
- •Мазмұны
- •Жалпы техникалық қауіпсіздігі мәселелері
- •Жалпы техникалық қауіпсіздігі мәселелері
- •Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы
- •67К25пф2 фрезерлік станогі:
- •Металлкескіш станоқтың телімінің жабдығының мінездемесі
- •Полимерлік материалдың өңдеуінің телімінің жабдығының мінездемесі
- •Қолданбалы- жабдықтың технологиялық мүмкіндіктері
- •Әдебиеттер тізімі
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы
Токарь станоктарында жұмыс істегенде сәтсіз оқиғаларды жою үшін техникалық қауіпсіздіктің келесідей ережелерін орындау керек:
Станоктардың жанында сақтандырғыш және қорғағыш құрылғыларды қолдану; құрылғылардың жұмыс істеп тұруын әрдайым қадағалап тұру және орнынан жылжытпау;
Жұмыс кезінде жоңқадан қорғағыш қондырғыларды қолдану;
Жұмыс кезінде қауіпсіз тәсілдерді кеңірек пайдалану.
Цехтардағы жарықтың да маңызы зор. Өйткені жарық жерде жұмысшы қауіпті бірден байқап қажетті шараларды қолдана алады.
Ауа таза болмаған жерде кәсіптік ауру пайда болады. Сондықтан жұмыс бөлмесінің ауасын терезені ашып, не желдеткішті қоданып тазартады.
Жұмыстың қауіпсіз болуына жұмыс орнының таза және тәртіппен жиылып тұруының әсері бар.
Токарь станогының қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Әрбір токарь техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау алып, келесідей талаптарды орындау керек.
Жұмысқа дейін:
Жұмыс киімін киіп, түймелерін салу. Киімнің жалбырап тұрмауын қадағалау;
Станоктың, құралдың, қондырғының жарамдылығын және де қораманы, сақтандырғыты, жермен тұйықтау құрылғысые тексеру;
Бос жүріс кезінде станоктың басқару механизмдерінің жарамдылығын, элетржабдықтарын, майланатын және салқындатылатын жүйелерді тексеру және қосқытар мен ауыстырып-қосқыштардың иінтіректерін орнықтыру;
Егер станоктың құралдары, қондырғы мен электржабдықтары жарамсыз болса, цех шеберіне хабарлау, жарамсыздықты жоймай жұмысқа кіріспеу,өздігінше станоктың түзілімін және тетіктерін жөндеу, не өзгеелеу рұқсат етілмейді;
Өңделген дайындамалар мен тетіктерді салатын жәшікті ыңғайлы етіп орналастыру, аяқ астындағы ағаш тордың майланып қалмауын қадағалау.
Жұмыс кезінде:
Ауыр тетіктерді және салмағы 20 кг-нан асатын қондырғыларды орнату мен алу тек көтергіш кран құрылғысының көмегімен орындалады, ауыр тетіктерді де орнату көтергі кран көмегімен жүзеге асады;
Цехта жұмыс істегенде қолғап кию керек, егер саусақтарыңыз жараланған болса, резеңкеден жасалған саусақшаларды киген жөн;
Станоктан қысқыш пен айналмалы үстелді бұрап алудың және оған орнатудың алдында оны майдан тазарту үшін сүртеді;
Станокқа қысқы мен айналмалы үстелді орнатқанда астына қысқы пішіндес етіп астар салынады; ауыр қысқы мен айналмалы үстелді көтергіш құрылғының және ұстағыш қондырғы көмегімен орнатады;
Қысқы мен айналмалы үстелді айналдырыққа орнатқанда және бұрап түсіргенде кілттің көмегімен қысқыны қолымен өзіне қарай тартып орналастырады;
Кілт ашасы мен кілт жағының,не чайканың арасында астар қолданбайды; дайындаманы бекіткенде , не босатқанда кілтті қысқыда қалдыруға болмайды;
Құрал – сайман мен өңделетін тетікті сенімді және қатты бекітіп орнатады;
Дайындаманы бекіткен кезде жұдырықшалар қысқы немесе айналмалы үстелден шығып тұрмауы керек ; егер жұдырықшалар шығып тұрса, қысқына ауыстырады, не арнайы қоршауорнатады;
