
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
- •5В071300-Көлік, көлік техникасы және технологиясы, 5в090100-"Тасымалды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және көлікті пайдалану",
- •5В071700-«Жылу энергетикасы»
- •Силлабус
- •Байланыс телефоны: 32-233 (жұм.); saule bal@mail.Ru және Gospankuloba_@ mail.Ru
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы
- •6. Негізгі жіне қосымша әдебиеттер тізімі
- •1. Негізгі әдебиеттер:
- •2. Қосымша әдебиеттер:
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау.
- •Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Глоссарий
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылау сұрақтары
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •І Сөздікпен танысыңыз
- •Көшпелі қазақ тұрмысында қолданған көлік түрлері.
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Шылаулардың түрлері
- •Шылау сөздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік кешені.
- •І Сөздікпен танысыңыз
- •І мәтінге қатысты сөздікпен танысыңыз.
- •Инженер немесе өнертапқыштар.
- •Іv. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Көсемшенің жасалуы мен түрлері
- •Бөж тапсырмалары
- •Автомобиль өнеркәсібінің тарихы және әйгілі өнертапқыштар.
- •І. Сөздікпен танысыңыз
- •Іі. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіз.
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Бөж тапсырмалары
- •Көліктің түрлеріне жалпы сипаттама
- •І. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Машина құрастыру
- •І. Сөздікпен танысыңыз
- •Іі. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіз.
- •Автомобиль өнеркәсібі.
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •VI. «Автомобиль өнеркәсібі» мәтінін оқып шығып мазмұндап беріңіз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Автомобиль монополиясы Сөздікпен танысыңыз
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Бөж тапсырмалары
- •Автомобиль транспортында жүк тасымалын ұйымдастыру және пайдалану
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Грамматикалық тақырып: Шартты рай
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Шартты рай
- •Бөж тапсырмалары
- •Автобус і Сөздікпен танысыңыз
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •І. Сөздікпен танысыңыз
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Қалау рай
- •Изафеттік құрылымның берілуі
- •Бөж тапсырмалары
- •Құрылыс-жол машиналары
- •Энергетика дегеніміз не? Энергетика туралы жалпы ұғым.
- •9.1.Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •9.3. Мәтінді оқып, әңгімелеңіз.
- •9.4. Мәтінге жоспар құрып, талқылаңыз.
- •9.5. Мәтіндегі қысқарған сөздерді сөзбен жазыңыз.
- •Стансалардың түрлері
- •10.1.1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
- •10.1.4. Дұрыс жауабын табыңыз.
- •10.2.1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
- •Жылу электр стансасы
- •11.1. Сөздікпен жұмыс:
- •11.2. Мәтінді оқыңыз. Түсінгеніңізді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.
- •Электр стансалары
- •12.3.1. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз, мазмұнын өз сөзіңізбен айтыңыз. Су электр стансасының тарихы
- •Су энергетика қорлары
- •13.3.2. Берілген сөздердің қазақша баламасын табыңыз.
- •Су энергетикасы
- •Қазақстанның отын қорлары
- •13.1.2. Сөз тіркестерін меңгеріңіз.
- •Мәтіндегі сан есімдерді теріп, сөзбен жазыңыз.
- •Мына етістіктердің болымсыз формасын жасаңыз.
- •13.2.1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің қазақша баламасын жазыңыз.
- •13.2.3. Сөз тіркестерін құрамына қарай талдаңыз.
- •Отынның түрлері
- •14.1. Мәтінді аударып, мазмұнын айтыңыз.
- •Отын-энергетика кешені
- •15.1. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
- •15.3. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.
- •Көмір энергиясы
- •15.4. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •Сөз тіркестерін меңгеріңіз.
- •15.9. Мына сөздердің қарама-қарсы баламасын жазыңыз.
