Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық

Білім алушылар кәсіби қазақ тілі пәнінен мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде берілген тапсырмаларды орындайды. Білімгерлердің кәсіби тақырыптарына байланысты мамандықтарына қатысты лексиканы меңгеру негізінде салалық лексиканы меңгереді. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау, өзара пікірлесу, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорлары молайып, жетік меңгеруге дағдыланады.

Сонымен бірге мамандығына қатысты тақырыптар негізінде түрлі жазба жұмыстарын орындау, өз ойларын еркін жеткізе отырып, жазылым дағдысының қалыптасуына, сауатты жазуларына ықпал етеді.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушыларға арналған семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу арқылы олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

1-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Көшпелі қазақ тұрмысында қолданған көлік түрлері.

Грамматикалық тақырып: Шылау. Септеулік, жалғаулық, демеулік шылаулар.

Мақсаты: студенттердің өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгерту. Кәсіби сөздерді меңгеру үшін өздігінен ізденуге үйрету.Сабақ тақырыбына сай меңгерілген терминдерді өздік жұмыс барысында қолдануға төселдіру.

Көшпелі қазақ тұрмысында қолданған көлік түрлері.

І Сөздікпен танысыңыз

шөл дала – пустыня, голая (безводная) степь

орманды – лесной

батпақты – болотистый, топкий; вязкий

таулы-қыратты – горно-холмистый

жегін – привыкший к запряжке

мал – скот, животное

көлік құралы – транспортное средство

күйме – карета (повозка с крытым верхом)

тасмалдау – перевозки, транспортировки

дерек – 1) сведения, данные, факты 2) известие, весть

көшпелі – кочевой

тұрмыс тіршілігінде – в жизни и быту

болған – имели

жолсыз – по бездорожью

шөл жерлерде – по пустынным местам

дала – степной

кемесі – корабль

шөлге – жажде

ұзақ жүріске – долгой, продолжительной ходьбе

шыдамды – вынослевый, терпеливый

сенімді – верный

мал қамымен – забота о животных

көктеу – весенняя пастбища

жайлау – летняя пастбище

күздеу – осенняя пастбище

қыстау – зимовка, место для зимовки, зимнее стойбище, зимнее пастбище көшіп-қону кезінде – во-время переезда

ара қашықтық – расстояние

өте алады – может проходить

тұрмыс-салты – обычаи и традиции

болды – являлись

қолайлы – удобным

атты – наездник, человек на коне

жалында – на гриве

қамында – с заботой

салт мініске – для езды верхом

жарамды – пригоден

жүріске берік – крепкий, стойкий для езды

төзімді – вынослевый

мініс малы – животное или скот предназначенное для езды

1-тапсырма. Жоғарыда берілген сөздердің аудармаларын есте сақтаңыз!

          1. 2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіз.

Көшпелі қазақ тұрмысында қолданған көлік түрлері.

Археологиялық деректемелер бойынша көлік шаруашылық салаларына неолит заманынан ене бастағаны байқалады. Ежелгі заманнан келе жатқан көлік малына негізінен жегін және мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, өгіз, бұғы, ит т.б. жатады. Көлік малы – ауыл шаруашылығында салт мініске, жегіске және басқа да шаруа түрлеріне пайдаланатын ірі қара мал.

Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы, оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.

Көлік малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жүк және жолаушы тасмалдауға пайдаланылды. Осы көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда (Египет), Вавилонияда, т.б. жерлерде б.з.б. 3 мың жылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді. Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды.

Көшпелі қазақтардың тұрмыс тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе жолсыз шөл жерлерде жүретін «дала кемесі» атанған күшті, шөлге және ұзақ жүріске шыдамды, сенімді көлік. Ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға, көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылды. Түйені жұмысқа 3 жылдан 20-25 жылға дейін пайдаланылған. Ол, тәулігіне 100 км ара қашықтықты сағатына 10-12 км жылдамдықпен өте алады.

Жылқы да көшпенді қазақ халықының тұрмыс-салтына аса қолайлы көлігі болды. Қазақтар «ат ердің қанаты» деп есептеген. Бағзы бір замандарда «аттының жалында, түйенің қамында» жүрген кездер де болған.

Жылқы – салт мініске, арбаға жегуге, т.б. ауыр-жеңіл жұмыстарға жарамды, ат жарыстарына, жүріске берік, төзімді келеді. Көлік малы ретінде пайдаланылатын жылқы түрлері: жүк жылқысы (владимир, першерон жылқысы, т.б.), жегіс жылқысы (орлов, орыс, латыш, т.б. жылқылары), мініс жылқысы (араб, ахал-теке, иомуд, т.б. жылқылар) болып бөлінеді.

Адамзат қоғамының даму барысында көліктің түрі мен құрамы өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте темір жолында кеңінен пайдаланатын поездбен; әуежайда: тік ұшақ және ұшақ; жол ара қатынастарында: машина, автобус, автомобиль, такси; қала ішінде: трамвай, троллейбус, автобус, ауыл шаруашылығында: трактор, комбайын, самосвал, КАМаз т.б. көлік түрлерімен ығыстырылды.

Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды.

Қазіргі кезде мініс малы автомобиль, трактор т.б. көлік түрлері бара алмайтын жұмыс түрлерінде пайдаланылады. Ауылды жерлерде жылқышылар немесе малшылар бір табын малды баққанда жылқыны пайдаланады. Спорт жарысында ипподромдарда қазақ ұлттық ойындары: «Қыз қуу», «Ат жарысы», «Көкпар» т.б. түрлерін өткізгенде жылқы малын жиі көреміз.

Ғ. Шайхадден

Қысқартылған сөз: б.з.б. – біздің заманымыздан бұрын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]