаты астында және ғарыш кеңістігінде балқытып біріктіру жұмыстары жүзеге асырылды. 20 ғасырдың 50-жылдарының аяғында Францияда металдарды тығыз электрондар шоғының көмегімен балқытып біріктіру тәсілі, ал соңғы жылдары балқытып біріктіру процесінде оптикалық кванттық генератор-лазер пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта балқытып біріктірудің алпыстан астам тәсілдері бар. Қосылыс аймағындағы материалдардың физикалық күйіне байланысты балқытып біріктірудің барлық тәсілдерін шартты түрде: балқыту арқылы балқытып біріктіру және қысым арқылы балқытып біріктіру деп бөлуге болады.

Балқытып біріктіру тәсілдерінің ішінде пісірілген жапсар сапасының жоғарылығына, қарапайымдылығына, т.б. қарай электр доғасымен балқытып біріктіру ең көп тараған. Электр доғасымен балқытып біріктіру тәсілінде металды қыздыруға қажетті жылу электродтан немесе электрод пен металл арасында түзілетін доғадан алынады.

Электр доғасымен балқытып біріктіруде балқитын және балқымайтын электродтарқолданылады. Балқымайтын электродтардың (көмір, графит, вольфрам) диаметрі 5 – 30 мм, ұзындығы 200 – 300 мм болып жасалады және ол металды тұрақты токпен балқытып біріктіру кезінде пайдаланылады. Балқитын электродтар металдың химиялық құрамына, пайдалану мақсатына, т.б. сәйкес болат, шойын, мыс, жез, қола, т.б. металдар мен қорытпалардан жасалады. Олардың ұзындығы 300 – 450 мм, диаметрі 1 – 12 мм болып, жалаңаш және сырты қапталған түрлерге ажыратылады. Металды терең балқытып біріктіру тәсілінде электродтың сыртқы беті балқу температурасы жоғары қабатпен қапталады. Үш фазалы токпен балқытып біріктіруде ток көзінің екі фазасы параллель екі электродқа, үшіншісі металға жалғанады. Екі электрод пен металдың және электродтардың өз арасында үш доға пайда болады. Доғаның бірі сөнсе де, қалған екі доғаның балқытып біріктіру мүмкіндігі бар. Сондықтан оның еңбек өнімділігі жоғарырақ болады. Қорғағыш газ қабаты астындағы балқытып біріктіру тәсілінде газ балқыған жапсардың атмосферамен жанасудан және металды тотығудан сақтайды. Қорғағыш орта ретінде аргон, гелий, сутек, т.б. газдар пайдаланылады. Электр шлагымен балқытып біріктіру тәсілінде қажетті жылу мөлшері электр өткізгіш шлакпен ток өткізу арқылы алынады. Бұл тәсілмен қалыңдығы әр түрлі гидравликалық турбина, жоғары қысымды бу қазандары, мартен пешінің қаңқасы, т.б. күрделі әрі ірі бұйымдар балқытып біріктіріледі. Қысым арқылы (қыздырылып немесе қыздырылмай) балқытып біріктіру кезінде біріктіретін бөлшектердің материалдары сырттан қысушы күштердің әсерінен деформаланып, берік қосылыс түзеді. Қысым арқылы балқытып біріктірудің түйіспелік, конденсаторлық, ультрадыбыстық, диффузиялық, т.б. тәсілдері бар. Балқытып біріктірудің қажетті тәсілі біріктірілетін материалдардың физикалық-химиялық қасиеттеріне, қосылатын бөлшектердің қалыңдығына және қосылыстың құрылымына, т.б. қарай таңдап алынады. Балқытып біріктірудің өнеркәсіпте алатын орны орасан зор. Ол металды және басқа да қатты материалдарды өңдеумен айналысатын барлық өндірісте кеңінен қолданылады. Көптеген балқытып біріктіру

Пісіру - машиналар, құрылғылар және ғимараттардың бір-бірімен жалғастырылатын бөлшектерінің түйісетін жерлерінде жалпы қыздыру немесе пластикалық деформациялау арқылы олардыңатомдарын өзара кіріктіріп, бөлінбейтіндей тұтастыру процесі.Пісіру - машиналар, құрылғылар және ғимараттардың бір-бірімен жалғастырылатын бөлшектерінің түйісетін жерлерінде жалпы қыздыру немесе пластикалық деформациялау арқылы олардыңатомдарын өзара кіріктіріп, бөлінбейтіндей тұтастыру процесі.

Электродоғалы пісіру, доғалы пісіру (ор. электродуговая сварка, дуговая сварка) - пісірілетін (негізгі) металмен электродтың арасында пайда болатын электрдоғалы бәсімділік арқасында электрод болып жікті сұйық металмен толтырып қосылатын тетіктерде ажырамайтын байланысты қалыптастыру. Бұл тәсілді балқыйтын электродымен пісіру дейді. Сонымен қатар электрдоғалы пісірудің балқымайтын электродпенкөмірлі, графитті, вольфрамды тәсілі болады. Бұл тәсілде доғаның аумағына жіектерді қалыптастыратын қосымша метал беріледі. Электродроғамен пісірудің негізгі түрлері: қапталған электродпен пісіру, флюс астында пісіру, қорғайтын газдар орталығында пісіру.

