Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

₪ Сөздікті пайдалана отырып, мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

◘? Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Археологиялық деректемелер бойынша көліктің шаруашылық салаларына қай заманынан ене бастағаны байқалады.?

  2. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы, неге байланысты болды?

  3. Жегін малы қандай көлік құралдарына жегіліп және нені тасмалдауға пайдаланылды?

  4. Көшпелі қазақтардың тұрмыс тіршілігінде ненің орны ерекше болған?

  5. Түйе туралы не білдіңіз?

  6. Жылқы туралы не айталасыз?

  7. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте қандай көлік түрлерімен ығыстырылды?

  8. Техникалық көлік түрлері нені айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды?

  9. Қазіргі кезде мініс малы қандай жұмыс түрлерінде пайдаланылады?

  10. Жылқыны қайда пайдаланады және қайдан көреміз?

Ω Төмендегі берілген сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Тарихи-археологиялық деректер, мал қамымен, ұзақ жүріске, шөл дала, көлік құралы, ара қашықтық, неоли заманы, ежелгі мемлекеттер, ғылыми-техникалық жетістіктер, техникалық көлік түрлері

Үлгі: Тарихи-археологиялық деректерден адамдар көп мәлімет алады.

Шылау сөздер туралы түсінік

Тілімізде толық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Мысалы: Есіңде сақтаңыз!

    1. Ма, ме, па, пе, ба, бе, да, де, та, те шылаулары бөлек жазылады.

    2. Көктемде ауыл(да), дала(да), қала(да) жайнап құлпырады.

    3. Ауыл(да) (қай жерде?) бірге оқығанбыз.

    4. Қала(да) (қайда?) зәулім үйлер салынып жатыр.

    5. Телехабарда ән(де), жыр(да), кино(да) кезектесіп жүріп жатады

    6. Ма, ме, ба, бе, па, пе – етістіктің болымсыз түрінде жұрнақ ретінде бірге жазылады.

    7. Барма, айтпа, жазба, төкпе, сөкпе, сындырма.

    8. -ау, -ай,-ақ, -ды, -ді шылаулары дефис арқылы жазылады.

    9. Ол көргенін айтқан-ды. (сондай-ақ, көрген-ау, берген-ақ)

Шылаулардың түрлері

Есте сақтаңыздар!

Қазақ тілінде өздерінің дербес лексикалық мағыналары жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек көмекші қызметінде жұмсалатын сөздерді шылаулар деп атайды. Шылаулар үш түрге бөлінеді.

Септеуліктер: дейін, шейін, кейін, бұрын, туралы, жайында, т. б.

Жалғаулықтар: мен (бен, пен), да, де, та, те, я, яки, не, немесе, не болмаса, және, әрі, бірақ, алайда, дегенмен, т. б.

Демеуліктер: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ды,-ді, ғой, қана, -ау, т.б.

Еске түсірейік!

Шылау сөздер

Септеулік шылаулар өзінің алдындағы сөздердің белгілі бір септікте тұруын қажет ететін шылауларды септеуліктер дейміз.

Меңгерілетін септіктер

Септеуліктер

1. Атау

арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, бойы, бойынша, бойына, бойында, бері, басқа, бұрын, әрі, тәрізді, бойда, бойынша, бойымен, сайын, үшін, ғұрлы, шамалы, шақты, қаралы.

2. Барыс

дейін, шейін, төмен, қарай, қарап, қарсы, салым, тарта, жуық, таяу.

3. Шығыс

бері, кейін, соң, бұрын, бетер, гөрі, әрі, басқа, бөлек, өзге.

4. Көмектес

қатар, бірге, қабат, қоса.

2. Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салыстыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:

1. Ыңғайластық

мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі

2. Қарсылықты

бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйтсе де, өйтсе де, өйткенмен, сонда да

3. Талғаулықты

әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде

4. Себеп-салдарлық

себебі, өйткені, сондықтан, сол үшін, сол себепті

5. Шарттық қатынасты

егер, егерде, онда

3. Демеулік шылаулар өзі шылауында тұрған сөзге я сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ септеулік пен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды.

1. Сұраулық демеуліктер

-ма -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ше

2. Күшейткіш демеуліктер

-ақ, -ау, -ай, -да, -де, -та, -те

3. Шектік (тежеу) демеуліктер

-ғана, -қана,-тек, -кейде-ақ

4. Болжалдық демеуліктер

-мыс, -міс, -кейде-ақ

5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктер

түгел, тұрсын, тұрмақ

6. Нақтылау мәнді демеуліктер

-қой, -ғой, -ды, -ді, -ты, -ті.

3–тапсырма. Берілген шылаулармен сөйлемдер құраңыз.

арқылы, үшін, дейін, немесе, ма, бе, қабат, дегенмен, алайда, сияқты, бірақ, себебі, ғана, соң.

4–тапсырма. Сызбаны толықтырыңыз

Септеулік шылау

Демеулік шылау

Жалғаулық шылау

9-тапсырма. Сызбаны толықтырыңыз .

ШПрямая соединительная линия 5 Прямая соединительная линия 7 Прямая соединительная линия 6 ылаудың түрлері

Прямоугольник 2 Прямоугольник 3 Прямоугольник 4

Атау с. арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, бойы, бойда, бойынша, бойымен, сайын, үшін, ғұрлы, шамалы, шақты, қаралы.

Барыс с. дейін, шейін, төмен, қарай, қарап, қарсы, салым, тарта, жуық, таяу.

Шығыс с. бері, кейін, соң, бұрын, бетер, гөрі, әрі, басқа, бөлек, өзге. Көмектес с. қатар, бірге, қабат, қоса. тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады.

Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады.

Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер.

Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді.

Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау,

-мыс, түгіл, ғана, тек,

-ды, ді, ты, ті

(Неге?) Мектепке дейін

бірге бардық.

Мен (кіммен?) әкеммен бірге кешке (неге?) шейін жұмыс істедім.

Көпір (не?) арқылы өттік.

Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.

Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.

Мен солдатпын ғой!

Ол мектепке барды ма?

Дәмін татық-ау. Берілген тапсырманы орындапты-мыс.

⌂ Мәтіннен шылау сөздерді табыңыз.

Ω Мына берілген септеулік шылаулары арқылы сөйлем құрастырыңыздар: үшін, туралы, арқылы, тәрізді, сияқты

Үлгі: Адам баласы мініс малын жолаушылар мен жүк тасу үшін пайдаланған.

₪ Мына төмендегі берілген жалғаулық шылауларының баламасын табыңыздар:

но, или, так как, поэтому, если, тогда

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]