
- •Еңбекақы есебі.
- •Ақша қаражатының және олардың эквивалент есебі.
- •Есеп айырысулар есебі
- •Қорлар есебі
- •Негізгі құралдар, биологиялық активтер және материалдық емес активтер есебі.
- •Инвестициялық жылжымайтын мүліктін, жалдауды және басқа да активтермен міндеттемелердің есебі.
- •Кірістер мен шығыстар есебі
- •Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындарды есепке алу тәртібі.
- •Қаржыландыру жоспарының атқарылуы бойынша есептілік.
Есеп айырысулар есебі
Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма — қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды түлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма — қолсыз түрде жүзеге асу керек. Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банктік шоттарды ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен, келісім — шартта қарастырылған клиентке банктік қызмет күрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім — шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктік шоттар теңге мен шетел валютасында жургізілуі мүмкін және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттік шоттар болып блінеді.
Корреспонденттік шоттар — (банктер мен ұйымдардың) банктік операциялардың жеке бір түрлерін ғана жүзеге асыратын банктік шоттары.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың ерекше бөлімшелеріне (филиалдар мен -өкілдіктер) ашылатын банктік шоттар.
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:
1) шотты ашу жүніндегі өтініш;
2) қойылатын қол таңбалары мен мөр таңбаларының үлгісі бар карточка;
3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
4) мемлекеттік тіркеу туралы кәэліктің көшірмесі;
5) жарғы мең құрылтай шартының күшірмесі (егер құрылтайшылар саны 1-ден көп болса).
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болыи табылады. Ол үзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:
1. Қолма-.қол ақшаларды;кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мэлімдемесі ресімделеді. Қолма — қол ақша салымының мэлімдемесі түскен түсімді, депоненттелген еңбек ақыны және қолма — қол ақшадағы басқа да сомаларды өз шотына қабылдау туралы шот иесінің банкке деген бұйрығы. Мәлімдемені сиямен бір данада толтырады; қабылданған ақшаға банк квинтация береді, ол шығыс касса ордеріне тіркеледі.
2. Әртүрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда-чек ресімделеді. Чек ресімделуі — чек берушінің чек алушыға төлем құжатын беру арқылы төлемнің жүзеге асуын білдіреді.1[1]
3. Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады. Төлем тапсырма — қызмет көрсететін банкке өз ақшасын тапсырмада күрсетілген сомада бенефициар пайдасына аудару жөнінде төлеушінің тапсырмасы.
4. Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің қүнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда — төлем талап тапсырмасы жасалады. Төлем талап — тапсырмасы бенефициардың сатылған тауарлар, күрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін дәлелдеуші құжаттар негізінде ақша аударушыға төлем ақыны жүргізу туралы талабы.
5. Шаруашылық істері жүніндегі комиссияның бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.
Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк түлеуге қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Банктер мезгіл- мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан күшірме жолымен құлақтандыру жасайды. Күшірмеде банк кодтайтың, қатаң түрде белгіленген күрсеткіштер болады. Бухгалтер банктен алынған күшірмені тексереді, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептік тіркелімдерге жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.
Банктің көшірмесі есеп айырысу шоты бойынша талдамалы есептің тіркелімін үздігінен алмастырады және сонымен бірге бухгалтерлік жазулар үшін негіздеме қызметін атқарады. Кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берещекті көрсететін пассивтік шот болып табылады. Көшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуі, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын күрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субьектінің бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу шоты актңвтік болып табылады. Ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуі дебет бойынша, ал кемуі (есептен шығару) кредит бойынша күрініс табады. Банк көшірмесінің деректері бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 441 — шотта жүргізіледі.
