Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.61 Кб
Скачать
  1. Монолог «Менің досым».

Менің досым бар. Оның есімі .., . Досым екеуіміз бір мектепте оқимыз. Үй тапсырмасын да бірге орындаймыз. Досым үнемі маған үй тапсырмасына көмектеседі. Ол оқу озаты. Мінезі ашық, қайырымды жан. Сондықтан да оны сыныптастары, жолдастары, мұғалімдер - бәрі жақсы көреді. Ол барлық жұмысқа белсене қатысады. Сыныптастарына үнемі көмектеседі. Ол - менің сенімді досым. Жұбымыз жазылған емес. Сабаққа бірге дайындаламыз. Бос кезде бірге ойнаймыз. Велосипед тебеміз. Достарымның бойында жақсы қасиеттер жетерлік. Мысалы, Дәуренгүл өте мейірімді. Әрдайым айналасына шуақ шашып жүретіндей. Сол әдемі мінезімен ауылдағы үлкен-кішіге сыйлы. Менің досымның армандары көп. Адель-өнерлі, ол сурет салғанды, өлең жазғанды, домбыра тартқанды ұнатады. Маған Адельмен бірге жүру, ойнау, сабақ дайындау ұнайды. Мен достарымды мақтан тұтамын.

  1. Сын есім туралы айтып беріңіз. Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін сөздер. Сұрағы – қандай? қай? (сын есімнің түрлері, шырайлары туралы айту)

Билет № 21

  1. «Жайлау» атты мәтінді оқып, бірнеше сұрақ қойыңыз.

Жайлау.

Жыл он екі ай - көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай, яғни 90 күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктем, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған. Ертеректе біздің ауыл наурыз, көкек(сәуір), мамыр айларында қыстаудан көктеуге көшіп-қонып, мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп баратын. Онда маусым, шілде, тамыз айларын өткізетін. Осы күнгі малшылар да сөйтеді. Жайлау- қыстаудан алыс жатқан даладағы қоныс. Жайлауды шөбі шүйгін,суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден тандайды. Онда жылдың үш маусымда ел болмай. Қыста аппақ қар басып жатады. Жазға қарай жайлаудың шөбі жақсы өседі. Ол кезде жер беті кілем сияқты құлпырады, қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойып, семіреді. Адамдар да сергиді. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Мұндай атақты жайлаулар Қазақстанда өте көп. Олар: Қарқара, Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы, т.б.

1)Бір жылды неше ай бар?

2)Бір маусымда неше күн болады?

3)Жаулаудың шөбі қандай?

4)Қандай атақты жайлаулар бар?

  1. Диалог «Жыл мезгілдері».

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Бір жылда 4 мезгіл бар.

- Күз айлары қай айлар?

- Қыркүйек, қазан, қараша

- Қар қай мезгілде жауады?

- Қар қыс мезгілінде жауады.

- Көктемде ауа – райы қандай болады?

- Көктемде ауа – райы жылы болады.

- Сен қай мезгілді ұнатасың?

- Мен .... .... ұнатамын.

- Сен жазда қайда демаласың?

- Мен жазда қалада демаламын.

-Көктемнен кейін қандай мезгілі басталады? -Көктемнен кейін жаз басталады. -Жаз айлары қандай? -Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. -Жазда күн қандай болады? -Жазда күн ыссы болады. -Жазда балалар не істейді? -Жазда балалар суға шомылады, балық аулайды.

3.Сан есім туралы айтып беріңіз.

Сан есім – заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі. Сұрақтары: қанша, неше, нешеу, нешінші? Жамбыл жүз жас жасаған. (Неше жас? Жүз жас). Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Нешеу? – төртеу, алтау).

Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сан есім; 2) күрделі сан есім.

1. Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы: үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз, алтау, мыңдаған, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т. б.

2. Күрделі сан есім:

Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:

1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша, неше? Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғыз болып келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. 

Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:

-ыншы –қырық тоғызыншы, алпысыншы, онынш, т. б.

-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т. б.

-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т. б.

-нші – қырық екінші, жетінші, т. б.

3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.

4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы: қанша, неше, қай шамалы, қаншадан? 

5. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де нешеден, қаншадан? сұрақтарына жауап береді.

Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады.

6. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді.

Билет № 22

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]