Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Бөж тапсырмалары

1. «Көліктің түрлеріне жалпы сипаттама» – презентация дайындаңыз.

2. «Улағыш заттардың зияндылығы және улағыш заттарды азайту шаралары мен жолдары» тақырыбына эссе.

Көліктің түрлеріне жалпы сипаттама

          1. І. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіз.

Көліктің түрлеріне жалпы сипаттама

Жүк пен жолаушыларды тасытын көлік түрлері: әуе жолымен ұшатын – ұшақ, тік ұшақ, жүк тасушы машина (грузовик), самосвал, КАМаз, су таситын машина (водовоз), жанармай таситын машина (бинзовоз), автомобиль түрлері, такси, автобус, поезд, трамвай, троллейбус, кеме, қайық, маторлы қайық т.б. жатады.

Жол бойымен жүретін көлік түрлері, жолаушылардан басқа, шағын жүк таситын, арзан және шамалы кіріс пен пайда әкелетін, маршрутының соңында жүкті тастау платформаларына тоқтайды.

Автобус 

Жол бойымен жүретін көлік түрі, шағын жолаушылар саны ғана сиятын, арзан, кішігірім пайда әкелетін, маршрутының соңында аялдамаларға тоқтайды.

Жол бойымен жүретін көлік түрі, шағын жолаушылар саны ғана сиятын, арзан, кішігірім пайда әкелетін, маршрутының соңында аялдамаларға тоқтайды.

Поезд

Темір жолмен жүретін, өте көп жолаушылар мен жүк таситын, бағасы орташа, өте көп кіріс пен пайда әкеледі, маршрутының соңында темір жол станцияларына тоқтайды.

Ұшақ

Әуемен ұшатын, моделіне қарай шағын жүтерді де, өте үлкен жүктерді таситынын, бағасы өте қымбат, тез арада жеткізетін, көп уақытты үнемдеуге тиімді, өте алыс жерлерге тез жеткізетін, өте көп кіріс және пайда әкелетін, маршрутының соңында аэропорттарға қонады.

Тік ұшақ

Әуемен жылжитын, шағын ғана жүтерді таситын, қымбат, аз кіріс пен пайда әкелетін, маршрутының соңында, жерге қону үшін аэропорттарға, тік ұшақ алаңдарына, бар болса теңіз мұнай платформаларына қонады.

Кеме

Теңіз, өзен және мұхиттарда жүзетін, шағын ғана жүтерді таситын, онша қымбат емес, орташа кіріс пен пайда әкелетін, маршрутының соңында айлақтарға (бухта, пристань) немесе қайық станцияларында (доки) тоқтап тұрады.

Трамвай

Арнайы жасалған рельстермен қозалып жүреді, автомобилдерге бөгет болмайтын, сол рельстердің үстімен автомобилдер де қозала алатын жол түрін пайдаланады, өте арзан және өте баяу қозғалады, жүктің барлық түрлерін тасиды... Трамвайдың пайдасы, автобус, автомобиль түрлеріне қарағанда экологияны таза күйінде сақтауға тиімді, ауаны газ түрлерімен уландырмайды және адамдардың денсаулығына зияны жоқ немесе зиян келтірмейді. Маршрутының соңында трамвай аялдамаларына тоқтайды.

Троллейбус

Электр қуатымен қозалып, асфальт жолмен жүретін көлік, шағын жолаушылар саны ғана сиятын, арзан, кішігірім пайда әкелетін, троллейбустың тиімді жағы, ол да трамвай сияқты экологияны таза күйінде сақтауға тиімді, ауаны газ түрлерімен уландырмайды және адамдардың денсаулығына зияны жоқ немесе зиян келтірмейді. Маршрутының соңында траллейбус аялдамаларына тоқтайды.

II. Мәтінін таныс емес сөздерді теріп жазып, сөздіктің көмегімен глоссари құрастырыңыз.

III. «Көліктің түрлеріне жалпы сипаттама» мәтініне қатысты сұрақтарды жазбаша түрде жасап тапсырыңыз.

IV. Мәтінге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

V. «Көліктің түрлеріне жалпы сипаттама» –

презентация дайындаңыз.

2. «Улағыш заттардың зияндылығы және улағыш заттарды азайту шаралары мен жолдары» тақырыбына шығарма.

4-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Генри Форд және арзан автомобиль.

Грамматикалық тақырып: Сын есімнің шырайлары.

Мақсаты: студенттердің өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгерту. Кәсіби сөздерді меңгеру үшін өздігінен ізденуге үйрету.Сабақ тақырыбына сай меңгерілген терминдерді өздік жұмыс барысында қолдануға төселдіру.

Генри Форд және арзан автомобиль.

I. Мәтінін оқып, мазмұнын түсініңіз.

«Менің мақсатым – жер шарын автомобильге толтыру» деген екен Генри Форд. Бүгінде оның сол мақсаты орындалған сияқты.

Г.Форд АҚШ-тың Мичиган штатында дүниеге келген. Жастайынан техникаға құмар болыпты. Ол алғаш рет он екі жасында бу двигателімен жүретін локомобильді көріпті.

