Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.61 Кб
Скачать
  1. «Бөгенбай батыр » мәтінін оқып,аударыңыз,сұрақтар қойыңыз.

Бөгенбай батыр.

Бөгенбай-қазақ халқының адал ұлы, ол халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, ұлтарақтай жерін жауға бермеген хасбатыр. Бөгенбай Ақшаұлы қазіргі Ақмола облысындағы Ерейментау төңірегінде туған. 1723 жылы жоңғар билеушілері қазақ жеріне сансыз әскермен басып кіріп, ойран салған. 1725-1727 жылдары Бөгенбай Абылай ханмен бірге жауды Жоңғар Алатауынан асырып тастайды. 1756-1758 жылдары Шығыс Түркістанның Талқы деген жерінде Қытай басқыншыларына соққы беріп, оларды Үрімшіден асыра қуған осы Бөгенбай басқарған күш. Бөгенбай батырдың қолы жоңғарларға күйрете соққы беріп, 1750 жылы Аяқ деген жерде жеңіске жетті. Жоңғарлар жеңілгендіктерін мойындайды. Бұдан былай қазақ халқымен жауласпау шартына қол қойып, келісім жасайды. Сөйтіп, қазақ халқы ғасыр бойы созылған күресін жеңіспен аяқтайды.

1.Бөгенбай кім?

2.Бөгенбай батыр қай жерде дүниеге келген?

3.Бөгенбай батыр қай ханның тұсында өмір сүрген?

4.Қай жылы Аяқ деген жерде жеңіске жетті?

  1. Монолог «Менің досым».

Менің досым бар. Оның есімі .., . Досым екеуіміз бір мектепте оқимыз. Үй тапсырмасын да бірге орындаймыз. Досым үнемі маған үй тапсырмасына көмектеседі. Ол оқу озаты. Мінезі ашық, қайырымды жан. Сондықтан да оны сыныптастары, жолдастары, мұғалімдер - бәрі жақсы көреді. Ол барлық жұмысқа белсене қатысады. Сыныптастарына үнемі көмектеседі. Ол - менің сенімді досым. Жұбымыз жазылған емес. Сабаққа бірге дайындаламыз. Бос кезде бірге ойнаймыз. Велосипед тебеміз. Достарымның бойында жақсы қасиеттер жетерлік. Мысалы, Дәуренгүл өте мейірімді. Әрдайым айналасына шуақ шашып жүретіндей. Сол әдемі мінезімен ауылдағы үлкен-кішіге сыйлы. Менің досымның армандары көп. Адель-өнерлі, ол сурет салғанды, өлең жазғанды, домбыра тартқанды ұнатады. Маған Адельмен бірге жүру, ойнау, сабақ дайындау ұнайды. Мен достарымды мақтан тұтамын.

  1. Салалас құрмалас сөйлем мен оның түрлері туралы айтып беріңіз. Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Марат физика пәнін таңдады, себебі ол болашақта теміржолшы болғысы келеді.

салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді : 1. Ыңғайлас салалас. 2. Қарсылықты салалс. 3. Себеп – салдар салалас. 4. Түсіндірмелі салалас. 5. Талғаулы салалас. 6. Кезектес салалас.

Билет № 12

  1. Қабанбай батыр туралы мәтінді оқып,сызба жасап,әңгімелеңіз.

Халық батыры Қабанбай.

Қабанбай 1691 жылы дүниеге келген. Әкесі Қожағұл батыр болған. Қабанбай жеті жасқа келгенде, әкесін қалмақтар өлтіреді. Бұл кез-қазақ пен қалмақтың жауласып тұрған кезі. Қабанбайдың Есенбай деген ағасы жылқы бағады екен. Бір күні Есенбайдың жылқысын қалмақтардың ұрылары Арсалан мен Өлжежырғыл айдап кетеді. Ізін қуып барған Есенбайды олар өлтіріп тастайды. Бұл қаза жас Қабанбайдың жанына жара салады. Ыза болған Қабанбай кек алудың амалын іздейді. Бір жүйрік атқа мініп, жылқының ізі бойынша жолға шығады. Сарытауға келгенде, түйе бағып жүрген Ердене деген қырғыз жігітіне жолығады. Ол қалмақ пен қырғыз соғысында қолға түскен тұтқын екен. Екеуі сөйлесіп, Қабанбай одан көмек сұрайды. Ерденнің көмегімен ұры Өлжені өлтіріп, екеуі кері қайтады. Артынан қуып жеткен Арсаланды Қабанбай жекпе-жек өлтіреді. Қабанбай өз еліне бармай, Алтайдағы әпкесіне кетеді. Бұл елдің қалмақтар айдап кеткен жылқыларын қайтарып алуға көмегін тигізеді. Осыдан бастап Қабанбайдың батыр аты елге жайылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]