Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Изафеттік құрылымның берілуі

Еске түсірейік:

-дауысты дыбыстардан соң -ның, -нің.

-ұяң және үнді й,л,м,н,ң,р,у дыбыстардан соң -дың, -дің.

-қатаң дауыссыз қатаң және ұян дыбыстардан соң -тың, -тің.

-нікі, -дікі, -тікі- тәуелдік форманың екінші түрі. Сұрақтары кімдікі? Ненікі?

-нікі -дауысты дыбыстардан соң +, ата+нікі, көше+нікі, бөлме+нікі т.б..

-дікі -ұяң және үнді й,л,м,н,ң,р,у дыбыстардан соң +, күз+дікі, қой+дікі,аң+дікі т.б..

-тікі -қатаң дауыссыз қатаң және ұян дыбыстардан соң +,университет+тікі, клуб+тікі т.б..Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарғандықтан сөйлемнің соңында тұрады.

Тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.

Комната соседа, удостоверение друга, работа моя, семья ваша, отец твой, книга библиотеки, время наше, начальник управления, корпус факультета, журнал

преподавателя, игрушка ребенка, дом наш.

Бөж тапсырмалары

1. «Арнаулы автомобильдер» тақырыбын ауызша әңгімелеңіз.

2. «Құрылыс-жол машиналары» –презентация дайындаңыз.

Құрылыс-жол машиналары

I. Мәтінін оқып, мазмұнын түсініңіз.

Құрылыс жұмыстарына және жол салуға лайықталған машиналар да көп. Олардың мынадай түрлерi бар: грейдер-элеваторлар, тiркелмелi грейдерлер және автогрейдерлер, жол каткалары, соқалы орқазғыштар, тас ұсақтағыштар, скреперлер, бульдозерлер, крандар.

Бұлар жол салу, жолдарды тегiстеу, көпiр құрылысы жұмыстарына арналған. Оларды құрылыс-жол машиналары деп атайды. Сондай-ақ, бұл машиналардың қатарына автомобиль-самосвалдар, шынжыр табанды тракторлар, дөңгелiктi тракторлар, автомобильдер мен тракторлардың тiркемелерi де қосылады. Осылардың бәрi құрылысқа қажеттi тас, құм, цемент және басқа материалдарды тиеу, тасу үшiн пайдаланылады.

Құрылыс-жол машиналарының ендi бiр түрi – қар тазалағыштар. Қыста бұл машинамен жолдар қалың қардан тазартылады.

Қазiргi кезде барлық техника түрлері жерiмiзде өте кең тараған. Құрылыс-жол машиналары жолдардың сапасын арттыруға жұмылдырылып жатыр. Қалалар мен ауылдардың арасындағы көлiк қатынасын жақсарту үшiн жүргiзiлiп жатқан бұл жұмыстардың маңызы зор. Адам тiршiлiгiне техниканың қосар көмегi қомақты.

II. Сөздікті пайдалана отырып глоссари құрастырыңыз.

III. Сөздікке сүйене отырып орыс тіліне аударма жасаңыз.

IV. Мәтінге қатысты сұрақтар жазып беріңіз.

V. Мәтінге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

VI. Мәтінді мазмұндап беріңіз.

V І-тапсырма. Әңгіме дайындаңыз.

V ІІ-тапсырма. Ситуациялық әңгіме құрыңыз: Сіздің досыңыз шетелден келді.

9-сабақ

Энергетика дегеніміз не? Энергетика туралы жалпы ұғым.

Мақсаты: студенттердің өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгерту. Кәсіби сөздерді меңгеру үшін өздігінен ізденуге үйрету.Сабақ тақырыбына сай меңгерілген терминдерді өздік жұмыс барысында қолдануға төселдіру.

Грамматика: Аббривиатуралар.

Мәтін алды тапсырмалар.

9.1.Сұрақтарға жауап беріңіз.

Әлем елдерінен қандай ірі станса түрлерін білесіз?

Қазақстандағы электр стансалары туралы не білесіз?

Қандай ЭС энергия қуатын үнемдеуге болады?

ЭС –ң адам өміріне қаупі бар ма?

Қазіргі уақытта қандай электр стансаларын салу тиімді?

9.2. Сөздікпен жұмыс. Ауқымды ұғым, энергияны өндіру, энергетикалық қорлар, түрлендіру, энергияны тасымалдау, тарату, ядролық құбылыс, дәстүрлі емес қуат көздері, жабдықтар мен қондырғылар, түтін, сәуле түсіру арқылы, қозғалыс, ыдырату, күн сәулесі, жер асты энергия көздері, толқын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]