Қауіпсіз жетектеме қысқыладры жіне қорғағыш қанлқаналарды қолдану;
Бұрандакескішпен бұранданы кескенде айнал-тұтқаны қолмен емес, құралкүймешіктің көмегімен ұстау;
Сынған құрал-сайманның әсерінен жарақаттанбау үшін:
Діріл пайда болған жағдайда станокты тоқтатып, оны тоқтатудың амалдарын жасау; кескіш пен дайындаманың бекітілуін тексеру, шебердің келісімімен кесу режимін өзгерту;
Тұтқыр металдарды өңдегенде ағызбалы таспа жоңқаларын беретін жапсырмалары жоңқаопарғыш, не оралмалы жоңқалыкескіштер қолданылады;
Жоңқалары ұсақ болып бөлінетін морт материалдарды өңдегенде және болат жоңқаларын ұсақтау кезінде көзілдірікпен қатар, жоңқаны ұсақтайтын арнайы қондырғылар қолданылады;
Дайындаманы айналу кезінде арнайы құрылғысыз өлшемеу, тіпті станокты өшіргеннен кейін өлшеген жөн;
Қысқа білік тектес тетіктерді үшжұдырықшалы қысқыш қысады, ал ұзындығы диаметрінен 10 еседен артық солқылдақ біліктерді өңдегенде артқы топай центрімен ұстатумен қатар люнет қолданылады;
Салқындатқыш сұйықтың,не майдың жұмыс орнына төгілмеуін қадағалау,май ысырып болған жағдайда тез арада оны сүртіп ,орнын құрғату не құм себу керек;
Жұмыс кезінде станокқа шынтақтап сүйкенбеу;
Көзді жарақаттандырып алмау үшін, сақтандырғыш көзілдірік кию керек;
Жұмыс соңында:
Жоңқаны қолмен, не құралмен емес,арнайы ілгек жіне қылшақпен тазалау;
Станок пен электрқозғалтқышты сөндіру;
Станоктан жоңқаны тазалап,құрал-сайман мен қондырғыны белгіленген орынға қою,дайын тетік пен дайындамаларды жиыстырып жұмыс орнын тапсыру.
Бұлардан басқа токарь маманы өзіне қажет кескіштер мен түрлі кескіш аспаптарды цехтың қайрау бөлімінде қажеттілігіне қарай қайрап тұрады. Бұл жердегі қауіпсіздік шаралары негізгі жұмыс орнымен тікелей байланысты болмағандықтан мынадай қосымша сақтық шараларын орындағаны жөн:
Егер қайрау құрғақ жасалатын болса, кескіш аспап қайрау станогының бет жағындағы су ыдысына жиі малынып тұруы керек;
Қайрау станогында қорғаушы шыны қалқаны болмаса,станокшы өз көзілдірігін кию арқылы сақтану қажет;
Аспапты қайрау кезінде айналмалы қайрақтас тұсына тұрмай,шамалы оңға немесе шамалы солға қарай бүйрлеп тұрған жөн. Өйткені қайрақтас шытынап немесе жарылып бөлшектенетін болса,қайрақшы үлкен жарақат алуы мүмкін.
Қайралатын кескіш сүйенетін астарлық пен қайрақтас аралығындағы саңлау мүмкіндігінше тар болуы керек;
Қайрақтас мүмкіндігі болғанша бүтін және жарамды болуы мұқият тексеріп тұруы керек;
Қайрақтастың ұруы (биение) рұқсат етілмейді;
Қайрақтасты жауып тұратын қаптама әр кезде өз орнында тұруы қажет.
Материалды қолмен өңдеуде қолданылатын жабдықтар
Қылауық (Надфиль; нем. nadelfeile): 1) беттерді тазалауға және ұсақ жұқа тетіктерді өңдеуге арналған ұсақ бедері бар кіші өлшемді егеу; 2) ұсақ бедерлері бар кішігірім өлшемді егеу. Беттерді тазалау, металдан, ағаштан және т.б. материалдардан жасалған ұсақ дәл тетіктерді өңдеу үшін қолданылады. Қылауықтың дөңгелек, жалпақ, жартылай дөңгелек, ромб тәрізді және үшжақты түрлері бар.
Тескіш
құрылғысы: Балға:
Iскенже— дайындамаларды немесе тетіктерді өңдеу немесе құрастыру барысында екі ерін (жылжымалы және жылжымайтын) арасында қысуға және ұстап тұруға арналған айлабұйым; дайындаманы немесе тетікті өңдегенде немесе құрастырып жинағанда қысып ұстап бекітуге арналған құрал.
