
- •Еңбекақы есебі.
- •Ақша қаражатының және олардың эквивалент есебі.
- •Есеп айырысулар есебі
- •Қорлар есебі
- •Негізгі құралдар, биологиялық активтер және материалдық емес активтер есебі.
- •Инвестициялық жылжымайтын мүліктін, жалдауды және басқа да активтермен міндеттемелердің есебі.
- •Кірістер мен шығыстар есебі
- •Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындарды есепке алу тәртібі.
- •Қаржыландыру жоспарының атқарылуы бойынша есептілік.
Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындарды есепке алу тәртібі.
Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мүндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын — өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.
Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт — өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады.
Бұл есеп кәсіпорын басшылығына мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай кәсіпорынның да, оның құрылымдык бөлімшелерінің де жұмысы тиімділігін ықпалды және жанжақты бақылау өнімнің өзіндік құнын калькуляцияда қажетті; өнімнің жекелеген түрлері арасындағы қосымша шығындарды бөлу.
Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарга бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жакынырақ болады.
Экономикалық әдебиет пен тәжірибеде шығындардың пайда болу орны бойынша таңдалатын шығындардың құрамын топтастырудың екі тәсілі қарастырылады:
- кәсіпорынның қызметімен байланысты тікелей және жанама шығындар;
- өнімдердің барлық түрлері үшін жалпылама сипатқа ие болатын және жекелеген өнім түрлеріне тікелей жатқызбайтын кәсіпорында туындаған жанама шығындар. Тікелей шығындар өнімдердің жекелеген түрлері бойынша есептеледі.
Қаржыландыру жоспарының атқарылуы бойынша есептілік.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, өңірлердің және мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құру және пайдалану көрсеткіштерінің өзара байланысты жүйесі болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны коп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Бұл белгілер бойынша олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.
Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір коп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл - толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру тұрпаты, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары: материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржы жоспарлары; материалдық емес сфераның коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарының жоспарлары; бюджеттік қаражаттар есебінен шығыстары түгелдей немесе негізгі бөлігінде қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды қаржыландырудың дара жоспарлары.
Материалдық өндіріс сферасында кәсіпорында басқарушылық міндеттерді шешу кезінде стратегиялық, ағымдағы және оперативтік жоспарлау жүзеге асырылады. Жоспарлар тәптіштеудің әр түрлі деңгейлерінде әзірленеді.
Стратегиялық қаржы жоспары ұлғаймалы ұдайы өндірістің аса маңызды көрсеткіштерін, үйлесімдерін (пропорцияларын) және қарқындарын айқындайды. Ол нысаналы нұсқамаларды, инвестициялар стратегиясын және болжалды қорланымдарды іске асырудың басты нысаны болып табылады. Қаржылық стратегия ұйымды ақша қаражаттармен қамтамасыз етуге, оның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бухгалтерлік баланс (французша balanсе — таразы) — шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жай-күйін ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Өзара байланысты екі жақты кесте нысанында әзірленетін Бухгалтерлік баланстың сол жағы (актив) шаруашылық құрал-жабдықтарының құрамы мен орналасуын, оң жағы (пассив) солардың құралу көздері мен нысаналы мақсатын көрсетеді. Актив пен пассив қорытындылары бір-бірімен тепе-тең болады. Бухгалтерлік баланс мүліктің, міндеттемелердің нақты түріне, мүліктің құралу көзіне сай келетін баптарға бөлінеді. Баптар экономикалық мазмұнына қарай топтарға не бөлімдерге біріктіріледі. Баланстың әрбір жолының (бабының) реттік нөмірі болады, бұл әр бапты табуға және оған сілтеме жасауға мүмкіндік береді. Баланс кестесінің активі мен пассивіндегі әр баптың тұсында сомаларды көрсететін ашық орындар қарастырылған. Оларға заңды тұлғаның есеп беріп отырған кезеңнің басындағы (әдетте жыл басындағы) және аяғындағы сол бапқа қатысты қаражатының (құрамы мен көздері бойынша) қалдықтары жазылады. Бухгалтерлік баланс — қаржылық жағдайды талдаудың басты құралы. Талдау жасау арқылы сол заңды тұлғаның төлем қабілеттілігі, алған несиелерді қайтару мүмкіндігі анықталады. Бухгалтерлік баланстың кіріспелік, мерзімдік (ағымдағы), жылдық, жиынтық, т.б. түрлері болады.