Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.61 Кб
Скачать
  1. Айша бибі кесенесі туралы мәтінді оқып, Қазақстандағы басқа мәдени ескерткіштерін атап өтіңіз.

Айша бибі.

Тараз қаласында сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері бар. Олар: Айша бибі кесенесі мен Бабажы қатын кесенесі.Халық аңызы бойынша Айша бибінің көркіне ақылы сай сұлу болған. Қарахан елінің батыры Айшаға ғашық болады. Қыз да жігітті ұнатып жүреді, екеуі аттастырып қояды екен. Тойға жақын қалғанда шығыстан шапқан жауға батыр аттанып кетеді. Сол соғыстан қайтып келе жатқан жігітті Айша күтіп алмақшы болып Асы өзеніне келеді. Суға шомылмақшы болған кезінде Айшаны жылан шағады. Өлер алдында екеуі жолығып некелеседі. Батыр жігіт сүйген жары Айшаға арнап зәулім күмбез орнатыпты. Осы күмбез Тараз қаласының маңында орналасқан.

(Қожа Ахмет Йассауи кесенесі, Айша бибі кесенесі, Атыстанбаб, Бабаджа –Хатун, Бегім ана кесенесі, Қорқыт ата, Қозы көрпеш Баян сұлу кесенесі, М.Х.Дулати кесенелері т.б.)

  1. Ұстаз туралы өлеңді жатқа айту

Тұла бойы тұнған асыл қасиет.

Айтатыны ақыл кеңес өсиет

Ұстаз атты ұлылықтың алдында

Патша ,ғалым, шешен – бәрі бас иед.

Жүрегіне жомарт мінез жинаған,

Ол зиялы, ғасырына сыйлы адам.

Эаны ізгі, жаман деуге жабырқап,

Досы тұрмақ, дұшпанын да қимаған

Ұстаздық ол – һәм киелі мамандық,

Аңсайтыны – адамдық пен адалдық!

Ар-намыс пен достық туын көтеріп,

Ел-халқына тілейтіні – амандық!

(Д.Мұханбедияров)

  1. Кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы айтып беріңіз.

Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретінойдың кезектесіп келуін көрсететін салаластың түрі. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер әдетте бір – бірімен кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді шылаулардың қайталанып қолданылуы арқылы құрмаласады. Мыс: Аққу біресе төмен, біресе жоғары ұшады.

Билет № 15

  1. Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы мәтінмен танысып, мазмұнын қысқаша айтып беріңіз.

Ұлттық киімдер.

Қазақ халқының ұлттық киімдері үш түрге бөлінген. Олар-бір киер киім, күнделікті киімдер, жұмыс киімдері. Бір киер деп жиындарға, той-думанға барғанда киетін сәнді киімді атаған. Мұндай киімдер сәндеп тігіліп, жаға, жеңдерін әшекейлеп кестелеген. Олар-ашық түсті көйлек, қамзол, шапан, аң терісінен тігілген ішіктер мен үкілі тақия, сәукеле, бөрік сияқты көрнекті киімдер. Бұл киімдер тойдан кейін көп киілмей таза күйінде сақталады. Бір киер киімді күнделікті тұрмыста киіп, өте жарқырап жүру-ұқыпсыздық, әрі ол сыпайыгершілікке жатпайды. Бұл артық сәнқойлық деп есептеледі. Бірақ бойжеткен қыз бен жас келіншектер әрқашан сәнді киінуге, білезік, алқа салып, шолпы тағуға ерікті еді.

  1. Монолог «Ақ бата - қасиетті тұмар».

Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», – деп бекер айтпаған. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнамасы, қазақтың қасиетті тұмары, теңдесі жоқ асыл сөз. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке-бірлікке шақыру. Ақ бата көбіне жаңа туған нәрестеге, өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі қолға алушыларға, тойларға, асқа, тасаттыққа, жиналған егінге, садақа, құрбандыққа, қонақасыға, Наурызға (Наурыз бата), Жаңа жылға, мүшел жасқа, дастарқанға, Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата) айтылады.

Асың, асың, асыңа,

Бақыт қонсын басыңа,

Таң мезгілі болғңанда,

Бөденедей жорғалап,

Қырғауылдай қорғалап,

Қызыр келсін қасыңа,

Денсаулығың зор болсын,

Дастарқаның мол болсын!

Қайда барсаң алдыңда,

Жарқыраған жол болсын!

Әумин!

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем туралы айтып, түрлерін атап беріңіз. Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. Мысалы: Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себеп бағыныңқы; 4) мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсат бағыныңқы.

Билет № 16

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]