Түрлері:
Әмбебап іскенже (Универсальные тиски) — қолданылуы әр түрлі тетіктерді қысуга арналған іскенже.
Білдектік іскенже (Станочные тиски) — машиналық іскенже.
Қол іскенже (Ручные тиски) - қол жұмысына арналған кіші өлшемді теміршебер іскенже.
Машиналық іскенже (Машинные тиски) — металл кескіш білдектің үстелінде дайындамаларды өңдеу кезінде қысып тұруға арналған іскенже.
Орындықты іскенже (Стуловые тиски) — бұру құрылғысы жоқ теміршебер іскенже.
Өздігінен центрленетін іскенже (Самоцентрирущие тиски) — қысу процесінде өңделетін дайындаманың центрленуін қамтамасыз ететін машиналы іскенже.
Теміршебер іскенже (Слесарьные тиски) — шеберүстелінде теміршебер жұмыстарын орындауға арналған іскенже.
Тескіш - жұқа дайындамаларға тесік салуға арналған ұшы сүйірленіп біткен шынықтырылған ұзынша ұста аспабы.
Шеберүстел - қол жұмысына арналған арнаулы жұмыс үстелі. Өңделетін бұйымдарды бекітіп қоятын айлабұйымдары бар жұмыс үстелі
Бұрандакескіш тұтқа (Клупп; нем. kluppe) — металл бұйымдардан бұранда кесуге арналған қол құралы. Тұтқалары бар тақтайша түрінде жасалады. Тақтайшаға кұралдың кескіш бөлігі, яғни бүрандакескіш бекітіледі.
Бәрбi (Дрель; нем. drillbohrer) — металдан, ағаштан және баска материалдан тесіктер бүрғылауға арналған электрлі немесе пневматикалық жетегі бар қол қүралы немесе қол машинасы.
Үңгі (нем. Senken) -1) алдын ала тесілген өтпелі және түйық тесіктерді өңдеуге (үңгілеуге) арналған көп жүэді кескіш құрал. Үңгі тұтас, құрамалы және жиынтық болып бөлінеді. Көп сатылы тесіктер жиынтық Үңгіде өнделеді; 2) цилиндр тесіктерді үңгі¬леуге арналған көп жүзді кескіш құрал.
Түрлері
Kұpaмa үңгі (Сборный зенкер) — түрқысынан және алмастырмалы кескіш бөліктерден тұратын үңгі.
Пісірілген үңгі (Сварной зенкер) — құрылымдық болаттан жасалған, сағасы пісірілген үңгі.
Сағалы үңгі (Зенкер с хвостовиком) — конусты сағасы бар үңгі.
Саптама үңгі (Насадной зенкер) — құралбілікке бекітілуге арналған тесігі бар үңгі.
Тұтас үңгі (цельный зенкер) - құралдық материалдан тұтас жасалған үңгі.
Үңгілеу (зенкерование) — тесіктердің дәлдігін арттыру және кедір-бұдырлығын азайту үшін оларды (тесіктерді) тазалай өңдеу.
Тескіш, вертикаль-жаңғылағыш және револьверлі білдектерде үңгі арқылы жүзеге асады.
Үңгіш (зенковка) — үңгіштеуге арналған көп жүзді кескіш құрал.
Үңгіш-тіліктегіш (зенковка-подрезка) — түпбүйір беттерді тазалауға арналған үңгіш.
Үңгіштеу (зенкование) — тесіктердің жөне центр тесіктердің қиықжиектерінің айналасындағы конустық немесе цилиндрлік үңгілдер мен тірек жазықтықтарды жөну арқылы өңдеу.
Зілбалға (Кувалда) — өзінін массасы мен соғу күшінің үлкендігімен ерекшеленетін балға. Зілбалға ұсталык цехтарда — соғу, түзету операцияларын орындау үшін жөне үй тұрмысында кеңінен қолданылатын аспап түрі.
Бұрандаойғыш (Метчик) - ішкі бұрандаларды оюға арналған кесу жиектері бар цилиндр бұрандалы өзек түріндегі кескіш құрал. Жүмыс принципі бойынша оларды жоңқа түсіру арқылы бұранда пішінін жасайтын Б. жоңқа түсірусіз, яғни жоңқасыз бұранда пішінін жасайтын Б. аралас төсілмен (жонумен жөне сығымдаумен) бұранда жасайтын Б. және тегістегіш тістері бар Б. деп бөледі.