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Отын-энергетика кешені
Мақсаты: студенттердің өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгерту. Кәсіби сөздерді меңгеру үшін өздігінен ізденуге үйрету.Сабақ тақырыбына сай меңгерілген терминдерді өздік жұмыс барысында қолдануға төселдіру
Грамматика: Анықтауыштық тіркестер.
Мәтін алды тапсырма:
15.1. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
1. Қандай отын қорларын білесіз және отын қорының негізгі көздеріне не жатады?
2. Қазақстандағы ең ірі кен орны қай аймақ?
3. Көмірдің адамзат үшін пайдасы бар ма?
4. Қоңыр көмір қайда және қалай өндіріледі?
5. ЖЭС-да қандай көмір пайдаланылады?
15.2. Сөздерді меңгеріңіз.
сүйенеді-опирается
өнеркәсіп-промышленность
шикізат-сырье
тыңайтқыш-удобрение
синтетикалық талшық-синтетическое волокно
көлік-транспорт
15.3. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.
Қазақстан халық шаруашылығы негізінен өз энергетика қорына сүйенеді. Барлық салалар үшін отын қорының негізгі көздері – көмір, мұнай, газ, тақтатас. Көмір – республика энергетикасының негізгі қоры. Ол фабрика, зауыт, электр стансалар, көлік, металлургияда пайдаланылады. Қазіргі кездегі өнеркәсіпте көмір- химия өнеркәсібі үшін маңызды шикізат. Кокстелетін көмірден металлургия үшін қажет кокс алған кезде азот тыңайтқыштарын, пластмасса, синтетикалық талшықтар, каучук, бояулар өндіруге жұмсалатын түрлі газдар мен қарамай қоса бөлінеді.
Жылу электр стансалары үшін калориялылығы төмен, күлі көп қоңыр көмір пайдаланылады. Оны негізінен ашық әдіспен Қарағанды және Екібастұз өңірінде өндіреді. Майкүбі және Торғай көмір аймағы да игерілуде.
Қарағанды көмір аймағы – республикадағы ең ірі көмір кен орны. Қазақстанда өндірілген көмірдің 45 пайызын осы Қарағанды аймағы береді. Бұл жердегі көмірдің геологиялық қоры 51 млрд. тонна деп есептелген.
Көмір энергиясы
15.4. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Көмір - ең арзан энергия көзі. Адамзат көмірді ұзақ жолдар бойы тек отын есебінде ғана пайдаланды, ал казіргі кезеңде көмір энергетикада және технологиялық әрі химиялық шикізат ретінде кең қолданылады.
Физикалық, химиялық және биологиялық өзгерістердің нәтижесінде жер қойнауында көмірдің бірнеші түрі (лигниттер, қоңыр және тас көмірлер) пайда болған. Олардың энергетикалық сапасы әртүрлі болады. Төменгі сапалы коңыр көмір негізінен отын, энергия көзі ретінде пайдаланылса, жоғары сапалы тас көмір металлургия химия өндірістерінде шикізат ретінде қолданылады. Қазір дүние жүзінде шойын мен болат қорыту мөлшері едәуір өсті, ал олар үшін сапалы көмір аса қажет. Қазір бұл сала үшін барлық көмір өнімінің 25%-і жұмсалып отыр. Металлургия өндірісінде көмірден жартылай кокс алу технологиясы игерілген. Көмірді ауасыз ортада 500-600 С-қа дейін қыздыру арқылы кокс, қара май, тағы басқа шикізаттар өндіріледі.
Қазіргі уақытта химия өндірісінде көмірді өңдеу арқылы 350-ден астам зат алынады. Олардың ішінде синтетикалық бензин, май түрлері, әр түрлі бояулар, пластмассалар, дәрі-дәрмектер т.б. бар.Аспирин, сульфидин, новокаин, стрептоцид сияқты дәрілермен емделетін адамдар олардың тас көмірден алынатынын білмейтін болар.
. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Көмір қандай отын?
Көмірдің қандай түрлері бар?
Көмір қай өндірісте пайдаланылады?
Көмірден қандай дәрі –дәрмектер жасалады?