Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Глоссарий

Білім алушының өздік жұмысы (ары қарай – БӨЖ) – өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады;

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу, көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Дыбыс – дыбыстау мүшелері арқылы жасалып, естілетін физикалық құбылыс.

Орфография – сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы.

Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу ережесі.

Омоним – дыбысталып, жазылуы бір, мағыналары бір– бірінен алшақ сөздер.

Антоним – мағыналары бір – біріне қарама– қарсы сөздер.

Синоним – жазылуы мен айтылуы әртүрлі, бірақ мағыналық жағынан жақын сөздер.

Түбір – сөздің ешқандай бөлшектеуге келмейтін түпкі түрі.

Қосымша – жеке тұрғанда мағынасы болмағанмен, түбірге жалғану арқылы сол сөзге әртүрлі лексикалық және грамматикалық мағына беретін сөз бөлшнгі.

Жағдаяттық тапсырма – білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі

Презентация (лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Демонстрация (лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.

Силлабус (лат. Syllabus – қадам, саты) - әрбір пән бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы.

Семинар – (лат. Seminarum - орда) – жоғарғы оқу орындарындағы практикалық сабақ. Семинар сабақтың мақсаты – оқу пәнін тереңдетіп оқыту.

Типтік оқу жоспары – білім берудің кәсіби оқу бағдарламасының оқу пәндерінің көлемі мен тізбесін, олардың оқытылу тәртібі мен бақылау формасын белгілеп беретін құжат;

Автомобиль – рельсі жоқ жолдармен жүк тиеп, адам тасуға арналған машина.

Пойыз – бірнеше локомативке тіркелген вагондар тізбегінен тұратын теміржол құрамы.

Платформа – 1. пойызға мінетін жердегі биіктеу алаң; 2. тауар тиейтін жайдақ вагон.

Ұшақ – аспан арқылыадам жәнежүк таситын әуе кемесі.

Техника – өндіріс құралдарының жиынтық аты.

Техникалық минимум – техника саласынан өткізілетін білім сынығы.

Көлік – әуеде, жерде және суда жолаушылар мен жүк тасымалдайтын қатынас құралы.

Көлік – сайман – көлік пен оның жабдықтары.

Көлік құралы – көлік ұшін қажетті аспап, сайман.

Көліксіз – көлігі жоқ, жаяу.

Көлікті – көлігі бар, көлікке мінген.

Көлікші – көлік жүргізуші, жолаушы мен жүкті тасушы.

Күйме – төбесі жабық сәнді арба.

Кеме – теңіз бен мұхиттарда жүзіп жүретін көлік түрі.

Құбыр – сұйық заттарды жер асты арқылы өткізу үшін металдардан жасалған іші қуыс зат; труба.

Жанармай тех. – түрлі көліктерді жүргізугепайдаланылатын техникалық (бензен, керосин) сұйық май.

Тренинг – студенттің өзін-өзі танудағы білімі мен дағдысын қалыптастырудың, топтағы адамдармен қарым-қатынастық әдіс жиынтығы. Тренингтің негізгі құралдары топтық дискуссия және рөлдік ойындар болып табылады.

Сөйлем – тиянақты ойды білдіретін сөз, сөз тіркесі.

Сөз тіркесі – толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да байланысуы.

Хабарлы сөйлем – белгілі бір оқиға, құбылыс, адам, нәрсе туралы хабарлай айтылатын сөйлем.

Сұраулы сөйлем – бір нәрсе жайында сұрай айтылатын сөйлем.

Бұйрықты сөйлем – іс–қимылға итермелеу, орындауға ұмтылдыру мақсатында айтылатын сөйлем.

Лепті сөйлем – айтушының немесе жазушының көңіл күйін, эмоциясын білдіретін сөйлем.

Құрмалас сөйлем – мағыналық жағынан, интонациясына байланысты, грамматикалық тұлғаларына қарай екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді. Олар салалас құрмалас, сабақтас құрамалас және аралас құрмалас сөйлемдер деп бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]