Автомат бұрандаойғыш (Автоматный метчик) — бұрандаларды сомын ойғыш автоматтарда оюға арналған қисық сағалы бұрандаойғыш.
Аналық бұрандаойғыш (Маточный метчик) — аналық сомындардағы бұрандаларды оюға арналған бұрандаойғыш.
Бунақсыз бұрандаойғыш (Бесканавочный метчик) — мөлшерлейтін бөлігіндегі бунақтары жоқ және сомындардағы немесе тесіктердеғі бұрандаларды бір өтумен оюға арналған бұрандаойғыш.
Бұрандакескішті бұрандаойғыш (Плашечный метчик) — дөңгелек бұрандакескіштердің бұранда тесіктеріндегі қылауларды мөлшерлеуге және сыртқа шығаруға арналған бұрандаойғыш.
Қатты қорытпалы бұрандаойғыш (Цельный твердосплавный метчик) — қатты қорытпалы тілімшелермен жабдықталған бұрандаойғыш.
Қол бұрандаойғыш (Ручной метчик) — бұрандаларды қолмен оюға арналған бұрандаойғыш.
Машиналы бұрандаойғыш (Машинный метчик) — тескіш, револьверлік жөне агрегаттық білдектерде бұрандалар оюға арналған бұрандаойғыш.
Реттелетін бұрандаойғыш (Регулируемый метчик) — тесіктердегі бұрандаларды диаметрлерін кішігірім мөлшерде реттеумен бір өту арқылы оюға арналған бұрандаойғыш.
Сомындық бұрандаойғыш (Гаечный метчик) — тесіктердегі бұрандаларды бір өту арқылы оюға арналған ұзартылған сағалы бұрандаойғыш.
Балға (орыс. Молоток) — соғу, шыңдау жұмыстарына арналған қол аспабы. Оның бір жағы Балғаның басы, 2-сі сабы деп аталады. Атқаратын қызметіне қарай пішіні әр түрлі (темір ұста Балғасы, слесарь Балғасы, ағаш ұстасы Балғасы, етікші Балғасы, т.б.) болып келеді. Балғаның басын көміртекті болаттан жасайды, негізгі және қосымша деп аталатын қос шүйдесін шынықтырып, соңынан жалтыратады. Балғаны кейде ағаштан да жасайды.
Балғалар түрлері.
Ағаш балғa (орыс. Киянка) - қаңылтырмен өндеуге арналған тегіс соққылы бетгі балға.
Безеулегіш балға (орыс. Чеканочный молоток) — безеулеу жүмыстарына арналған электр, гидравликалық немесе пневматикалық жетегі бар балға.
Тойтарғыш балға (орыс. Лепальный молоток) — тойтару жүмыстарына арналған электр,гидравликалық немесе пневматикалық жетегі бар балға.
Электр балға (орыс. Электрический молоток) —электр жетегі бар балга.
Фрикциялы балға (орыс. Фрикционный молот) — қабыршақтарын кесумен жүретін жоне салқын күйінде жүргізілетін таптау шыбықтарынан майда шыңдалғьыарды қалыптауға арналған құлайтын бөліктердің күші 500-ден 1500 кг-ға дейінғі ұсталық машиналар.
Бұрандакескіш (орыс. Плашка) - бұранда бүрлеу мен бұранда жонуға арналған құрал.
Бүрленген бұрандакескіш (орыс. Накатная плашка) — жүмыс бөлігі бүрленетін пішінге сәйкес пішінді екі тікбұрышты призма және екі немесе төрт аунақша жинағы түріндегі бүрандакескіш, сонымен қатар илемдік деформациялау арқылы бұранда немесе тістер жасауға арналған құрал.
Ойғыш бұрандакескіш (орыс. Нарезная плашка) — айналтүтқа көмегімен қолмен немесе бұрандама жонғыш білдектерде бұранда оюға арналған бұрандакескіш (мысалы, тұтас дөңгелек, тілікті дөңгелек немесе кесу жиектерін жасау мен жоңқа шығаруға арналған бунақтары бар көпжақты ойғыш).
Қысқыш
механикалық өңдеу немесе құрастыру жұмыстары кезінде бұйымды бекітіп қоюға арналған құрал. Қысқыш корпустан және екі жақтаудан тұрады. Станоктік және слесарлық болып ажыратылады;
қызған темір, шоқ ұстайтын құрал. Аузы жалпақ, сабы ұзын болады.
