
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
- •5В071300-Көлік, көлік техникасы және технологиясы, 5в090100-"Тасымалды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және көлікті пайдалану",
- •5В071700-«Жылу энергетикасы»
- •Силлабус
- •Байланыс телефоны: 32-233 (жұм.); saule bal@mail.Ru және Gospankuloba_@ mail.Ru
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы
- •6. Негізгі жіне қосымша әдебиеттер тізімі
- •1. Негізгі әдебиеттер:
- •2. Қосымша әдебиеттер:
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау.
- •Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Глоссарий
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылау сұрақтары
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •І Сөздікпен танысыңыз
- •Көшпелі қазақ тұрмысында қолданған көлік түрлері.
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Шылаулардың түрлері
- •Шылау сөздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік кешені.
- •І Сөздікпен танысыңыз
- •І мәтінге қатысты сөздікпен танысыңыз.
- •Инженер немесе өнертапқыштар.
- •Іv. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Көсемшенің жасалуы мен түрлері
- •Бөж тапсырмалары
- •Автомобиль өнеркәсібінің тарихы және әйгілі өнертапқыштар.
- •І. Сөздікпен танысыңыз
- •Іі. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіз.
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Бөж тапсырмалары
- •Көліктің түрлеріне жалпы сипаттама
- •І. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Машина құрастыру
- •І. Сөздікпен танысыңыз
- •Іі. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіз.
- •Автомобиль өнеркәсібі.
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •VI. «Автомобиль өнеркәсібі» мәтінін оқып шығып мазмұндап беріңіз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Автомобиль монополиясы Сөздікпен танысыңыз
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Бөж тапсырмалары
- •Автомобиль транспортында жүк тасымалын ұйымдастыру және пайдалану
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Грамматикалық тақырып: Шартты рай
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Шартты рай
- •Бөж тапсырмалары
- •Автобус і Сөздікпен танысыңыз
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •І. Сөздікпен танысыңыз
- •Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •Қалау рай
- •Изафеттік құрылымның берілуі
- •Бөж тапсырмалары
- •Құрылыс-жол машиналары
- •Энергетика дегеніміз не? Энергетика туралы жалпы ұғым.
- •9.1.Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •9.3. Мәтінді оқып, әңгімелеңіз.
- •9.4. Мәтінге жоспар құрып, талқылаңыз.
- •9.5. Мәтіндегі қысқарған сөздерді сөзбен жазыңыз.
- •Стансалардың түрлері
- •10.1.1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
- •10.1.4. Дұрыс жауабын табыңыз.
- •10.2.1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
- •Жылу электр стансасы
- •11.1. Сөздікпен жұмыс:
- •11.2. Мәтінді оқыңыз. Түсінгеніңізді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.
- •Электр стансалары
- •12.3.1. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз, мазмұнын өз сөзіңізбен айтыңыз. Су электр стансасының тарихы
- •Су энергетика қорлары
- •13.3.2. Берілген сөздердің қазақша баламасын табыңыз.
- •Су энергетикасы
- •Қазақстанның отын қорлары
- •13.1.2. Сөз тіркестерін меңгеріңіз.
- •Мәтіндегі сан есімдерді теріп, сөзбен жазыңыз.
- •Мына етістіктердің болымсыз формасын жасаңыз.
- •13.2.1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің қазақша баламасын жазыңыз.
- •13.2.3. Сөз тіркестерін құрамына қарай талдаңыз.
- •Отынның түрлері
- •14.1. Мәтінді аударып, мазмұнын айтыңыз.
- •Отын-энергетика кешені
- •15.1. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
- •15.3. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.
- •Көмір энергиясы
- •15.4. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •Сөз тіркестерін меңгеріңіз.
- •15.9. Мына сөздердің қарама-қарсы баламасын жазыңыз.
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Бөж тапсырмалары
1. «Автомобиль өнеркәсібі» тақырыбына шығарма жазыңыз.
Автомобиль монополиясы Сөздікпен танысыңыз
өндіріс – производство
үлесі – доля
өнеркәсіб – промышленность
бүкіл – весь
құрал – инструменты
нәтиже – результат
өркендеу – процветать
қадам – шаг
I. Мәтінін оқып, мазмұнын түсініңіз.
ХХ ғасырдың 60 жылдарының ортасында 3 американ, 7 батыс еуропалық автомобиль монополиясына дүние жүзіндегі автомобиль өндірісінің 80 % -ы үлесіне тиеді.
Осы тұста «Дженерал моторс», «Форт мотор», «Крайслер» компаниялары дүние жүзінде шығарылатын бүкіл автомобильдердің 90 %-дан астамын қолдарына алды.
Германия «Фольксвагенверк», «А.Опель», «Фордверке», «Даймлер - Бенц» фирмалары, Англияның «Бритиш мотор Холдингс», «Форт мотор», «Воксколл моторс», «Рутс моторс», «Лейленд мотор» компаниялары, Францияның «Рено», «Пежо автомобиль», «Ситроен», «Симка» автомобиль фирмалары өз елдеріндегі бүкіл автомобиль өнеркәсібін өздерінің монополиясына айналдырды.
Италиядағы «Фиат», Жапониядағы «Тойота моторс» және «Ниссан мотор» компаниялары автомобиль жасайтын және бұл көліктерді шет елдерге көптеп сататын дүние жүзіндегі монополиялар болып отыр.
Қазақстанда автомобиль өнеркәсібі болағандықтан автомобиль құралдары негізінен Ресей, Венгрия, Польша, Чехословакия т.б. елдерден алады. Қазақстанда Оңтүстік Корея автомобиль жасаушыларымен ынтымағының нәтижесінде Алматы бірлескен автомобиль зауыты ашылды. Бұл Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін өркендетудің алғашқы қадамы болады.
Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
₪ Сөздікке сүйене отырып орыс тіліне аударма жасаңыз.
◘? Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. ХХ ғасырдың 60 жылдарының ортасында қандай автомобиль монополиялары болды?
2. Ол монополияларда дүние жүзіндегі автомобиль өндірісінің неше пайызы үлесіне тиді?
3. Осы тұста дүние жүзінде шығарылатын бүкіл автомобильдердің 90 %-дан астамын қандай компаниялар қолдарына алды?
4. Германияда қандай автомобиль фирмалары өз елдеріндегі бүкіл автомобиль өнеркәсібін өздерінің монополиясына айналдырған компанияларды атаңыз.
5. Қазақстанда автомобиль өнеркәсібі автомобиль құралдарын қай елдерден алғанын атаңыз.
6. Қазақстан қандай елдің автомобиль жасаушыларымен ынтымақтасу нәтижесінде автомобиль зауытын ашқан?
7. Қазақстанда қандай автомобиль зауыты ашылды?
ІV. «Автомобиль және жеңіл автомобиль түрлері мен механизмдері» мәтінін оқып шығып, мазмұнын баяндап беруге дайындалып келіңіз.
VI. Мәтінге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.
6-САБАҚ
Лексикалық тақырып: Әуе көлігі.
Грамматикалық тақырып: Қайталау. Модальдық мағына (болады, тиіс).
Мақсаты: студенттердің өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгерту. Кәсіби сөздерді меңгеру үшін өздігінен ізденуге үйрету.Сабақ тақырыбына сай меңгерілген терминдерді өздік жұмыс барысында қолдануға төселдіру.
І. Мәтінін оқып, мазмұнын түсініңіз.
Әуе көлігі
Әуе көлігіне әумен жолаушылар, пошта және жүк таситын көлік түрі
жатады. Басқа көлік түрлерінен артықшылығы, оның жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Франция мен Германияда көліктің бір түрі ретінде 1920 жылдан кейін дами бастады. Ресейде алғашқы әуе жолы (Мәскеу – Том. Новгород) 1923 жылы ашылды. Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 жылы 9 қаңтарда ұшып келді. Ұшақтар – Н.С.Горбунов пен В.Р.Браунц басқарған «Фарман-30» ұшағы Марток (Ақтобе қаласының маңында) – Новосергеевка бағытымен 1 сағат 20 минутта 350 км қашықтықты ұшып өтті. Қазақстанда 1923 жылы «Добролёт» қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасмалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды. 1924 жылы «Ю-13» ұшағымен Ташкент-Алматы, Алматы-Тшкент бағытынды бірінші рет ұшу сынағы өткізілді. 1925 жылы Бішкек-Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды. 1929 жылы Қызылорда-Мәскеу әуе жолы ашылды. 1930 жылы әуе көлігін пайдалану мен дамытуға жағдай жасау мақсатында Қазақ азаматтық авияция басқармасы (ҚААБ) ұйымдастырылды. Сол жылы ҚААБ-тан 27 жігіт Мәскеу ұшақтар мектебіне оқуға жіберілді. Бұлардың арасында алғашқы қазақ ұшақтарының бірі – Салық Ахметов те болған.
Қазақстан КСРО-ның құрамында болған жылдары еліміздің әуе жолдарында Ресейдің Ил-12, Ил-14, Ил-18, Ил-62, Ил-86, Ан-2, Ан-24, Як-40, Як-42, Ту-134, Ту-154 және Ил-76, Ту-144 ұшақтары пайдаланылды. Алматыдан Қазақстанның барлық облыс орталықтарына, басқа да қалаларға тұрақты әуе жолы қатынасы орнатылды.
Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланып, нарықтық экономикаға көшуіне байланысты әуе көлігі саласында да түрлі өзгерістер орын алып, бірнеше әуе компаниялары құрылды. 1998 жылы қаңтарда 51 әуе компаниясы тіркеліп, олардың ішінде «Эйр Қазақстан» және 12 аймақтық әуе компаниясы мемлекеттік меншік нысанын сақтады. \қазақстан әуе компаниялары ішкі және халықаралық жолаушылар, пошта, жүк тасмалдауы, сондай-ақ ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, энергетика, газ және мұнай өнеркәсібі салаларының тапсырмалары орындайды. Әуе тасмалы, әсіресе, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Германия елдерімен арада жақсы жолға қойылған. «Эйр Қазақстан» әуе компаниясының ұшақтары 37 әуе жолы бағыттарында ұшады. Қазақстандағы ішкі және халықаралық әуе жолдарының жалпы ұзындығы 76320 км шамасында (1999).
Қазіргі кезде 21 республика әуежайы, 10 обл. және облыс ішінде әуе жайлар жұмыс істейді (1998). Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал және Шымкент әуежайлары еліміздегі ең үлкен әуе аймақтары болып саналады. Қазақстан әуе жолдары Ту-134, Ту-154, Як-40, Ил-86, Боинг-737, Аэробус-А-310 шапшаң ұшақтары пайдаланылады.
1996 жылы әуе жолы басқармасы автоматтандырылған жүйесінің Алматы орталығында, ал 1998 жылы Ақтобе орталығында іске қосылды. Әуе жолы басқармасы ғылыми-техникалық даму бағытының бір саласы ретінде әуе кеңістігінің өткізу мүмкіндігін арттыруды, диспетчерлік қызметтің өндірістік процессін автоматтандыруды қолға алған.
Е.Әбдіраманов, Қ.Ілиясов
ІІ. Мәтінге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.