Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Бөж тапсырмалары

1. «Машина құрастыру» – презентация дайындаңыз.

2. «Генри Форд және арзан автомобиль» тақырыбына эссе.

Машина құрастыру

I. Мәтінін оқып, мазмұнын түсініңіз.

Машина құрастыру – жеке детальдарды машина тораптарына біріктіру арқылы олардан механизм немесе агрегат жасау, бұлардан белгілі бір машина құрастыру жұмыстарының жиынтығы. Машина құрастыру ажырамалы және ажырамайтын қосылыс детальдарын біріктіріп жинастыру арқылы жүзеге асырылады.

Машина құрастыруда ажырамалы қосылыстар гайка бұрауыштар тағы басқалар арқылы орындалса, ажырамайтын қосылыстар тойтару балғасы не машинасы, пісіру агрегаты, бұрғылау машинасы көмегімен орындалады. Машина құрастыру кезінде детальдар өзара ауыстырымды болса, оларды жинау, құрастыру соғұрлым оңай және арзанға түседі. Машина құрастыруда арнаулы жабдықтар мен құралдарды тиімді пайдалану, құрастыру жұмыстарын механикаландырудың және автоматтандырудың маңызы зор.

Машина құрастыру жұмыстары зауыттың арнаулы цехында жүргізіледі. Егер машина бір орнында тұрып-ақ құрастырылатын болса, ол орнықты жағдайлардағы құрастыру деп аталады. Бұл тәсіл өте ауыр машиналарға ғана тән.

Ал жылжымалы құрастыру тәсілі кезінде машина тұғыры бір орнынан екінші орынға арнаулы конвейер арқылы жылжиды. Арнайы бір орынға келгенде оның белгілі бөлігі құрастырылады. Цехтың аяғына жеткенде машина құрастырылып дайын болады.

Жылжымалы құрастыру жұмыстары жеке-жеке жұмыстарға бөлінеді де, іске асырылу технологиясы белгіленеді әрі бір-бірімен өзара байланыстырылады. Машина құрастыру машина жасау өнеркәсібінің ең соңғы және жауапты кезеңі болып саналады.

құрастыру –

торап –

жиынтық –

ажырамалы қосылыс –

ажырамайтын қосылыс –

біріктіріп жинастыру –

тойтару балғасы –

пісіру агрегаты –

бұрғылау машинасы -

орнықты жағдайлардағы құрастыру -

жылжымалы құрастыру -

жауапты кезең –

жүзеге асыру –

2-тапсырма. Жоғарыда берілген сөздерді аударып, мысалдар келтіріңіз.

3-тапсырма. Сөздікке сүйене отырып орыс тіліне аударма жасаңыз.

4-тапсырма Мәтінге қатысты сұрақтар жазып беріңіз.

5-тапсырма. Мәтінге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

5-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Автомобиль өнеркәсібі.

Грамматикалық тақырып: Модальдық мағына (керек, қажет, мүмкін).

Мақсаты: студенттердің өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгерту. Кәсіби сөздерді меңгеру үшін өздігінен ізденуге үйрету.Сабақ тақырыбына сай меңгерілген терминдерді өздік жұмыс барысында қолдануға төселдіру.

І. Сөздікпен танысыңыз

өнеркәсіп – промышленность

жасауға – для создания

мамандандырылған - специализированная

сала - отрасль

жүк – груз (-а)

жолаушылар – пассажиры (-ов)

таситын – перевозки

сұйық заттар – жидкие вещества

жанармай – горючее, жидкое топливо, топливо

автокүймелер – автокореты, автофаэтон

сусымалы – сыйпучие

жабысқақ – липкие

автоқотарғыштар – автопереливатель

тіркемелер – прицепы

жартылай тіркемелі – полу прицепы

сүйреткіштер – тягачи, буксиры

малазығы – корм

арнайы қораптары бар – имеющие сециальные корабы

тез бұзылатын – быстро портящиеся

бояуларды – краски

көп талап еткендіктен – из-за большого спроса

өркендеуіне – для развитие, для прогрессирования, для процветания

жол ашты – проложил путь

үнемдейтін – для экономии

шағын – небольшой, незначительный, ограниченный

жайлы – удобные, комфортный, благоприятный

өндіріс – производство

өндірісін игерді – освоили производство

қозғалтқыш – двигатель

қуатын – мощность, силу, энергию

арттырып – увеличили, усилили

отын шығынын кемітетін – убавляющие или уменшающие убытки топливо

жол талғамайтын – (не разбирая дороги), вездеход

жүкті көп көтеретін – выдерживающи или поднимающие много груза, (подъёмник)

кәсіпорындары – предприятие, заведение

көбейді – увеличилось, возросла, размножелось

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]