
- •Еңбекақы есебі.
- •Ақша қаражатының және олардың эквивалент есебі.
- •Есеп айырысулар есебі
- •Қорлар есебі
- •Негізгі құралдар, биологиялық активтер және материалдық емес активтер есебі.
- •Инвестициялық жылжымайтын мүліктін, жалдауды және басқа да активтермен міндеттемелердің есебі.
- •Кірістер мен шығыстар есебі
- •Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындарды есепке алу тәртібі.
- •Қаржыландыру жоспарының атқарылуы бойынша есептілік.
Бюджеттік есеп
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы ҚС ХҚЕС-ке сйкес.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті
орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтарлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалға тапсырманың үздіксіз,белгілі бір тәртіппен,арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорые мен ұйым мөр таңбасының басылуы)құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларын
сәйкес үздіксіз толтырылып,олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат-кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың
орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді
бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу
себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы)бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс.Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды.Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге жататындар:
- құжаттың аты,нысанының коды;
- құжаттың толтырылған уақыты (күні,айы және жылы);
- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
- шаруашылық операцияның мазмұны;
- шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
- жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің
ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек:құжаттың реттік нөмірі,ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі,шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және басқалары.
Құжаттардың нысандары (формалары)келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:
1) ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
2) еңбек жіне еңбекақы;
3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
4) материалдар;
5) кем бағалы және тез тозғыш заттар;
6) капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7) құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
8) автокөліктегі жұмыс;
9) түгендеу нәтижелері;
10) кассалық операциялар;
11) сауда операциялары.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында
толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкін болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады жіне ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.
Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба
машинасымен (компъютермен)және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.
Еңбекақы есебі.
Шаруашылық субъектілеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлерің бәріне және олардың әр қасысына бір айға төленуге тиісті еңьекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелінген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жжалпы соманы анықтап, одан ұсталуға тиісті сомаларды лып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу ведомосі деп атайды.
Шаруашылық субъектілерінде бұл ведомосі әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырады. Еңбекақы жөнінде есеп айырысу төлеу ведомосі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелінген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл ведомоста жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, табельдік номері, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы шаруашылық субъектілерінің жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің субьектілеріне қарыз сомалары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу ведомосы бойынша шаруашылық субъектісінің кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды. Бұл ведомость бойынша, біріншіден, жұмысшы-қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден, бұл ведомость еңбекақы бойынша есеп айырысу аналитикалық есебі болып табылады, ал үшіншіден, осы ведомость арқылы жұмысшы-қызметкерлерге алардың еңбегіне қарай еңбекақыларын төлейді. Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін жәрдемақы төлеуге, еңбек демалысына еңбек демалысына еңбекақы төлеуге, тағы да басқа екбекақылларды төлеу үшін, сондай-ақ орташа еңбекақыны есептеу үшін көптеген шаруашылық субъектілерінде әрбір жұмысшылар мен қызметкерлерге дербес шот ашылып жүргізіледі. Бұл шотта жұмысшы- қызметкерлердің аты-жөні, сол шаруашылық субъектісіндегі демалысының ұзақтығы, әрбір айға есептелінген еңбекақылар мен жәрдемақылары және олардан ұсталынатын ұсталымдар түрлері бойынша көрсетіледі. Бұл құжаттармен қатар шаруашылық субъектілерінде әрбір жұмысшы мен қызметкерге есеп айырысу қағаздар да топтастырылуы мүмкін.
Есеп айырысу қағаздарында да жоғарыда аталған ведомостағы барлық мәліметтер көрсетіліп ,әр жұмысшыға бөлек толтырылып, олардың қолдарына беріледі. Кейбір шаруашылық субъектілерінде жазуларды қайталап жаза бермеу үшін есеп айырыу – төлеу ведомосі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу ведомосі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу ведомосі журнал түрінде жасалынып, негізгі және қосымша беттерден тұрады.
Негізгі бетінде жұмысшылр мен қызметкерлерге есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы жәене олардың ұсталатын ұсталымдары есептеуге кректі мәліметтері көрсетіледі. Ведомостің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге (айға, тоқсанға, жарты жылға, жыға) ашылғандығына байланысты болады. Бұл ведомостің титулдық бетінде жұмысшы-қызметкерлерге төленген және депотенттелген еңбекақы сомалыры жазылады.
Ведомості толтыру барысында оның ең соңғы бетінде жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына көресету сәйкестігін тексеру қажет. Сонымен қатар ведомостерде, дербес шоттарда және есеп айырысу қағаздарында көрсетілген адамдардың аты-жөні сол шрауашылық субъектілерінде қызмет атқарушылардың тізімдері құрамының есебіне сәйкестігі тексеріледі. Бұл ведомость бойынша жұмысшылр мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақы сомалардың одан ұсталатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін ведомостің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс.
Шаруашылқ субъектьілерінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 681-«Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу»-деп аталатын синтекалық, пассивті шоттарда жүргізіледі. Бұл шот бойынша деректемелер мен ақапараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерлерінде көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істелген, қызмет атқарылғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа, оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек.
Сонымен қатар бұл тауарлы еңбек қоры жайлы тиісті органдарға есеп берілуі қажет. Соныдықтан да рапорттар мен өнімдерді өнідіру ведомостары , табельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелінген еңбекақы, олардың түрлері және қызметкерлердің категориялары бойынша топталынады.
Бұл топтау журнал-ордерлерінің үлгілі түрі №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі, ол кестенің сол жағында дебеттелінетін шоттар нөмерлері, ал оң жағында жұмысшылар қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелінген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады.