Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.61 Кб
Скачать
  1. Мен ұнататын теле/радио хабар туралы диалог.

-Телевизия мұнараыс деген не?

-Радио-телевизия хабарларын тарататын станциялардың кешені.

-Ол қай жерде орналасқан?

-Көктөбенің беткейінде орналасқан.

-Қанша метр биіктікте?

-Ол теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте.

-Мұнараның биіктігі қандай?

-372 метр.

-Ол мұнара пайдалануға қашан берілді?

-Мұнараның құрылысы 1975 жылы басталып, 1984 жылы пайдалануға берілген.

-Мұнара неден жасалған?

-Мұнара құрылысы көлемді тұтас темірбетон іргетастан, сатылы металл діңгек және түтікті антенна қабаттарынан тұрады.

  1. Ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы айтып беріңіз.

Ыңғайлас салалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас , ыңғайлас мәнде, қарым – қатынаста айтылған салаластың түрі. Ыңғайлас салалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғайлық , жалғаулықсыз да байланыса береді. Мысалы: Басшы жұмысты тексерді де, ойдағы жоспардың орындалуын бағылады. Және, да, де, әрі – жалғаулықтар.

Құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой, екіншісіндегі ойға қарсы мәнді білдіретін салалстың түрі. Қарсылықты салалс құрмаластың құрмындағы жай сөйлемдер жалғаулықпен де, жалғаулықсыз да салаласып, екіге бөлінеді. Мысалы: Жоғары қарай өсе алмады, сонда да бұтақтары көп. Әрі түртінектеді, бері түртініктеді, түк таппады. Жалғаулықсыз қарсылықты салалс құрмалстағы жай сөйлемдердің араына үтір және сызықша қойылады. Жалғаулықтар: бірақ , сонда да, дегенмен , алайда , әйтсе де , сөйткенмен.

Билет № 13

  1. Ежелгі қалалар туралы мәтінді оқып, бөліктерге бөліп ат қойыңыз.

Ежелгі қалалар.

(Ежелгі қала) Ежелгі қалалардың бірі-Отырар. Ол VI-VIII ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекетітің астанасы болған.ХVI-XVII ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталады. (Қаладағы ғимараттар) Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған. VІІ ғасырдан бастап Тараз деген тағы бір әйгілі қала Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған. (Отырардағы кесенелер) Бұл қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар Айша бибі кесенесі мен Бабажы қатын кесенесі. Әйгілі Тараз моншасы-Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі. Х-ХІІ ғасырлар-қаланың ең гүлденген кезі. ХVІІ ғасырдан бастап бірте-бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналады.

  1. Монолог «Радио».

Радио (лат. radio — оқимын, сәуле шығарамын ← radius — сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу.Радиобайланысты алғаш ойлап тапқан - А. С. Попов.

Радиохабар - радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралының бір түрі.

Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық саяси жанрлар, көркем публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радиоинсценировка, радиопьеса, тағы басқа). Радио сонымен бірге өз хабарларында барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалған драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланады.

Сымсыз-бспроводной

байланыс-связь,

толқын-волна,

тәсіл-прием,

қабылдау-принимать,

ойлап табу-изобрести,

қоғамды- аяси – общественно-политический,

үгіт-пропаганда, насихат-агитация

  1. Себеп-салдар, талғаулы салалас құрмалас сөйлем туралы әңгімелеп беріңіз.

Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластың түрі. Себеп –салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз да байланысады. \ Мысалы: Жұмысты бастап бару міндеті Саусақовқа тапсырылды, себебі ол қазақ, орыс тідін жақсы біледі.

Билет № 14

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]