Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

13.2.3. Сөз тіркестерін құрамына қарай талдаңыз.

Отын түрлерімен, ағынды сулардың, пайдаланылатын болса, электр стансаларында, су энергиясына, кинетикалық энергия.

13.2.3. Отын, қондырғы, су сөздерімен сөз тіркесін жасап, бірнеше сөздік құрыңыз, оларды аударыңыз.

Үлгі: отын қоры, отын үнемдеу, отынды сақтау, отын балласты, сұйық отын т.б.

13.2.4. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз. Мысалы, 7,2 - жеті бүтін оннан екі;

13.2.5. Берілген етістіктермен сөз тіркесін құрыңыз. Сөйлемдер жазыңыз. Пайдаланылатын, өндіретін, айналысатын, орналасқан, беретін, қажет ететін.Үлгі: қамтамасыз ететін елдер.

БӨЖ тапсырмалары:

«Қазақстандағы отын энергетикасы» тақырыбына презентация жасау.

14-сабақ

Отынның түрлері

Мақсаты: студенттердің өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгерту. Кәсіби сөздерді меңгеру үшін өздігінен ізденуге үйрету.Сабақ тақырыбына сай меңгерілген терминдерді өздік жұмыс барысында қолдануға төселдіру.

Грамматика: Шылаулар. Есімшенің зат есіммен тіркесуі.

14.1. Мәтінді аударып, мазмұнын айтыңыз.

Өнеркәсіп мақсатында көп мөлшерде жылу өндіру үшін экономикалық тұрғыдан пайдалануы тиімді жанатын органикалық заттар отын деп аталады.

Жылу және жарық шығаратын жылдам реакция жану деп аталады. Жылутехникада жану деп отын мен оттегінің әрекеттесуін айтады.

Жанатын заттың отын ретінде қолдануы экономикалық есептеумен негізделуі керек. Онда отын қоры, өндіру мен тұтынушыға жеткізу бағасы, жану жылулығы яғни, маңыздың (массаның) бірлігіне қатынасты жылу шығаруы, реакциялық қабілеті, тотықтырғышпен қосылу белсенділігі (күл,су) мөлшері және т.б. есепке алынады.

Тұтынушыға байланысты отын энергетикалық және тәсілдемелік (технологиялық) болып бөлінеді. ЖЭС-да пайдаланылатын отын энергетикалық отын деп аталады. Металлургияда, химиялық, құрылыс материал өнеркәсібінде және т.б. пайдаланылатын отын тәсілдемелік отын деп аталады.

Тәсілдемелік отынның сапасы энергетикалық отынға қарағанда әдетте жоғары болады. Мысалы, Балқаштағы мыс балқыту пешінде жағылатын Кузнецк көмірінің күлі 15-20 % -н аспайды, ал Қазақстан және ресей ЭС –да көп пайдаланатын Екібастұз көмірінің күлі 55% жуық және түрпілігі (абразивность) өте жоғары.

Келешекте отынның кешендік (комплексті) тәсілдемелік және энергетикалық пайдалануы өседі. Онда алдымен көмір, жанатын тақта тас, шымтезектен бағалы химиялық заттар бөлініп алынады да содан кейін қалғаны ЭС-да жағылады.

Энергетикалық отынның негізгі түрлері органикалық отындар: шымтезек, жанатын тақта тас, көмірлер, табиғи газ, мазут.

14.2. Сөз тіркестерін аударыңыз. Есте сақтаңыз.

өнеркәсіп мақсатында-

жылу өдіру үшін-

органикалық заттар-

отын қоры-

отынның сапасы-

жанатын тақта тас-

химиялық заттар-

негізгі түрлері-

мыс балқыту пеші-

тұтынушыға жеткізу бағасы-

шымтезек-

14.3. Берілген сөздерден сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер жазыңыз.

Өнеркәсіп, экономикалық, отын, тұтынушы, жылу, көмір.

14.4. Мына сөздердің антонимдерін жазып, аударыңыз. Көп, жылы, өндіру, жарық, жылдам, жоғары, өседі, жанатын.

14.5. Өндіру, жеткізу етістіктерін жіктеңіз.

14.6. Көп нүктенің орнына (-мен,-бен,-пен, және) жалғаулықтардың тиістісін қойыңыз.

Жылу ... жарық, отын ... оттегінің әрекеттесуі, энергетикалық ... тәсілдемелік отын, металлургияда ... құрылыс материал өнеркәсібінде тұтыну, Қазақстан ... ресей, шымтезек ... жанатын тақта тас, табиғи газ ... мазут.

14.7. Берілген сөз тіркестеріне сұрақ қойып, қай сөз табына жататынын анықтаңыз.

Органикалық заттар, жылдам реакция, жылутехникада жану, жанатын заттың, есепке алынды, табиғи газ, өндіру үшін.

14.8. Мәтіннен есімшелерді теріп жазып, сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Мысалы, пайдаланылатын отын...

БӨЖ тапсырмалары:

«Отынның адамзат үшін пайдасы»туралы эссе.

15-сабақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]