Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.61 Кб
Скачать
  1. Монолог «м. Әуезов мұражайы»

Мұражай жазушының соңғы он жыл бойы (1951-1961) тұрған үйінде орналасқан. Онда жазушының өмірінен, шығармашылық қызметінен толық мағлұмат беретін аса бағалы тарихи, әдеби материалдарға толы мемориалдық бөлме бар. Онда жазушының қолжазбалары, «Абай жолы» эпопеясынынң 30 тілдік нұсқалары қойылған. Мұражайда жазушы-драматургтің қазақ театрымен шығармашылық байланысын бейнелейтін қосымша павильон бар. Әуезов мұражайы жазушының әдеби мұрасын жинау, жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мұражайдың негізгі қоры – Әуезовтің өзінің жеке мұрағаты.

  1. Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдер туралы айтып беріңіз.

Бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жақты және жақсыз болып бөлінеді.Жақты -бастауышы бар сөйлем. Мыс: Мен кітап оқыдым.

Жақсыз-бастауышы жоқ сөйлем. Мыс: Менің кітап оқығым келеді.

Билет № 9

  1. «Бала тәрбиесі бесіктен» атты мәтінді оқып,жоспар жасаңыз.

Адам өмірінің әрбір кезеңдерінде көптеген салт-дәстүрлер орындалады. Соның бірі-бала тәрбиесіне байланысты салттар, өйткені бала-өмірдің жалғасы, болашағы. Сәби дүниеге келгеннен кейін шілдехана тойы өткізіледі. Баланы қырқына дейін көз тиеді деп көпшілікке көрсетпеген. Баланың туғанына қырық күн толған соң, оны қырқынан шығарады: баланың қарын шашын алады, көп балалы, немере көрген әжелердің бірі 40 қасық су құйып алып, баланы шомылдырады. Баланы шомылдырған әжеге сыйлық беріледі. Бала қырқынан шыққан соң ата-әжесі бесікке салу тойын жасайды. Бала қырқынан шыққанша, оның нағашылары алдын ала бесік жасатып алып келеді.Баланың әке-шешесі бесік той өткізеді.

Жоспар:

1.Бала-өмірдің жалғасы

2.Шілдехана тойы

3.Қырқынан шығару

4.Бесік той

Билет 9

В разные периоды жизни человека проводятся разные традиции и обычаи. Одним из них являются традиции, направленные на воспитание ребёнка, потому что ребёнок- продолжение жизни, будущее. После рождения ребёнка проводят праздник шілдехана. Ребёнка до сорока дней стараются не показывать людям, так как считают, что его могут сглазить. Когда ребёнку исполняется сорок дней, его постригают, многодетная, имеющая внуков бабушка,налив 40 ложек воды, купает его. И ей дарят подарок. После исполнения 40 дней бабушка и дедушка проводят праздник ”бесікке салу”. Его бабушка и дедушка со стороны мамы привозят пёструю колыбель. Родители проводят “бесік той”.

  1. Монолог «Өзім туралы».

(туған жылы, айы, күні,туған жері, мекен-жайы, ұлты, сыныбы, бос уақыты, ермегі) каждый должен сам составить монолог о себе.

  1. Толымды, толымсыз сөйлемдер туралы айтып беріңіз.

Толымды-ойға қатысты мүшелер толық қатысқан сөйлем.

Мыс:Мен астымдағы атымды саған арзанға сатамын.

Толымсыз - айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем. Мысалы:

- Атыңды сатамысың? – Сатамын.

Билет № 10

  1. «Қазыбек би »мәтінін оқып, бөліктеріне ат қойыңыз.

Қазыбек би.

