Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Қазақстанның отын қорлары

Мақсаты: студенттердің өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгерту. Кәсіби сөздерді меңгеру үшін өздігінен ізденуге үйрету.Сабақ тақырыбына сай меңгерілген терминдерді өздік жұмыс барысында қолдануға төселдіру.

Грамматика: Анықтауыштық қатынастардың берілуі.

13.1.1 Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдаланып, аударыңыз.

Қазақстанда табиғи отын қорын: көмір, мұнай және газ.

Табиғи отын қорын 100% есептесек, онда еліміздің отынының көмір 80%, мұнай 13%, газ 7% құрайды. Бұл дүниежүзілік отын қорының 0,5 (жарты пайызы).

Қазақстан есептеулер бойынша, отынмен өзін толық қамтамасыз ететін елдер қатарына жатады.

Өкінішке орай, 1993 жылы мәліметтер бойынша Қазақстан электр энергиясымен 90%, мазутпен 87%, бензинмен 86%, дизелдік отынмен 74%, табиғи газбен 42% қамтамасыз етілген.

Органикалық отын ішінде ең көбі көмір. Мысалы, дүние жүзінде көмір қоры 4850% млн.т. Бұл – 76%. Мұнай 1150% млдр т. Бұл – 19%.

Ал табиғи газ қоры 310% млрд.т. Бұл – 5%.

Сауд Аравиясы, Кувейт, Абу-Дави, Ирак және Иранда мұнай қоры әлемдік қордың 66% құрайды. Латын америкасы әлемдік қордың 12%-не ие. Қазақстанға бұл қордың 1,6% келеді.

13.1.2. Сөз тіркестерін меңгеріңіз.

табиғи отын қоры – природные запасы топлива

толық қаматмасыз ету – обеспечить полностью

табиғи газ – природный газ

органикалық отын – органическое топливо

көмір қоры – запасы угля

мұнай қоры – запасы нефти

газ қоры – запасы газа

әлемдік қор – запасы мира, всемирный запас

жарты пайыз – полпроцента

      1. Мәтіндегі сан есімдерді теріп, сөзбен жазыңыз.

      2. Мына етістіктердің болымсыз формасын жасаңыз.

құрайды –

жатады –

қамтамасыз етілген –

келеді –

      1. Сөйлемдерді аударыңыз.

Казахстан богат углем. Уголь добывают в Караганде и Екибастузе. В Екибастузе

уголь добывают открытом способом. Там залежи угля расположены близ поверхности земли. Екибастузский уголь используется для выроботки электрической энергии.

Су қорлары

13.2.1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің қазақша баламасын жазыңыз.

значительный источник-

проточные воды-

по научным прогнозом-

обьем энергии-

рельеф земли-

зависимый от дождя-

уровень моря-

скорость течения-

низина и возвышенность земли-

13.2.2 Мәтінді аударыңыз.

Қазіргі кезеңде су энергиясы қазып алынатын отын түрлерімен бірге электр станциясының маңызды бір көзіне айналып отыр. Ағынды сулардың кинетикалық энергиясы орасан зор. Жер бетіндегі барлық ағын сулардың энергиясы толық пайдаланылатын болса, онда жылына 33 000 квт сағ. электр энергиясын өндіруге болады. Әрине, бұл мүмкін емес. Ғылыми болжамдарға қарағанда, әр түрлі технологиялық және энергетикалық себептерге байланысты, бұл энергияның тек 25%-тін ғана іске жаратуға болады. Мұның өзі бүгінгі таңда дүние жүзі электр станцияларында өндіріліп отырған электр энергиясы көлемінен екі еседей артық. Бірақ дүние жүзі елдері осыншама ұшан теңіз энергияның не бары 5%-ін ғана пайдаланып отыр.

Дүние жүзіндегі су энергиясына бай елдер ҚХР (дүние жүзі қорының 13,5 пайызы), ТМД (11 пайыз), АҚШ (7,2 пайыз), Заир (5,5 пайыз), Бразилия (5,3 пайыз).

Су энергиясының мөлшері ағыс күшіне тікелей байланысты. Ал су ағысының күшеюі жер бедеріне, яғни жердің ылдилығы мен өрлігіне, жауын-шашын мөлшеріне тәуелді. Деректерге қарағанда, құрлықтың 800 мың км теңіз деңгейінен төмен, ал 150 млн км теңіз бетінен жоғары жатыр. Осы себепті, барлық бұлақ, өзен сулары еңіс орналасқан көл, теңіз, мұхит аңғарына қарай ағады.

Өзен суларының көлемі мен ағу шапшаңдығына қарай олардың энергия қуатының мөлшері анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]