Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

₪ Мәтіннен қиын сөздерді теріп жазып сөздік құрастырыңыз.

Сөздіккке сүйене отырып орыс тіліне аударма жасаңыз.

◘? Мәтінге қатысты сұрақтар жазып беріңіз.

IV. Мәтінді мазмұндап беріңіз.

Бөж тапсырмалары

1. «Әуе көлігі» тақырыбын ауызша дайындалыңыз.

  1. «Автомобиль транспортында жүк тасымалын ұйымдастыру және пайдалану»– презентация дайындаңыз.

Автомобиль транспортында жүк тасымалын ұйымдастыру және пайдалану

І. Мәтінін оқып, мазмұнын түсініңіз.

Өнеркәсіптік автомобиль транспорты күрделі өндірістранспорты жүйесінен тұратын, өнеркәсіп тораптарының ажырамас транспорт желісінің бөлігі болып табылады. Негізі өндіріс технолгиясына байланысты болғандықтан, автомобильдің өзіндік ерекшеліктері бар.

Теміржол және су транспортына қарағанда әрбір т. км. жүкке жұмсалатын пайдалану және жұмыс шығындары автомобиль транспортында жоғары болады. Алайда автомобиль транспортының икемділігі оны басқа транспорт түрлерінен гөрі жиі пайдалануды қажет етеді. Өнеркәсіп аймақтарын игеруде автотранспортқа тең келетін еш нәрсе жоқ.

Басқаларға қарағанда дербестігі, жолталғамайтындығы, икемділігі, кәсіпорынның қандай да нүктесіне бара алатыңдығы – автотранспорттың баға жетпес артылықшылықтары.

Автомобиль тасымалында жүк шығыны азаяды, контейнер және арнайы фургондар қолданған жағдайда жәшіктер мен тайлар мөлшері азаяды, сондай-ақ бір қақпадан екінші қақпаға тікелей жеткізіп бере алатындықтан, тиеу-тасымал жұмыстары кемиді, жүктің жолда жүру мерзімі қысқарады.

ІІ. Мәтінге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

◘? Мәтінге қатысты сұрақтар жазып келіңіз.

IV. Мәтінді мазмұндап беріңіз.

7-САБАҚ

Лексикалық тақырып: ВЕЛОСИПЕД.

Грамматикалық тақырып: Шартты рай

Мақсаты: студенттердің өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгерту. Кәсіби сөздерді меңгеру үшін өздігінен ізденуге үйрету.Сабақ тақырыбына сай меңгерілген терминдерді өздік жұмыс барысында қолдануға төселдіру.

І. Мәтінін оқып, мазмұнын түсініңіз.

В Е Л О С И П Е Д

Велосипед (французша Velosiped, латынша Velox – жүрдек және pes – аяқ) – жедел жүруге арналған қарапайым көлік. Ол XVI ғасырдан бастап көптеген елдердің өнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р.Ла Рошелли (Франция, 1693), Л.Шамшуренков (Ресей, 1752), т.б. жасаған 4 доңғалақты арба негізінде шыққан. Алғашқы 2 доңғалақты велосипед Ресейде жасалды. Е.М.Артомонов жасаған осы велосипед (1 сурет) 1801 жылы Мәскеуде бірінші рет көрсетілді. Оның алдыңғы үлкен доңғалағы педаль арқылы қозғалысқа келетін де, артқы кішкене доңғалағы сүйемелдеуіш қызметін атқаратын. Соңынан Батыс Еуропа елдерінде аяқты жерге тіреп итеру арқылы жүргізілетін әр түрлі велосипедтер пайда болды (К.Драйз, Германия 1815). XIX-дың 50-жылдары неміс механигі Ф.М.Фишер велосипедтің алдыңғы доңғалағына педаль кигізілген шатун орнатуды ұсынды. 197-жылдың аяқ шенінен бастап велосипед көптеп шығарыла бастады. Бұл кезде оның құрылысына пневматикалық шина, шарикті ішпек (подшипник), болат түтіктен жасалған рама, шынжырлы беріліс, еркін жүріс механизмі т.б. енгізілді. Қазіргі велосипед үстіне ершік орнатылған рамадан, екі (кейде үш) доңғалақтан тұрады. Ол аяқ күшімен педальді беріліс арқылы қозғалысқа келтіріледі. Оның рульмен байланысқан алдыңғы доңғалағы бағыттаушы қызметін атқарады. Велосипед пайдалану мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: көліктік велосипед, көліктік жеңіл велосипед, жасөспірімдер велосипеді, спорттық велосипед, балалар велосипеді және арнаулы велосипед болып ажыратылады. Көліктік велосипедтің (2 cурет) рамасы берік шинасы жалпақ, рулі биік орналасқан, салмағы 16 кг (келі) шамасында, пайдалануда барынша қарапайым болып келеді. Көліктік жеңіл велосипедтің салмағын жеңілдеу (14 кг) әрі шинасы жіңішкелеу, әдетте қол тежеуішпен жабдықталады.

Жасөспірімдер велосипеді ересектерге арналған көліктік велосипедтің көшірмесі іспетті, құрылымы мейлінше қарапайым әрі бөлшектері үлкен велосипедтегіден гөрі кішірек келеді.

Спорттық велосипедтердің тас жолға (3 cурет) және трекке арналған түрлері бар. Олардың салмағы жеңіл (8-11 кг), камерасыз шиналары жіңішке болады; құралымдық жабдықтары легирленген болат және дюралюминий сияқты берік әрі барынша жеңіл материалдардан жасалады, рулі төмен орнатылып, қол тежеуішпен және жылдамдық ауыстырғышпен (8-10 сатылы) жабдықталады. Спорттық велосипедтің бір түрі – тандем (4 сурет). Ол екі кісіге лайықталып , қос доңғалақты және қос берілісті болып жасалады. Мұндай велосипедтің жылдамдығы сағатына 70 км дейін жетеді. Балалар велосипедінің екі және үш доңғалақты, шиналары тұтастай құйылып немесе үрлемелі резина күйінде шығарылады.

Арнаулы велосипедтерге циркте ойнауға, жүк тасуға, қарт адамдардың жүріп-тұруына арналған 1-3 доңғалақты велосипедтер, велоарба, т.б. жатады. Соңғы кезде жиналмалы велосипедтер (5 cурет) көп тарады. Аспалы қозғалтқышпен жабдықталған велосипедтер мопед деп аталады.

ІІ. Мәтінге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]