(Қазыбек –шешен) Қазыбек Келдібекұлы 1667 жылы туып, 1764 жылы қайтыс болған, Қазыбек- қазақ халқының тарихында мәңгілік орын алған шешендік өнердің таңдаулы өкілдерінің бірі. (Мемлекет қайраткері) Ол-Тәуке ханның «Жеті жарғы» деп аталатын заң кодексін жасаушылардың бірі болды. Қазыбек қазақ халқының біртұтас, дербес мемлекетін құруға және оны нығайтуға қатысқан ірі мемлекет қайраткері. (Елші) Ол мемлекет аралық шиеленістерді бейбіт жолмен реттеуді жақтаған парасатты елші-мәмлегер. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында талай сапарлар өткізілді. Қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншыларды байлап әсеткен адамдарын, айдап кеткен малдарын қайырып алып қайтады. Қазыбек Келдібекұлы- асқан шешен, ақын, ел басқарған, дау шешкен әділ қазы. Қазыбек би тоқсан жеті жасында қайтты. Бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Йссауи ғимаратына жерленген.

Билет 10

Қазыбек Келдібекұлы в 1667 году родился, 1764 году умер, Казыбек в истории казахского народа имеет огромное значение, он один из лучших в ораторском искусстве. Он был одним из авторов свода законов Тауке хана «Жеті жарғы». Он был крупным государственным деятелем, способствующим образованию и укреплению казахской государственности. Он был сторонником решения международных проблем мирным путём. С помощью его находчивости и настойчивости были проведены многие походы. Казахи добиваясь равенства, вернули из плена своих людей и угнанный скот. Успешный оратор, поэт, управлявший народом и решавший проблемы. Казыбек би умер в 97 лет. Тело нашего предка похоронено в Туркестне в мавзолее Кожа Ахмета Йасауи.

  1. Әбілхан Қастеев туралы монолог.

Әбілхан Қсатеев (1904-1973) 1904 жылы 1 қаңтарда Толдықорған облысынгда кедей малшының отбасында дүние келген. Жаркент қаласында, Түрксіб теміржолында жұмыс істеген. 1929 жылы екі жылдай Н.Хлудовтың көркемсурет студиясында біл алады. Ә. Қастеев 1930 жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді. 1934 ж. ол Алматыдағы көркемөнерпаздар слетіне, Абай портретін жазудан және оның шығармаларына иллюстрациялар жасаудан республикалық жарысқа, Мәскеудегі Мемлекеттік Шығыс халықтары мұражайындағы Қазақстан суретшілері туындыларының бірінші көрмесіне қатысады. Осы уақыттан бастап Әбілхан Қастеев халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге тұрақты түрде қатысып отырады.

1934-1936 жылдары  Әбілхан Қастеев Мәскеуде тұрып, Н.К. Крупская атындағы кешкі халық шығармашылығы көркемсурет студиясынан сабақ алады. 1937 ж. КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қабылданады. 1930-1940 жылдар аралығында  суретші «өткен өмірге» деген ойлары бейнеленген «Ескі және жаңа тұрмыс» атты үлкен акварельдік топтама жұмысын жазады. 1942 ж. Алматыда суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді. Осы жылы суретшіге Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі. 1944 жылы ол  Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.

Әр кезеңде салынған: «Қазақстан жерінде», «Тың туралы», «Республикамыздың жері мен елі», «Бесжылдық құрылысы», «Қазақстан байлығы» атты туындылары бар.

Суретші  1973 жылы 2 қарашада Алматыда қайтыс болды.

Оның есімі республикамыздың көшелері мен мектептеріне, мұражайларына  берілді.

  1. Құрмалас сөйлем туралы айтып беріңіз.

Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас. Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер өз ара тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас сөйлем болады. Мысалы, Қоңырау соғылды да сабақ басталды.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісіне бағына байланысып, бағынған сынарының (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келеді. Ондай құрмаласты сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы, Қоңырау соғылғандықтан, сабақ басталды. Кемінде үш жай сөйлемнен құралып, олар бір-бірімен салаласып (бағынбай, тең дәрежеде) та, сабақтасып (бірі екіншісіне бағынып) та байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы, Қоңырау соғылып, оқышылар сыныпқа кірді де, сабақ басталды.

Билет № 11

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]