Доғалы пісіруге және балқытып қаптастыруға арналған автомат (Автомат для дуговой сварки и наплавления) — электрдоғасы қуаты мен пісіруді және балқытып қаптастыруды жүргізетін аппарат. Автоматты пісіруде электрдоғасы флюс қабатының астында жалындайды. Бастапқы пісіру автоматтары электрод сымның пісіру аумағында үздіксіз келтірілуін, флюстің келтірілуін, электрдоғасының жалындауын, доғаның пісіру жігі бағытында тұрақты жылдамдықпен жылжуын (пісіру жылдамдығы), пісіру аяқталуында балқыма ойықты толықтыруды және доғаны сәндіруді іске асыратын, сондай-ақ доға тоғы, кернеуі, пісіру жылдамдығының тағайындалған шамасы белгілі дәлдікпен тұрақты қамтамасыз етілетін аппа-рат. Қазіргі пісіру автоматгары жоғарыда айтылған көрсеткіштерге қосымша пісіру ереже көрсеткіштерінің ауытқуын анықтап, оны автоматты түзетуді іске асырады. Сондай-ақ пісіру желісінің қалыптасуын оператордың дисплейде көріп отыруына, пісіру ережесі параметрлеріне қажетті түзетулерін автоматты енгізуге мүмкіндік береді.

Түйістіріп пісіру - (ор. стыковая электросварка) — дайындамалар беттерінің толық жанасуымен пісірілетін түйістіріп электр пісірудің бір түрі. Бұның дайындаманың түйістіретін жерін илемдік күйге дейін қыздырып онан кейін шөктіру арқылы орындалатын электр кедергілі түйістіріп пісіру және шетжақтары балқығанша қыздырып орындалатын балқытып түйістіріп пісіру түрлері болады.

  1. Бірінші тәсіл фазалардан құрастыратын дәндерінің орналасуы мен түрлері біркелкі металдардан жасалған тетіктерді пісіріп қосу үшін қолданылады. Микроқұрылымы бір немесе бірнеше құрылым құрастырушылардан тұрады.

  2. Екінші тәсіл қималарының аудандары әртүрлі әр текті металдардан жасалған тетіктерді пісіріп қосу үшін қолданылады.

Суық күйде пісіру — бөлме температура жағдайда қыздырмай екі тетікті бірге илемдік деформация арқылы қосу. Суық күйде пісіру алюминийден, мыстан және олардың қорытпаларынан жасалған сымдарды қосу үшін, сонымен қатар әртүрлі металдарды (мысалы, алюминий мен мысты) және басқа материалдарды (мысалы, шайырларды, шыныларды, пластмассаларды) пісіру үшін қолданылады. Суық күйде пісіру алюминийден жасалған шиналарды мыспен қаптау үшін, жұқа қабырғалы алюминийден жасалған құбырларды және сырт қабыршақтарды жасау үшін қолданылады. Энергия шығыны аздықпен және еңбек өнімділігі жоғарылығымен сипатталады. "Суық күйде пісіру" терминнің басқа да мағынасы бар: шойынды суық күйде пісіру — алдын ала қыздырмай шойынды электрдоғамен пісіру.Балқытып біріктіру құрал-жабдықтары, пісіру құрал-жабдықтары — дайындамадан балқытып біріктірілген бұйымдар жасау үшін қолданылатын машиналараппараттар және тетіктер. Оларға генератортрансформатор, түзеткіш, балқытып біріктіруавтоматы, сондай-ақ, технологиялық құрал-жабдықтар (тетіктер) мен балқытып біріктірушінің әр түрлі аспаптары, т.б. жатады.

Балқытып біріктірілген құралымдар, пісірілген құралымдар — бөліктері бір-бірімен балқытып біріктірілген металл құралымдар. Балқытып біріктірілген құралымдардың тойтармалы құралымдармен салыстырғандағы негізгі артықшылықтарына металл шығынының аз болуы (20 — 25%-ке дейін), дайындау құнының төмендігі, балқытып біріктіру жіктерінің саңылаусыздығы жатады. Қазіргі болат құралымдардың 95%-ке жуығы балқытып біріктірілген құралымдар түрінде дайындалады. Әсіресе, балқытыпбіріктірілгенболат табақ құралымдаререкшетиімді.

Пісірілгенқұрал (Сварной инструмент) — жұмыс бөлігі сағасынанемесетұрқынапісіруменжалғанған металл кескіш жабдықтар.

Қорытынды

Қорыта келе, менің бұл есепті жасай отырып тусінгенім, жаңа технологиялардың әсерін жақсы жағынан да, жаман жағынанда көруге болады екен. Қысқаша айтып өткенде пайдасын айтатын болсақ, жаңа технологиялар адам жұмысын жеңілдетеді және адамдардың қол жетімсіз жұмыстарды атқаруға болады, және де уақытты үнемдейді. Ал зиян жағына қарайтын болсақ пайдасынан қарағанда аздау болып келеді. Зиян жағын алатын болсақ мысалға, адам денсаулығына әсері және де жұмыссыздыққа алып келеді. Жұмысшылардың орнын жаңа технологиялар, яғни машиналар басады,және ол технологиялар өздігінен жұмыс істемейді,оның өзіне арналған бөлек құрал-саймандары,құятын майлары болады,ол жаңа технология болған соң әрине оған бәрі жаңадан болу керек,оған шығын жатады. Сонымен менің қорытындым жаңа технологиялар кез-келген кәсіпорындарға керек деп ойлаймын. Өйткені адам өзіне зияны тиетін,өзінің қаншама күшін кетіретін жұмыстарды істегенше,оның бәрін машиналар яғни жаңа технологиялар атқарған дұрыс деп ойлаймын. Сол кезде өнімдірек болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]