Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Жылу электр стансасы

Мақсаты: студенттердің өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгерту. Кәсіби сөздерді меңгеру үшін өздігінен ізденуге үйрету.Сабақ тақырыбына сай меңгерілген терминдерді өздік жұмыс барысында қолдануға төселдіру.

Грамматика: сан есімдер, оның түрлері.

11.1. Сөздікпен жұмыс:

түтін-

мұржа-

бу-шығырлы-

қондырғы-

қуат көзі-

жергілікті шоғыр-

күл мен қож-

бу қазандары-

шықтану-

шықтық сорғы-

жоғары қысымды қыздырғыш-

көмекші жабдықтар кешені-

құрылғы-

тетіктер-

отынды дайындау құрылғылары-

11.2. Мәтінді оқыңыз. Түсінгеніңізді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

Қуатты электр стансаларда ауаны ластайтын заттардың жергілікті шоғырын азайту үшін түтін мұржаларының биіктігі 200-300 м болады. Бұларда жағылған органикалық отынның (көмір,мазут,газ және т.б.) химиялық энергиясы пайдаланады.

Органикалық отынмен істейтін негізгі жылу электр стансалары-бу шығырлы (турбиналы) электр стансалары. Олар тек электр энергиясын өндіретін және электр мен жылу энергиясын қатар өндіретін жылу электр орталығы болып бөлінеді.

Бу шығырлы электр стансалары бір қондырғыда орасан үлкен қуат көзін жинақтауымен (300,500,800 және 1200 MBт) және салыстырмалы түрде жоғары тиімділігімен, сондай-ақ оларды салуға қаржының және уақыттың аз жұмсалатындығымен ерекшеленеді.

Бу шығырлы ЖЭС-ның негізгі қондырғылары бу қазаны мен бу шығыры болып табылады. Қуатты бу қазандарында қатты отын (негізінен көмір) ұнтақталып тозаң түрінде, ал сұйық отын (мазут) шашыратылып, тамшы түрінде жағылады. Қуатты электр стансаларда ауаны ластайтын заттардың жергілікті шоғырын азайту үшін түтін мұржаларының биіктігі 200-300 м болады. Қатты отын жаққанда күл мен қож қалады, олар қондырғыдан шығарылады. Қазанда алынған аса қызған бу шығарға келеді, онда оның жылулық энергиясы шығыр білігіне берілетін механикалық энергияға айналады. Онымен механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын электрөндіргіш жалғанған. Пайдаланған бу шығырдан шықтағышқа жіберіледі, онда ол табиғи немесе жасанды су көздерінен келген сумен салқындатылып шықтанады.

Шықтық сорғы (насос) төмен қысымды қыздырғыш (ТҚҚ) арқылы шықты тазартқышқа айдайды. Онда шық қайнауға дейін жеткізілгенде, ол металлдарды коррозияға ұшырататын оттегі пен көміртегі тотығынан тазартылады. Одан кейін су қорек сорғысымен жоғары қысымды қыздырғыш (ЖҚҚ) арқылы қайтадан бу қазанына беріледі. Шық ТҚҚ-да және қоректік су ЖҚҚ-да шығырдан алынатын бумен қыздырылады, бұл процесс жаңғыртулық қыздыру қондырғының ПӘК-ін жоғарылатады.

Сонымен ШЭС- да бу қазаны өзі өндірген будың шығымен қоректенеді. Бұл шықтың бір бөлігі электр станса жүйесінде жоғалады да оның кемуін құрайды. Егер ЖЭО ның құрылымын қарастырсақ, оның ШЭС тан айырмашылығы мынада: будың бір бөлігі өнеркәсіп кәсіпорындарында технологиялық қажеттікке немесе тұрмыстық тұтынуға жіберіледі. ШЭС та шықтың кемуі 0,5-1%, оны толықтыру үшін су дайындау қондырғыда (12) алдын-ала өңделген су қосылуы керек. ЖЭО-да қосымша су 30-50% және одан да артық болуы мүмкін.

Бу қазанның жұмысын қамтамасыз ететін мынандай құрылғылар мен тетіктер бар: отын дайындау құрылғылары, қазанға корек суын беретін қорек сорғылары, жану үшін ауа беретін үрлегіштер, жану өнімдерін ауаға шығаратын түтін сорғыш және басқа көмекші жабдықтар кешені қазандық қондырғыны құрайды.

Ірі электр стансаларда қуатты бу қазаны мен бу шығыры энергетикалық құраманы (блогты) құрайды. Әрбір құрама қазан (бу өндіргіш) шығыр, электрөндіргіш және жоғарылататын трансформатордан тұрады. Стансадағы құрамалардың саны стансаның жалпы қуатына байланысты. Қазіргі кезде ТМД елдерінде қуаттары 300,500, 800және 1200 мВт-тық құрамалар (блоктар) істейді. Қазақстанда ең қуатты 500мВт-тық құрама Екібастұз ЭС-да қондырылған, оның бу қазаны жергілікті көмірмен жұмыс істейді. Қазанның биіктігі 60 м, ені 36 м, тереңдігі 24 м.

Қуатты шықтық электр стансалар (ШЭС) мемлекеттік аудандық электр стансалары (МАЭС) деп аталынады.

Жылу электр орталығы (ЖЭО) жылу энергия (технологиялық бу және ыстық су) тұтынушыларға жақын салынады, олар МАЭС-қа қарағанда тиімді істейді.

11.3. Мәтінге 5-6 сұрақ қойыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

11.4. Қысқартылып берілген сөздерді сөзбен жазыңыз. Мысалы, ЖЭО- жылу электр орталығы;

11.5. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазып, оның түрлерін анықтаңыз .

11.6. Мұржа, бу, қондырғы, күш, жабдық, ауа, құрылғы, көмір сөздерімен сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер жазыңыз.

11.7. Мәтіндегі асты сызылған сөздерге назар аударыңыз. Жасалу жолын түсіндіріңіз, аударыңыз.

БӨЖ тапсырмалары:

1. Жылу электр орталығы туралы ақпараттар әзірлеу.

2. «Табиғат-энергия-экология» тақырыбына презентация жасау.

12-сабақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]