Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.61 Кб
Скачать

билет 1

  1. «Мемлекеттік тіл –қатынас құралы» мәтінін оқып, мазмұнын қысқаша айтып беріңіз.

Мемлекеттік тіл – қатынас құралы.

Тіл – өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді, біреудің ойын түсіне алмайтын еді. Тіл арқылы біз білім аламыз, мамандыққа үйренеміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың дәстүрлері бізге тіл арқылы жетеді.

Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Ол Қазақстанда 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды.

Елімізде тұратын барлық ұлттар мәдениетін, білімін, достығын жоғарлатқысы келсе, қазақ тілін білу керек. « Қос тіл-қос қанатың» деген нақыл сөзді әр уақытта есте сақтау керек.

  1. «Менің отбасым» , «Менің туыстарым» тақырыбына монолог.

Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Менің отбасым – менің алтын бесігім. Мен өзімнің _____ адамнан тұратын жанұямды жақсы көремін. Оның әрбір мүшесін мақтан етемін. Адамға өмірде ең қымбаттысы-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық болғанда бірлік болады. Осы аталған асыл қасиеттер менің алтын бесігімде сақталған. Мен өзімнің парасатты да мейірімді ағайын туыстарым мен нағашы жұртымды жақсы көремін.

  1. Дауысты дыбыстардың жіктелуі туралы айтып беріңіз.

 Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Қазақ тілінде 15 дауысты әріп бар. Оның ішінде 12-сі дыбыс, үшеуі қосалы дыбыстар (я, ю, ё). У дыбысы кейде дауысты, кейде дауыссыз.

Дауысты дыбыстар

а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, у, и, э

 

Тілдің

қатысына қарай

Жақтың

қатысына қарай

 

Еріннің қатысына қарай

жуан (твердые): а, о, ы, ұ, э, (у), (и)

жіңішке (мягкие): ә, ө, і, ү, е, (у), (и)

ашық (широкие): а, ә, о, ө,

е, э

қысаң (узкие):

ы, і, ү, ұ,

и, у

еріндік (губные): о, ө, ү, ұ, у

езулік (негубные):

а, ә, е, э, ы, і, и

Билет №2

  1. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы мәтінді оқып, бөліктерге ат қойыңыз,негізгі ойды білдіретін сөз тіркесімен сызба құрастырыңыз.

Қазақстан мемлекеттік рәміздері.

Рәміздер туралы алғашқы кітаптар XVI ғасырда жазылған. Ертеде жануарлар бейнесі кескінделген тұмаршалар ру-тайпалардың ортақ рәмізіне айналған. Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Олар: Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран. Мемлекеттік Туымыздың түсі-аспан түстес ашық көк. Ол адалдықтың, тазалықтың белгісі Ту бетінде алтын күн бейнесі, бүркіт, ұлттық өрнек бейнеленген. Алтын күн-киелі шамшырақты, қыран бүркіт еркіндікке, биік арманға самғауды білдіреді. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. Көгілдір ашық аспан аясында шаңырак бейнеленген. Оған күн сәулесі сияқты уықтар шаншылған. Оларды қанатты қос пырақ бейнесі көмкеріп тұр. Елтаңбадағы бес жұлдыз-бес құрлық белгісі. Авторлары: Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібекұлы.

  1. Диалог «Туған елім - Қазақстан». (Ғаламтор желісінде ұлты татар құрдасыммен әңгіме)

-Сәлем, ......

-Сәлем, .......

-Менің достығымның қабылдағаның үшін рахмет.

-Оқасы жоқ. Қиын болмаса өзіңнің елің туралы айтып бересің бе?

-Әрине, айтайын. Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай көп ұлтты ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу.

-Шамамен қанша ұлт өкілдері тұрады?

-130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.

-Тәуелсіздікті қашан алды?

- 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Қазір біздің тәуелсіздігімізге 22 жыл толды.

-Ел басыларыңыз қандай алам?

-Біздің елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл.

-Рәміздер бар ма?

-Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді.

-Өз туған жерің ұнай ма?

-Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ . «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Сенің туған еліме қонаққ шақырамын.

-Рахмет, ......., міндетті түрде Қазақстанға қонаққа барамын.

  1. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі туралы айтып беріңіз.

Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. 

Дауыссыз дыбыстар

б, в, г, ғ, д, ж, з, й, м, н, ң, р, л, к, қ, п, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у) 

Салдыр мен үннің қатысына қарай

 

үнді (сонорные):

м, н, ң, р, л, й, у

ұяң (звонкие):

б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

қатаң (глухие):

к, қ, п, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ

 

Билет № 3

  1. «Табиғат-алтын бесік» мәтінін оқып, бірнеше сұрақ қойыңыз.

Табиғат-алтын бесік.

Табиғатты сүйе білуіміз керек. Оның біздерге беретін пайдасы көп. Табиғат-асыл қазына. Оны үнемі қорғауымыз керек. Орман, өзен, әр түрлі мәдени ескерткіштер- мұның бәрі табиғаттағы зор байлық. Бұларды қорғай білу – бәріміздің азаматтық борышымыз. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты болады. Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Ол қоршаған ортамен, яғни жермен, ауамен және айналысындағы барлық тіршілікпен байланысты. Біз өзімізге зиян келтірмеу үшін осы байланыстарды айқындауымыз, танып білуіміз керек. Бұл үшін бізге ғылым көп көмектеседі.

Біздің елімізде табиғат қорғау ісіне ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, ескерткіштерді де ұқыптылықпен сақтау үшін құрылыс жұмыстары үнемі жүргізілуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]