Металкескіш станокта металл өңдеу
Бұрғы - металл, ағаш т.б. материалдарды тесуге және дайын тесіктерді кеңейтіп өңдеуге арналған кескіш аспап; жұмысшы белігінде кесуші элементтері бар, ал құйрықшасы станоктың шпинделіне бектіліп, жұмыс атқару үшін одан қозғалыс алатын тесіктерді тесу және кеңейту үшін арналған шыбық түрінде болып келген кесуші құрал.Бұрғы білік тәріздес болып келеді, оның жұмыстық бөлігінің ұшында кескіш не калибрлеуіш тетігі болады, ал сабы бұрғылау станогының шпинделіне немесе патронына, қол аспапқа (электр бұрғы, бәрбі, қол бұрғы, т.б.) бекітіледі. Бұрғының негізгі қозғалысы — айналыс және осьтік беріліс. Бұрғы құралымына байланысты винттік (бұрамалы) немесе спиральді бұрғы, түзу жырашықты бұрғы, центрлік бұрғы, т.б. болып ажыратылады. Бұрғы көміртекті, легирленген, жылдам кесетін болаттан жасалады, беті қатты қорытпалардан не композициялы материалдардан жасалған қабаттармен жабылады.
Бұрамалы бұрғы (Винтовое сверло) — қ. Спираль бұрғы.
Бір жақты бұрғы (Сверло одностороннего резания) — бір негізгі кесу жиегі бар бұрғы.
Көп сатылы бұрғы (Комбинированное ступенчатое сверло) — екі және одан да көп тесіктерді бір уақытта бұрғылауға арналған бұрғы.
Зеңбіректі бұрғы (Пушечное сверло) — осьпен бірге тікбұрыш құрайтын бір негізгі кесу жиегі бар жартылай цилиндр түріндегі бұрғы.
Қаурсынды бұрғы (Перовое сверло) — екі кескіш жиегі бар тілімшемен аяқталатын өзек түріндегі бұрғы.
Айнамалы бұрғы (Вращающееся сверло) — айналмайтын тетікті айналу қозғалысымен өңдейтін бұрғы.
Айналмайтын бұрғы (Невращающееся сверло) — айналмалы тетікті тек осьтік орын ауыстыру арқылы өндейтін бұрғы.
Балдақты бұрғы (Кольцевое сверло) — өнделетін материалдың орталық бөлігін өзек түрінде қалдыра отырып, балдақты беттері бойынша жоңқа алатын бұрғы.
Құрама бұрғы (Сборное сверло) — жекелей жасалған жұмыс бөлігі мен сағадан біріктірілген бүрғы.
Мылтықты бұрғы (Ружейное сверло) — терең бұрғылауға арналған ұзындығы әр түрлі екі негізгі кесу жиегі, жақсартылған бағыты мен АСС (арнайы салқындату сүйығы) жеткізу тесігі бар бұрғы.
Спираль бұрғы (Спиральное сверло) — екі кесу жиегі мен жоңқа шығаруға арналған бұрама бунақтары бар бұрғы.
Тұтас құйылған бұрғы (Монолитное сверло) — тезкескіш болаттан (0,1 — 1,0 мм диаметрлі) немесе қатты қорытпадан (0,6—1,0 мм) тұтас жасалған кіші диаметрлі бұрғы.
Центрлегіш бұрғы (Центровочное сверло) — стандарт центрлітесіктер оюға арналған жұмыс бөлігі бұрғылағыш жөне үңгігіш бөліктерден тұратын бұрғы.
Кескіш
кесілетін жерге ыстық газбен оттек жіберетін металдарды кесуге арналған қүрал;
кесу бөлігінің белгілі
Aвтомат кескіш (Автоматный резец) — білдек автоматгар мен жартылай автоматтардағы жүмыстарға арналған кескіш.
Алмасты кескіш (Алмазный резец) — алмас үгіндісімен немесе алмас кристалдарымен жабдықталған кескіш.
Аршағыш кескіш(Обдирочный резец) — қаралтым өңдеуге арналған кескіш.
Бунақты кескіш (Канавочный резец) — эр түрлі қималы бунақтар тесуге арналған кескіш.
Бұранда кескіш(Резьбовой резец) — бүранда кесуге арналған кескіш.
