Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

9.3. Мәтінді оқып, әңгімелеңіз.

Энергетика-ауқымды ұғым. Қазіргі ұғым бойынша энергетика (немесе энергетика шаруашылығы) дегеніміз энергетикалық қорлар мен энергияны өндіру, жақсарту, өңдеу, түрлендіру, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану болып отыр.

Осы кезде пайдаланатын энергияның негізгі түрлері: жылу және электр. Жылу және электр энергиясын алуды, түрлендіруді, тасымалдауды және пайдалануды зерттейтін энергетика салаларын жылу энергетикасы және электр энергетикасы деп атайды. Су қуатын электр қуатына айналандыру мәселелерін зерттейтін энергетика саласын су энергетикасы дейді.

Атом ядросының қуатын зерттеу, пайдалану энергетиканың жаңа саласын атомдық немесе ядролық энергетиканы тудырды. Ядролық құбылыстардың қуаты жылуға, сосын электрлік энергияға түрленеді.

Қозғалатын ауа қуатын пайдалану мәселелерімен жел энергетикасы айналысады. Жел қуаты негізінен механикалық түрде пайдаланады.

Дәстүрлі емес қуат көздеріне Күн энергиясы, Жер асты су энергиясы және т.б. қуат көздерін пайдалану жатады. Сондықтан оны бейдәстүрлі немесе дәстүрлі емес энергетика деп атайды.

Қазақстанда электр энергиясының шамамен 90% жылу электр стансалары (ЖЭС) арқылы, ал қалған 10% су электр стансалары (СЭС) арқылы өндіріледі. Республикамызда тек Ақтау қаласында ғана шапшаң нейтрон негізінде жұмыс істейтін (БН-350) атом электр стансасы (АЭС) болды. Қазір оның жұмысы тоқталған.

Электр стансасы туралы түсінік.

Электр стансасы - электр энергиясын өндіруге арналған құрал-жабдықтар мен қондырғылардың, сондай-ақ осы мақсат үшін салынған құрылыстар мен ғимараттардың жиынтығы.

 Ең бірінші электрстансасы 1882ж. Нью-Йоркте салынған. Бұл электрстансаға тұрақты токтың 6 динамомашинасы орнатылған.

Түрлері. Пайдаланатын табиғи энергия көздеріне қарай энергетика қондырғыларының мынандай түрлері бар:

  1. Жылу электр энергиясы. Жылу-қуат қондырғылары немесе жылу электр стансалары, бұлар органикалық отынның химялық байланысқан энергиясын пайдаланады. Отынды жаққанда түтіннің қызуын және жылуын пайдаланады.

  2. Атом электр стансалары кейбір ауыр элементтер ядросын нейтрондық сәуле түсіру арқылы жарып ыдыратқанда туатын энергияны немесе термоядролық реакциалар энергиясын пайдаланады. Қазіргі АЭС-да табиғи энергия көзі ретінде уранды пайдаланады.

  3. Су электр стансалары көбінесе төменге қарай құлап аққан су күшін пайдалану арқылы жұмыс жасайды. Яғни сарқыраманы пайдалану аркылы.

  4. Жел электр стансалары - атмосферадағы ауа массасының қозғалыс энергиясын пайдаланады.

  5. Күн электр стансасы - гелио қондырғылар тура түсіп тұрған күн сәулелерінен энергия шығарады.

  6. Геотермиялық электр стансалар - жер астындағы энергия көздерін пайдаланады.

  7. Толқынды электр стансалар - теңіз бен мұхит толқындарының тасқын энергиясын қуат көзіне жаратады.

9.4. Мәтінге жоспар құрып, талқылаңыз.

9.5. Мәтіндегі қысқарған сөздерді сөзбен жазыңыз.

9.6. Мәтіннен аударылмай тұрған терминдерді (интернационал) теріп жазып, түсініктеме беріңіз. Түсіндірме сөздікті пайдаланыңыз. Мысалы, атом, ядро т.б.

9.7. Сөйлемдерді оқыңыз. Сөйлемнің құрылымын үлгідегідей өзгертіңіз. Үлгі: Термометр температураны өлшеу құралы ретінде қолданылады. Термометр – температураны өлшеу құралы.

Уранды АЭС-да табиғи энергия көзі ретінде пайдаланады. Табиғи газ, тас көмір және мұнай пластмассаны өндіру үшін шикізат ретінде қолданылады. Алюминий электр сымдарын дайындау материалы ретінде қолданылады. Тәжірибе теорияның дұрыстығының дәлелдемесі ретінде пайдаланылады.

БӨЖ тапсырмалары

1. «Ел ертеңі-энергетикада» тақырыбында өзара пікір алмасу (дөңгелек үстел).

10-сабақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]