Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджеттік есеп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.85 Кб
Скачать
  1. Кірістер мен шығыстар есебі

Жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа құрылымда қалыптасады. Құрылымға келесі бөлімдер кіреді:

I. Кірістер:

• салықтық түсімдер;

• салықтық емес түсімдер;

• иегізгі капитал сатудың түсімдері;

• ресми трансферттер түсімдері.

2.Шыгындар;

3.Операциалық қалдық;

4.Таза бюджеттік несиелеу - бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді өтеу;

5.Қаржы активтер операциялары бойынша қалдық - қаржы активтерді сатып алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың түсімдері;

6.Бюджет тапшылығы (профициті);

7.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - займдар түсу, займдарды өтеу, бюджет құралдары қалдығының қозғалысы.

Жоғарыда келтірілген құрылым бойынша бюджеттің бекітуі мен оны атқару жөніндегі есеп беру құрастырылуы іске асады. Бұл арада бюджет кірістері маңында салықтық және басқа да міндетті, қайырылмайтын төлемдер, ресми трансферттер, бюджетке ақысыз берілетін ақшалар келтіріледі. Және де ресми трансферттерден басқа кірістерде мақсатты арнаулары болмайды.

Бюджет шығындары маңында қайырылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік құралдар алынады. Олар мемлекеттік мекемелерінің іс-әрекетін қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты іске асыруға қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу, жеке тұлғаларға ақшалы төлемдер мен занды тұлғаларға субсидиялар беруге пайдаланады. Бюджет шығындарына ресми трансферттер де жатады, себебі олар бір бюджеттен басқа деңгейдегі бюджет пен Ұлттық қорға төлейтін төлемдер.

Бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырмасы операциялық қалдық (сальдо) деп аталады. Бұл арада, егерде бюджет шығындары кірістерінен асып түссе, онда теріс операциялық қалдық болады, ал кері болса - онда оң операциялық қалдық болады. Теріс операциялық қалдық жіберіледі, егерде бюджет шығындарына даму бюджеттік бағдарламалар болса, бірақ оның шекті көлемі мемлекеттің орта мерзімді фискалдық саясатпен анықталады.

Қазіргі уақытта ақысыз бюджеттік қаржыландырумен қоса бюджеттік несие беру арқылы бюджеттік несиелендіру де пайдаланады. Мұндай несиелер қайтару және өтелу шарттары негізінде беріледі, бірақ олар бойынша пайыздар немесе жалпы алынбайды, не болмаса банк несиелері пайыздарының деңгейінен төмен алынады. Сондықтан, бюджет несиелері банк несиелері мен бюджеттік қаржы беру арасынан орын алады. Осыған байланысты бюджет құрылымында бюджет несиелері мен оларды өтеу арасындағы айырмасы арқылы есептелетін таза бюджеттік несиелендіру деген түсінік бар.

Мемлекеттің қаржы активтермен мүліктенуге жұмсалған шығындар мен оларды өткізуден түскен түсімдер арасындағы айырмасы қаржы активтер операциялары бойынша қалдық (сальдо) деп аталады. Қаржы активтермен мүліктену маңында заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардан мемлекеттік меншікке қатысу үлесі мен құнды қағаздар сатып алуға жұмсалған шығындар табылады. Ал қаржы активтерді өткізуден алынған түсімдер болып мемлекеттік меншіктегі, мемлекеттік кәсіпорындардың оперативтік немесе шаруашылық басқарудағы заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардың қатысу үлесі мен құнды қағаздарын сатудан түскен бюджет кірістері табылады. Бюджеттік тапшылық (дефицит) маңында бюджет шығындарының оның кірістерінен артықшылығы қарастырылады, ал егерде бюджет кірістері оның шығындарынан асып түссе, онда бюджеттік профицит деген түсінік болады. Бюджет тапшылығының (ирофициттің) мөлшері операциялық қалдықтан таза бюджеттік несиелеу мен қаржы активтер операциялар бойынша қалдықты минустағанғатең.

Бюджеттік тапшылықты өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді пайдаланады, мысалы, ақша эмиссиясы, ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану. Республиканың Бюджеттік кодексінде бюджеттік тапшылықты қаржыландыру шеттен алып пайдалану мен бюджет құралдарының бос қалдықтары есебінен қарастырылған. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мөлшері тапшылық мөлшеріне сәйкес және ол алынған займдар мен бюджеттік құралдар қалдықтары сомасының займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының артықшьшығы арқылы анықталады. Бюджет профицитін пайдалану деген бюджет профицитін, займдар құралдарын, бюджет құралдарыньщ бос қалдықтарын займдар бойынша негізгі берешекті өтеуге жұмсау. Оның көлемі займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының алынған займдар мен бюджет құралдар қалдығының қозғалысы сомаларынан артықшылығы арқылы анықталады.