Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать
          1. Іі. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіз.

          1. Автомобиль өнеркәсібі.

Автомобиль өнеркәсібі автомобиль жасауға мамандандырылған сала. Автомобиль зауыттарында сұйық заттар мен жүк және жолаушылар таситын автомобильдерді шығаратын болды.

Сонымен қатар сұйық заттарды, яғни: бензин, жанармай, сүт, су тасуға арналған автоцистерналар, автокүймелер, автофургондар бар автомобильдерді шығару.

Сусымалы және жабысқақ жүктерді таситын автоқотарғыштар, тіркемелер, жартылай тіркемелі сүйреткіштерді шығару.

Цемент, мал және малазығын таситын арнайы қораптары бар автомобильдерді шығару. Тез бұзылатын жүктерді таситын рефрижераторлар т.б. шығаратын болды.

Автомобиль өндірісі бензин, керосин, металл, бояуларды көп талап еткендіктен мұнай, химия, металлургия өнеркәсібінің өркендеуіне жол ашты.

Автомобиль өнеркәсібі бензинді үнемдейтін шағын литражды жеңіл автомобильдермен қатар жайлы автобустар өндірісін игерді.

Қозғалтқыштың қуатын арттырып, отын шығынын кемітетін, жол талғамайтын, жүкті көп көтеретін автомобиль кәсіпорындары көбейді.

Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

₪ Сөздікке сүйене отырып орыс тіліне аударма жасаңыз.

◘? Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Автомобиль өнеркәсібі қандай сала?

  2. Автомобиль зауыттарында қандай автомобильдер шығаратын болды?

  3. Автомобиль өндірісі ненің өркендеуіне жол ашты?

  4. Автомобиль өнеркәсібі нені үнемдейтін жеңіл автомобильдерді игерді?

  5. Сонымен қатар автомобиль өнеркәсібі қандай өндірісті игерді?

  6. Қандай автомобиль кәсіпорындары көбейді?

  7. Автомобиль зауыттарында қандай заттарды таситын автомобильдер шығарады?

  8. Автоцистерналар, автокүймелер, автофургондар не тасуға арналған?

  9. Қандай автомобильдер цемент, мал және малазығын тасиды?

  10. Тез бұзылатын жүктерді таситын қандай автомобильдер?

          1. VI. «Автомобиль өнеркәсібі» мәтінін оқып шығып мазмұндап беріңіз.

VIІ. Мәтінге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

Түйық етістік

Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды, сөйтіп шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра, жүгу, бар, шегеле, айт, айтқыз, сөйлес, кел-ме-у, бөге-ме-у. Осы сөздер іс-әрекеттің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, затесім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтінқұрал), сабау (жүнді сабайтын таяқ), егеу (темірді егейтін құрал), жасау (қызға жиналған дүние-мүлік), қашау (ағашты кесетін, жонып, қыратын құрал), ою (ойып салынған өрнек)сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: көсеу ұзын болса қол күймейді (мақал). Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді, етістікше түрленбейді.

Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.

VI-тапсырма. Төмендегі үлгілердің көмегімен сөз тіркестерін жасаңыз.

...-ған, ...-ген, ...-қан, ...-кен дұрыс, жөн. Үлгі: айтқан жөн, кеткен дұрыс

...у қажет, керек, мүмкін. Үлгі: айту қажет, кету керек

...уға, ...уге болады. Үлгі: айтуға, кетуге, келуге болады

          1. VІІ-тапсырма. Сөз тіркестерін түрлендіріңіз.

          2. 1-үлгі: Менің айтқаным жөн, кеткенім дұрыс

Сенің ... жөн, ... дұрыс

Сіздің ... жөн, ... дұрыс -

Оның ... жөн, ... дұрыс

Біздің ... жөн, ... дұрыс

Сендердің ... жөн, ... дұрыс

Сіздердің ... жөн, ... дұрыс

Олардың ... жөн, ... дұрыс

2-үлгі: Менің айтуым қажет, кетуім керек

Сенің ... қажет, ... керек

Сіздің ... қажет, ... керек

Оның ... қажет, ... керек

Біздің ... қажет, ... керек

Сендердің ... қажет, ... керек

Сіздердің ... қажет, ... керек

Олардың ... қажет, ... керек

Барыс септігі: у-ға, у-ге, (І-жақ, ІІ-жақ -а, -е, ІІІ-жақ -на, -не үлгілері).

3-үлгі: Менің айту+ыма, кету+іме, келу+іме болады

Сенің айту+ыңа, кету+іңе

Сіздің айту+ыңыз+ға (сыпайы түрі)

Оның айтуна, ...

Сенің айту ... , кету ... , келу ... болады

Сіздің айту ... , кету ... , келу ... болады

Оның айту ... , кету ... , келу ... болады

Біздің айту ... , кету ... , келу ... болады

Сендердің айту ... , кету ... , келу ... болады

Сіздердің айту ... , кету ... , келу ... болады

Олардың айту ... , кету ... , келу ... болады

VІІІ-тапсырма. ...уге, ...уға тиіс үлгісінің көмегімен жасалған сөз тіркестерін аударыңыз. Мысалдар келтіріңіз.

айтуға тиіс –

баруға тиіс –

білуге тиіс –

сөйлеуге тиіс –

ІХ -тапсырма. «Тиіс» сөзін жіктеңіз. Үлгі: Мен айтуға, кетуге, келуге тиіспін

Сен айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Сіз айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Ол айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Біз айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Сендер айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Сіздер айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Олар айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Х -тапсырма. «Мүмкін» сөзін жіктеңіз. Үлгі: Менің айтуым, кетуім, келуім мүмкін.

Сенің айтуың, кетуің, келуің мүмкін...

Сіздің айтуыңыз, кетуіңіз, келуіңіз мүмкін...

Оның айтуы, кетуі, келуі мүмкін...

Біздің айтуымыз, кетуіміз, келуіміз мүмкін...

Сендер айтуларың, кетулерің, келулерің мүмкін...

Сіздердің айтуларыңыз, кетулеріңіз, келулеріңіз мүмкін...

Олардың айтулары, кетулері, келулері мүмкін...

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]