Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.61 Кб
Скачать
  1. Ыбырай Алтынсарин мұражайы туралы әңгімелеп беріңіз. Алтынсарин мұражайы —Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық–педагогикалық мұражайы. Қостанай облысы Арқалық қаласы 1976 ж. Арқалық педагогика институты жанынан қоғамдық негізде ашылған.Мұражай Ы.Алтынсариннің және оның ұстаздары Н.И.Ильминский,В.В.Григорьев,А.В.Васильев,Қ.Топаев және тағы басқалардың өмірбаяндары мен шығармалары қызметтеріне байланысты педагогикалық насихат орталығы.Мұражайда 4 бөлме бар.1.Ы.Алтынсарин.Оның достары және ізбасарлары.2.1900-1950 жылдардағы Торғайдағы оқу–ағарту ісі.3.Алтынсариннің мұғалімдер мектебінен Арқалық педагогика институтына дейін.Көрме залда Торғай облысындағы оқу ағарту ісі жөніндегі материалдар қойылған.Жалпы мұражайда 2000-ға жуық экспонаттар жиналған

  2. Омонимдер деген не?

Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер омонимдер деп аталады. Мысалы: Бас-адамның басы, таудың басы, жұмыстың басы, жерді бас, бас дәрігер т.б.

Билет № 6

  1. Төле би жайындағы мәтінді оқып, сызба құрастырып, әңгімелеңіз.

Төле Би шешен.

Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аңыз әңгімелер көп. Солардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен және халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында да, Төле бидің 17-18 ғасырларда өмір сүрген, өз заманның ақылды, білімді, парасатты азаматы болған.

Төле бидің туған әкесі-Әлібек. Дәстүр бойынша Төлені халық «Үйсін Төле би» деп атаған. Атадан балаға ауысып айтылып келе жатқан аңызға қарағанда Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған. Әулие-ата (қазіргі Жамбыл) төңірегінде туған, кейін көбінесе Ташкент төңірегінде, Жиделібайсы жерінде, Сырдың бойында көшіп жүрген. Көп тұрған жері Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған.

Төле бидің қоғамдық қызметі, әсіресе, 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығын кейін айқынырақ көзге түседі. Қыз анадан, бота енеден ажырап аңырағанда, азынаған шапқыншылық заманда халыққа қарадан щыққан билер де ұйытқы, ұйымдастырушы болды.

Билет №6. текст про Толе би. В казахской устной литературе есть много рассказов о Толе би. Толе би описывают как умного,справедливого,оратора и народного деятеля. По правде,Толе би жил в 17-18 веках, был для своего времени умным,порядочным гражданином. Отец Толе би Алибек. Согласно традиции народ назвал Толе ...Толе.. Когда дедушка говорил легенду,он посмотрел на Толе би, тогда Тоде би был рослым,стройным,лучезарным человеком. Родился в окрестности Аулие-ата(сейчас Жамбыл), после переезда в окрестностях Ташкента,на земле Жиделбайсы,на берегу реки Сыр жил. В многонаселенной земле Шынза(сейчас Ташкент) умер. Общественная роль Толе би особоенно была видна в 1723 году после нашествия джунгар.

  1. Мектепте білім алу туралы әңгімелеңіз.

Білім – біздің басты қазынамыз. Біз білім алу үшін мектеп деген киелі ордаға келеміз. Өмірдің жаңа жолын бірінші сыныптан бастаймыз. Бәрі де өзімізге байланысты екенін білуіміз керек. Сол себепті сабақта жақсы оқу, ата- анамыздың үмітін ақтау біз үшін – парыз екенін ұмытпауымыз керек. Мектептің берер тәрбиесі мол. Барлық адамзат баласы ұстаздың тәрбиесін көріп, мектеп табалдырығынан аттайды. Білімді адам әрқашан ақылымен ерекшеленеді. Сол себепті білім алып, үлкендерді сыйлап, ұстаздарымызды құрметтеп жүрейік.

  1. Жай сөйлем мен жай сөйлемнің түрлері туралы айтып беріңіз. Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері: жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы.

Жақты -бастауышы бар сөйлем. Мыс: Мен кітап оқыдым.

Жақсыз-бастауышы жоқ сөйлем. Мыс: Менің кітап оқығым келеді.

Жалаң-тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем. Мыс: Қар жауды.

Жайылма-тұрлаулы мүшелер мен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем. Мыс: Кеше күні бойы толассыз қар жауды.

Толымды-ойға қатысты мүшелер толық қатысқан сөйлем. Мыс:Мен астымдағы атымды саған арзанға сатамын.

Толымсыз - айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем. Мысалы:

- Атыңды сатамысың? – Сатамын.

Атаулы - заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын білдіретін сөзден, сөз тіркесінен жасалған сөйлем атаулы сөйлем деп аталады. Мысалы: Қоңыр күз. Суық күн. Сары жапырақтар.

Билет № 7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]