
- •Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы мәтінді оқып, бөліктерге ат қойыңыз,негізгі ойды білдіретін сөз тіркесімен сызба құрастырыңыз.
- •Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі туралы айтып беріңіз.
- •«Табиғат-алтын бесік» мәтінін оқып, бірнеше сұрақ қойыңыз.
- •Синоним деген не?
- •«Беташар» мәтінін түсініп оқыңыз. Қазақ халқының басқа да салт-дәстүрлерін атап беріңіз.
- •Отбасылық дәстүрлер туралы әңгімелеп беріңіз.
- •Антонимдер деген не?
- •«Түркістан қаласы» мәтінін оқып, сұрақтар қойыңыз.
- •Омонимдер деген не?
- •Төле би жайындағы мәтінді оқып, сызба құрастырып, әңгімелеңіз.
- •Мектепте білім алу туралы әңгімелеңіз.
- •«Уақыт» мәтінін оқып,уақыт өлшемдерін атап шығыңыз.
- •Жалаң, жайылма сөйлемдер туралы айтып беріңіз.
- •«М. Әуезов атындағы драма театры » мәтінін бөліктерге бөліп, ат қойыңыз.
- •Монолог «м. Әуезов мұражайы»
- •Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдер туралы айтып беріңіз.
- •«Бала тәрбиесі бесіктен» атты мәтінді оқып,жоспар жасаңыз.
- •Монолог «Өзім туралы».
- •«Қазыбек би »мәтінін оқып, бөліктеріне ат қойыңыз.
- •«Бөгенбай батыр » мәтінін оқып,аударыңыз,сұрақтар қойыңыз.
- •Монолог «Менің досым».
- •Қабанбай батыр туралы мәтінді оқып,сызба жасап,әңгімелеңіз.
- •Мен ұнататын теле/радио хабар туралы диалог.
- •Ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы айтып беріңіз.
- •Ежелгі қалалар туралы мәтінді оқып, бөліктерге бөліп ат қойыңыз.
- •Айша бибі кесенесі туралы мәтінді оқып, Қазақстандағы басқа мәдени ескерткіштерін атап өтіңіз.
- •Ұстаз туралы өлеңді жатқа айту
- •Кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы айтып беріңіз.
- •Монолог «Ақ бата - қасиетті тұмар».
- •Құрманғазы туралы мәтінді оқып, жоспар жасаңыз.
- •Монолог «Алтын ұя-мектебім».
- •Ыбырай Алтынсарин туралы мәтінді оқыңыз және білім, оқу туралы мақал- мәтелдерді келтіріңіз.
- •Мақсат және қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер туралы айтып беріңіз.
- •«Шоқан Уәлиханов» мәтінін оқып, аударыңыз.
- •Монолог «Менің болашақ мамандығым».
- •Зат есім және зат есімнің септелуі туралы айтып беріңіз.
- •Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәтінді оқып, түсінгеніңізді өз сөзімен айтып беріңіз.
- •Монолог «Менің досым».
- •3.Сан есім туралы айтып беріңіз.
- •«Наурызым қорығы» мәтінін оқып, қысқаша мазмұнын айтыңыз.
- •Монолог «Емтиханға дайындық ».
- •Алматы қорығы туралы мәтінді оқып,сұрақтар қойып, Қазақстандағы қо рықтарын атап беріңіз.
- •2. Диалог «Туған елім - Қазақстаным».
- •3.Етістік туралы айтып беріңіз.
- •«Мұражай» деген мәтін бойынша сызба құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Монолог «Ғабит Мүсіреповтің мұражайы».
- •Үстеу туралы айтып беріңіз.
- •Әбілхан Қастеев атындағы мұражай туралы мәтінді түсініп оқыңыз, сұрақтар қойыңыз.
- •Монолог «Жітіқара қаласының мұражайы».
- •Шылау сөздер туралы айтып беріңіз.
3.Етістік туралы айтып беріңіз.
Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: қайтті? Не істеді? Не қылды? Ертең ат шабады (қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?).Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара етістік; 2) күрделі етістік. (дальше виды)
Билет № 24
«Мұражай» деген мәтін бойынша сызба құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
Мұражай.
Мұражай – тарихи – ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуға, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім – тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.
Мұражай негізгі бағыты тұрғысынан бірнеше топқа бөлінеді : тарихи (жалпы тарих, археологиялық, этнографиялық, т.б.), көркемөнер мұражайы (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолтанбалы өнер, театр, музыка, кино, т.б.), «Жаратылыстану мұражайы» (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, т.б.), техникалық (авиация, автокөлік, кеме жасау, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), «кешенді мұражайлар» (тарихи, шаруашылық, жаратылыстану, өлкетану мұражайы, т.б.), мемориалдық мұражайлар (мемлекетке, өнерге, әдебиетке, ғылымға, еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған).
Мұражай ісінің негізгі бағыттары – мұраларды жинау, есепке алу, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (реставрация), т.б. Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне ;көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми – тәжірибелік конференциялар өткізу, мұражайлық басылымдар шығару, т.б. жатады.
Монолог «Ғабит Мүсіреповтің мұражайы».
Ғабит Мүсіреповтің мемориалдық мұражайы - Мүсіреповтің әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Жазушының 1968 – 85 жылы тұрған үйі (Алматы қаласы Қарасай батыр көшесі, 49 үй) 1991 жылы Орталық мұражайдың бір бөлімі ретінде ашылды. Мүсірепов мұражайы әдеби және мемориалдық бөлімнен тұрады. Онда 4 мыңнан астам экспонат жинақталған. Әдеби бөлімде жазушының өмір жолынан сыр шертетін фото-суреттер, кітаптар, қолжазбалар, хаттар, марапаттау қағаздары, тағы басқа жәдігерлер сақталған. Олар сөз зергерінің қоғамдық бейнесін айқын көрсетеді. Мүсіреповтің жас кезіндегі атқа мініп түскен алғашқы суреті (1927), қаламгердің “Тулаған толқында” (1928), “Американ бидайығы” (1928) атты тұңғыш туындылары, алғашқы ұстазы (Б.Өтетілеуов) мен қаламдас замандастары (С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, тағы басқа) туралы фото-деректер сақталған.
Үстеу туралы айтып беріңіз.
Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.
Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:
1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.
3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?
Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.
4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
6. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
Билет № 25