Дөңгелек кескіш (Круглый резец) — үшында кесу бөлігі бар сүлбалы пішінді дискі түріндегі кескіш.
Кеңейжонып кескіш (Расточный резец) — тесіктерді өндеуге арналған кескіш.
Көп зерлі бүранда кескіш (Многониточный резьбовой резец) — кесу бөлігінің үзындығы кесілетін бүранданың екі немесе одан да көп зеріне тең кескіш.
Қайырылған кескіш (Отогнутый резец) — өзек осіне қатысты горизонталь жазықтықта қайырылған бастиегі бар кескіш.
Жонып кескіш (Токарный резец) — жону білдектеріндегі жүмыстарға арналған кескіш.
Иілген кескіш (Изогнутый резец) — өзек осіне қатысты вертикаль жазықтықта иілген бастиегі бар кескіш.
Қаралтым кескіш (Черновой резец) — қаралтым өңцеуге арналған кескіш.
Қатты қорытпалы кескіш(Твердосплавный резец) — қатты қорытпамен жабдықталған кескіш.
Қиғыш кескіш (Отрезной резец) — материал қиюға арналған кескіш.
Қашаулы кескіш (Долбежный резец) — қашау білдектеріндегі жүмыстарға арналған кескіш. ден (механикалық бекітуге арнал¬ған қүрьшғы жөне жоңқа опыру қү- рылғысы жене т.б.) түратын кескіш.
Mеталқышты кескіш (Минералокерамический резец) — металқышты тілімшемен жабдықталған кескіш.
Mеханикалық бекітпелі кескіш (Резец с механическим креплением) — кесу тілімшесін механикалық бекітуге арналған қүрылғысы бар кескіш.
Минералқышты кескіш (Минералокерамический резец) — минералқышты тілімшемен жабдықталған кескіш.
Қиықжиек кескіш (Фасонный резец) — сыртқы жоне ішкі бетгердің түпбүйірінен қиықжиектер алуға арналған кескіш.
Қоспаланаен кескіш (Легированный резец) — қоспаланған болаттан жасалған немесе қоспаланған болатты тілімшемен жабдықталған кескіш.
Kұрама кескіш (Сборный резец) — өзегі мен бастиегінен басқа бірқатар қүрылымдық элементтер.
Отпелі кескіш (Проходной резец) — айналу денесі түріндегі тетіктердің сыртқы беттерін ендеуге арналған кескіш.
Призмалы кескіш (Призматический резец) — үшында кесу бөлігі бар призма түріндегі кескіш.
Пісірлген кескіш (Сварной резец) — бастиегі өзекке пісірумен бекітілген кескіш.
Радиальды кескіш (Радиальный резец) — осі тетіктің айналу осіне перпендикуляр орналасқан кескіш (мысалы, сүлбалы кескіш).
Радиусты кескіш (Радиусный резец) — радиусты сыртқы немесе ішкі беттерді өндеуге арналған кескіш.
Сұлбалы радиус (Фасонный резец) — кесу бөлігі тетіктің қажет сүлбалы бетінің дөлме-дөл кескіні болып табылатын кескіш.
Сүргілей радиус (Строгальный резец) — сүргілеу білдектеріндегі жүмыстарға арналған кескіш.
Тазалай кескіш (Чистовой резец) — тазалай өндеуге арналған кескіш.
Тангенциальды кескіш (Тангенциальный резец) — өнделетін бетке осі жанама орналасқан кескіш.
Тарақты бүрандакескішті кескіш (Гребенчатый резьбовой резец) — білдек үстағышьшда бекітілген тарақ түріндегі кесу бөлігі бар кескіш.
Тезкесуші кескіш (Быстрорежущий резец) — тезкескіш болаттан жасалған немесе тезкескіш болатты тілімшелермен жабдықталған кескіш.
Терең тесіктерге арналған кенейжонғы кескіш (Расточный резец для глубоких отверстий) — үзындығы диаметрлердің 10 шамаcынан артық тесіктерді өндеуге арналған кескіш.
Тостағанды кескіш (Чашечный резец)— осі жонылатын дайындаманың осіне перпендикулярлы жазықтықта орналасқан дөңгелек тостаған түріндегі кескіш.
Түтас кескіш (Цельный резец) — өзегі кесу бөлігімен бірге жасалған кескіш.
Радиондық бұрғы станогы:
Ескі токарлық станогы: