Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.49 Кб
Скачать

7.Кешенді бақылау нәтижесін жинақтау.

Аудиторлық қызметтің нәтижелері – аудитормен куәландырылған, құқықтық маңызы бар арнайы құжатттың сапасына байланысты болады.  Бұл құжат –тексеріс актісі, анықтамасы деп аталып, шаруашылық субъектінің құжаттарының, бухгалтерлік есебінің заң мен талапқа сәйкестігі туралы тұжырымдар жинағы бейнеленеді. Аудиторларға тексеруге берілетін құжаттар мен  мәліметтердің нақтылығына шаруашылық субъектісі жауап береді.

Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты- аудитордың аудитті нормативтік- құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.

Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:

-         олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде көмектеседі;

-         олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;

-         оларда аудиторлық қорытындыны растауш процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.

Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процессін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау жеңілірек болады.

Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:

1.Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;

2.Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;

3.Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;

4.Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;

5.Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;

6.Ассистенттер орындаған жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;

7.Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағаны туралы көрсетулер;

8.Аудиторлардың сарапшылармен, кеңесшілермен және үшінші жақтың басқа да өкілдерімен өткізген әңгімелерінің көшірмелері

9.Аудитордың өз клиентіне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;

10.Клиенттен немесе оның өкілдерінен алыенған хаттары;

11.Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;

12.Шоттардың, экономикалық субьект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының талдауы, тексеруші баланстар;

13.Өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебінің, сонымен бирге сол қорытынды есеп бойынша жасалынған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б көшірмелері;

14.Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер.

Аудит аяқталғаннан кейін аудит жөніндегі директор немесе топтың жетекшісі барлық жұмыс құжаттарын жинақтауға және оларды арнайы бөлімдердің номенклатурасын пайдалана отырып, картотекаларда топтауға тиісті. Ыңғайлы болу үшін кейінгі (келесі) жұмыста жұмыс құжаттары әдетте екі типке бөлінеді:

-тұрақты құжаттардың картотекалары;

-ағымдағы құжаттардың картотекалары.

Тұрақты құжаттардың картотекасында келесі аудитті өткізу процесінде пайдаланылатын ақпараттар сақталады. Әрбір аудит өткізу жағдайында бұл папканың мәліметтері қайта қаралуға және жаңартылуға тиісті. Тұрақты құжаттардың папкалары төмендегі қажеттіліктер үшін жасалынады:

-клиенттің қаржы-шаруашылық қызметімен танысу үшін жаңа жұмыскерлерді дайын ақпараттармен қамтамасыз етуге;

-есеп саясаты және есеп процедуралары туралы ақпараттарды сақтауға;

-ішкі бақылау жүйесінің жұмысына қатысы ақпараттарды қамтамасыз етуге;

-келешекте өзгермейтін жұмыс құжаттарын жыл сайын жаңадан дайындау қажеттілігін болдырмауға;

-қайталанатын жағдайларға дайын сілтемелер алуға;

-клиент бизнесіне қатысы бар ақпараттарды құжаттауға.

Тұрақта аудиторлық папкада: Жарғының және құрылтай келісім-шарттарының, статистикалық карталардың, тиісті қызмет түрлеріне алынған лицензиялар, партнерлармен жасалынған келісім-шарттар, бизнес жоспарлар, есеп саясаты жөніндегі бұйрықтар, жұмысшы шоттар жоспары, ұсыныс хаттары.

Ағымдағы құжаттардың картотекасы:

-жоспарланған жұмыстар туралы жазу үшін жүргізіледі;

-жүзеге асырылған процедуралармен, жүргізілген тәсілдермен, жасалынған қорытынды пікірлермен бірге, орындалған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі ақпараттар алу үшін жүргізіледі;

Ағымдағы құжаттардың картотекасында аудитордың жұмыс құжаттарының көбірек бөлігі сақталады, сондықтан оларды төмендегі бөлімдерге топтастырылған тиісті номенклатура бойынша бөлу дұрыс:

-қаржылық қорытынды есепке шолу жасау құжаттары;

-аудиторлық тексерудің жоспары мен бағдарламалары;

-нақты тексеру жүргізу нәтижесі бойынша құжаттар;

-арнайы мақсаттағы құжатттар.