
- •Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы мәтінді оқып, бөліктерге ат қойыңыз,негізгі ойды білдіретін сөз тіркесімен сызба құрастырыңыз.
- •Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі туралы айтып беріңіз.
- •«Табиғат-алтын бесік» мәтінін оқып, бірнеше сұрақ қойыңыз.
- •Синоним деген не?
- •«Беташар» мәтінін түсініп оқыңыз. Қазақ халқының басқа да салт-дәстүрлерін атап беріңіз.
- •Отбасылық дәстүрлер туралы әңгімелеп беріңіз.
- •Антонимдер деген не?
- •«Түркістан қаласы» мәтінін оқып, сұрақтар қойыңыз.
- •Омонимдер деген не?
- •Төле би жайындағы мәтінді оқып, сызба құрастырып, әңгімелеңіз.
- •Мектепте білім алу туралы әңгімелеңіз.
- •«Уақыт» мәтінін оқып,уақыт өлшемдерін атап шығыңыз.
- •Жалаң, жайылма сөйлемдер туралы айтып беріңіз.
- •«М. Әуезов атындағы драма театры » мәтінін бөліктерге бөліп, ат қойыңыз.
- •Монолог «м. Әуезов мұражайы»
- •Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдер туралы айтып беріңіз.
- •«Бала тәрбиесі бесіктен» атты мәтінді оқып,жоспар жасаңыз.
- •Монолог «Өзім туралы».
- •«Қазыбек би »мәтінін оқып, бөліктеріне ат қойыңыз.
- •«Бөгенбай батыр » мәтінін оқып,аударыңыз,сұрақтар қойыңыз.
- •Монолог «Менің досым».
- •Қабанбай батыр туралы мәтінді оқып,сызба жасап,әңгімелеңіз.
- •Мен ұнататын теле/радио хабар туралы диалог.
- •Ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы айтып беріңіз.
- •Ежелгі қалалар туралы мәтінді оқып, бөліктерге бөліп ат қойыңыз.
- •Айша бибі кесенесі туралы мәтінді оқып, Қазақстандағы басқа мәдени ескерткіштерін атап өтіңіз.
- •Ұстаз туралы өлеңді жатқа айту
- •Кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы айтып беріңіз.
- •Монолог «Ақ бата - қасиетті тұмар».
- •Құрманғазы туралы мәтінді оқып, жоспар жасаңыз.
- •Монолог «Алтын ұя-мектебім».
- •Ыбырай Алтынсарин туралы мәтінді оқыңыз және білім, оқу туралы мақал- мәтелдерді келтіріңіз.
- •Мақсат және қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер туралы айтып беріңіз.
- •«Шоқан Уәлиханов» мәтінін оқып, аударыңыз.
- •Монолог «Менің болашақ мамандығым».
- •Зат есім және зат есімнің септелуі туралы айтып беріңіз.
- •Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәтінді оқып, түсінгеніңізді өз сөзімен айтып беріңіз.
- •Монолог «Менің досым».
- •3.Сан есім туралы айтып беріңіз.
- •«Наурызым қорығы» мәтінін оқып, қысқаша мазмұнын айтыңыз.
- •Монолог «Емтиханға дайындық ».
- •Алматы қорығы туралы мәтінді оқып,сұрақтар қойып, Қазақстандағы қо рықтарын атап беріңіз.
- •2. Диалог «Туған елім - Қазақстаным».
- •3.Етістік туралы айтып беріңіз.
- •«Мұражай» деген мәтін бойынша сызба құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Монолог «Ғабит Мүсіреповтің мұражайы».
- •Үстеу туралы айтып беріңіз.
- •Әбілхан Қастеев атындағы мұражай туралы мәтінді түсініп оқыңыз, сұрақтар қойыңыз.
- •Монолог «Жітіқара қаласының мұражайы».
- •Шылау сөздер туралы айтып беріңіз.
Ыбырай Алтынсарин туралы мәтінді оқыңыз және білім, оқу туралы мақал- мәтелдерді келтіріңіз.
Ыбырай Алтынсарин
Қазақ халқының аса көрнекті жаңашыл педагог, жазушы, қоғам-қайраткері Ыбырай Алтынсарин бір мың сегіз жүз қырық бірінші жылы Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Ыбырай жасынан Балқожа атасының тәрбиесінде болған. Бір мың сегіз жүз елуінші жылы орыс-қазақ мектебі ашылғанда түскен отыз қазақ баласының бірі-Ыбырай болған. Осы мектепті Ыбырай «өте жақсы» деген бағамен бітірді. Содан кейін ол өз елінде және Орынбордағы шекаралық комиссиясында тілмаш болып істеген. Алтынсарин өзінің ардақты борышы-балаларды оқыту деп түсінді. Сол үшін мектеп ашуға шақырады, өзі тұңғыш оқу құралы «қазақ хрестоматиясын» жазады. Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай Алтынсарин бір мың сегіз жүз сексен тоғызыншы жылы қайтыс болды. Алтынсариннің еңбегі бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
Киіміне қарап қарсы алады, Біліміне қарап шығарып салады.
Күш - білімде, білім - кітапта.
Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.
Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады.
Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
Ақыл - тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен.
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин – видный педагог-новатор, писатель, общественный деятель казахского народа, родился в 1841 году в Костанайской области, в районе Затобол. С малых лет Ыбырай был на воспитании у своего дедушки Балкожи. В 1850 году была открыта русско-казахская школа, и одним из 30 учащихся был Ыбырай. Эту школу он окончил на «отлично». Затем он работал переводчиком в Оренбургской пограничной комиссии. Алтынсарин считал своим долгом - обучать детей. Поэтому он открыл школу и написал свою первую книгу «Казахская хрестоматия». Для детей Алтынсарин – дедушка литературы. Ыбырай Алтынсарин умер в 1889 году. И по сей день труд Алтынсарина не потерял свою важность.
Диалог «Уақытты босқа өткізбе». (каждый сам составить диалог «чем занимаемся в свободное время»
Мақсат және қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер туралы айтып беріңіз.
Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғанын білдіретін құрмаластың түрі қимыл-сын бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, биік жар басынан теңіз жаққа көз салды. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың мақсатын білдіретін құрмаластың түрі мақсат бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.
Билет № 19
«Шоқан Уәлиханов» мәтінін оқып, аударыңыз.
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов-ұлы ғалым, ағартушы, саяхатшы, географ, этнограф, тарихшы, суретші. 1835 жылы Қостанай облысы Құсмұрын ауданында туған. Өз әкесі-Шыңғыс, ұлы атасы-Уәлихан, арғы атасы-Абылай. Шоқан жасынан ертегі, аңыз, әңгіме қызыға таңдап, жазып алған. Қазақ мектебінде оқып, арабша хат таныған. 1847 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға түседі, онда «ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті». Қызмет атқара жүріп, Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеугебелсене араласады. 1858-1859 жылдары Қашқарияға барған атақты саяхаты мен белгілі мәлеметтерімен дүниежүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болды. Шоқан Уәлиханов 1865 жылы Матай тауының етегінде қайтыс болған. Уәлихановтың «Жоңғария очерктері», «Қазақ халқының поэзиясының түрлері туралы», «Халық аңызы, ертегісі, өлеңдері, жырлары жинағы», «Қарқаралының сыртқы округтары болыстарынан қысқы көшіқоны» деген еңбектері бар.
Шокан Валиханов
Шокан Валиханов – великий ученый, просветитель, путешественник, географ, этнограф, историк, художник. Он родился в 1835 году в Костанайской области, в районе Кусмурын.Его отец – Шынгыз, дед – Валихан, прадед – Абылай. Шокан с детства интересовался легендами, сказками, рассказами. Учась в казахской школе, он знал арабскую письменность. В 1847 году Шокан поступил в Омский кадетский корпус, там его умственный кругозор и знания быстро выросли. Находясь на службе он смешивает исследования географии,истории, этнографии народов Средней Азии. Съездив в 1858-1859 году в знаменитое путешествие в Кашгарию,он внес вклад ,записав значимые сведения во всемирную геграфию. В 1865 году он умер в горах Матай. Труды Валиханова : «Очерк Джунгарии», «О видах казахской поэзии», «Зимние кочевки волостей Каркаралинского внешнего округа».