441 — шот бойынша түмендегідей шаруашылық операциялары жүргізіледі:
1. Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған төлем сомасына Д-т441К-тЗО1
2. Төлеу мерзімі басталғанда вексель берушінің вексельді өтеуі Д-т 411 К-т 302 ‘
3. Еншілес заңды тұлғалар берешекті өтеген Д-т 441 К- т 321,323
4. Жал, займ, қарыздар бойынша алынған % сомасына Д-т 441 К-т 332
5. Дебиторлық берешек өтеген кезде Д-т 441 К-т 333, 334
6. Аккредитивтердің, лимиттелген чек кітапшаларының пайдаланылмаған сомалары есеп айырысу шотына есептелді
д_т441 К-т421,422
7. Ақшаны кассадан есеп айырысу шотына үткізгенде Д-т 441 К-т 451
8. Жарғылық капиталға салым ретінде қүрылтайшылардан қолма-қолсыз ақша қаражаттары келіп түсті Д-т 441 К-т 511
9. Алынған несиелер мен займдардың сомасы есеп айырысу шотына келіп түскен кезде Д-т 441 К-т 601-603
Ю.Аванс алынды Д-т 411 К-т 661,662
11.Алдағы кезеңдер есебіне алынған ақы Д-т 441 К-т 611
12.Акцияларға, облигацияларға салымдар жасалды Д-т 141-144, 401-403 К-т 441
ІЗ.Болашақ кезеңдер үшін жалдық ақыны түлеу Д-т 342 К-т 441 Н.Аванс берілген кезде (алдын ала төлем) Д-т 351 352, К-т 441 15.Аккредетивтерге қаражаттар есептелді, чек кітапшасы ашылды Д-т 421,
422К-т441 іб.Чек бойынша есеп айырысу шотынан қолма қол ақшалар алынды Д-т 451 К-т441
17.3аймдар мен несиелерді қайтару (үтеу) Д-т 601-603 К-т 441 18.Акциялар бойынша дивиденттерді түлеу Д-т 621-622 К-т 441 19.Бюджетке салықтар аударылды Д-т 631,633,634 К-т 441 2О.Еншілес, тэуелді, бірлесіп бақыланатын түлғаларға, жеткізушілер мен
басқа кредиторларға берешек өтелді Д-т 641 -643, 671, 678 К-т 441 21.Несиелер , қарыздар жалдау шарттары бойынша % түленді Д-т 684 К-т
441 22.Айыппұлдарды, түсімақыларды, тұрақсыздық айыптарын түлеу Д-т 821 К-т441
441- шотта көрсетілген операцияларды есепке алу үшін №2 журнал ордер мен №2 ведомость қолданылады. Олардағы жазулар есеп айырысу шоты бойынша банк күшірмесінің және соларға қоса берілетін құжаттардың негізінде жүргізіледі. Құжаттар алдымен әрбір күн үшін жиынтықтарды сомалау арқылы біртектес жинақтамалы шоттар бойынша топтастырылады (кірістік және шығыстық кркаттар бүлек-бүлек), содан кейін №2 журнал-ордерге (441— шоттың кредиті бойынша) және 441-шоттың дебеті бойынша №2 ведомоске жиынтық бір сомамен жазылады.№2 ведомостьке біртектес жинақтамалы шоттар бойынша сомаларды жазудан басқа, ай басындағы сальдо (қалдық) күрсетіледі де, ай ішінде есептелген дебеттік және кредиттік айналымдар ескеріліп, ай соңындағы қалдық анықталады. №2 ведомость бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында Бас кітапқа 441-шот бойынша күшіріледі.
Есеп айырысу шотын жабу оның иесінің үтініші бойынша:
- есеп айырысу шотын ашу үшін тіпті болмағанда бір ғана бөлігінің болмауына (дербес баланстың бар болуы және т.б.) әкеп соқтырған субъект қызметі сипатының өзгерісі кезінде;
- субъектіні қүрған органның шешімі бойынша;
- 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргізіледі.
Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субьектінің атауы үзгерген кезде шоттың иесі чек кітапшасын пайдаланылмаған чектермен қоса банкке қайтаруға, олардың нүмірін көрсетуге және есеп айырысу шотындағы қаражаттардың қалдығын растауға міндетті.