Жасы он алтыға толғанда Генри локомобильдер шығарумен және жөндеумен айналысатын «Вестингхауз» фирмасына эксперт болып жұмысқа орналасады. Осында істеп жүріп бу двигателіне қарағанда бензиннің жалыны арқылы іске қосылатын двигательдің қолайлы екенін түсінді. 1890 жылдардың шамасында 2- цилиндрлі двигатель жасау тәжірибелерін жүргізе бастады. Арада үш жыл өткенде ол өзінің тұңғыш автомобилін жасап шығарды.

ХХ ғасырдың алғашқы жылдары автомобиль өнеркәсібінің шапшаң дамығаны сондай, оның бағасы өте жылдам өзгеріп отырды. Дегенмен, автомобиль шығарушылар негізінен бай адамдарға лайықты сән-салтанатқа мінуге арналған экипаждар жасаумен айналысып жүрді. Осыны дер кезінде байқаған Г.Форд машина қарапайым болуға тиісті, иесі оны жүргізіп қана қоймай, бұзыла қалғанда өзі жөндеп алатындай болуы керек деп ойлады.

1908 жылдың 1қазанында зауыттан шыққан Г.Фордтың «Т-моделі» америкалықтардың ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығының автомобиль туралы көзқарасын өзгертті. Сол жылдың өзінде-ақ сұраныс өте көп түсіп, он мыңнан астам автомобиль шығарылды. Бұл Генри Фордтың ең мықты технологиялық жетістіктерінің бірі еді. Конвейер жүйесі арқылы ол әдепкіде автомобильдерді жүз мыңдап, кейіннен тіпті миллиондап шығара алатындай жетістіктерге жетті.

Кейіннен Г.Форд Ривер-Руждан салдырған жаңа автомобиль зауытынан «А-моделін шығаруды қолға алды. Ол да «Т-моделі» тәрізді қарапайым әрі арзан болды. Содан соң Г.Фордтың «V-8»двигателін ойлап шығаруы керемет жаңалық ретінде бағаланды. Бұл двигательдің сериялы түрде шығарылуы 20 жылға созылып, «Форд мотор » компаниясын ұлы дағдарыс жылдарынан аман-есен алып өтті.

1945 жылы Г.Фордтың ісін немересі Генри Форд-ІІ жалғастырып әкетті. Генри форд мырза 1947 жылы 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Оның соңында қалған байлығы 500-700 млн. доллар деп шамаланған екен.

2-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөздерді тауып аударыңыз, қайталаңыз, есте сақтаңыз.

3-тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар жазып беріңіз.

4-тапсырма. Мәтінге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

5-тапсырма. Жоғарыдағы тапсырмаларды пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз. Мәтінді мазмұндаңыз.

Сын есім

Сын есім шырайлары

Жұрнақтар

Суффиксы

Мысалдар

1.

Положительная степень- жай шырай

әдемі, жақсы, ақ, көк

2.

Сравнительная степень – салыстырмалы шырай

-рақ, -рек

-ырақ, -ірек

-лау, -леу

-дау, -деу

-тау, -теу

қаттырақ, әдемірек (тверже, красивее)

ұзынырақ, үлкенірек (длинее, больше)

қаттылау, әдемілеу (тверже, красивее)

ұзындау, үлкендеу (длинее, больше)

ұсақтау, биіктеу (мельче, высше)

3.

Усилительная степень – күшейтпелі шырай или Превосходная степень – асырмалы шырай

Образуется при помощи усилительных частиц или усилением первого слога и слов превосходства: өте, тым, ең, аса

үп-үлкен (очень большой, слишком

большой, огромный)

сап-сары (яркожелтый, очень желтый)

жап-жасыл (слишком зеленый)

өте кең (очень широкий)

ең жақсы (самый лучший)

тым тәтті (чересчур сладкий)

аса құрметті (высокопочтенный)

6-тапсырма. Сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңыз.

Толық... , қысқа... , нәзік... , арық... , ұзын... , денелі... , кішкентай... , әдемі... , жақсы... , биік... , қалың... , сирек... , үлкен... , ақ... , қара... , бауырмал... , ширақ... , шымыр... , көпшіл... , тартымды... , қарулы... , салмақты... , күшті... .

7-тапсырма. Сын есімдерден күшейтпелі шырай жасаңыз.

Толық... , қысқа... , нәзік... , арық... , ұзын... , денелі... , кішкентай... , әдемі... , жақсы... , биік... , қалың... , сирек... , үлкен... , ақ... , қара... , бауырмал... , ширақ... , шымыр... , көпшіл... , тартымды... , ат жақты... , қарулы... , салмақты... , күшті... .

8-тапсырма. Сөздерді құрамына қарай талдаңыз. Үлгі: денелірек –

дене – зат есім

лі – сын есім тудырушы жұрнақ

рек – салыстырмалы шырай жасаушы жұрнақ

қарулырақ, салмақтырақ, күштірек, білімдірек, ақылдырақ, сабырлырақ

9-тапсырма. Аударыңыз.

1. Ботадан ұзын –

  1. Сарадан кішкентай –

  2. Анасынан аумайды –

  3. Әкесінен аумайды –

  4. Саматтан аласа –

  5. Сабырдан үлкен –

  6. Күлпаштан аласа –

  7. Әкемнен кіші –

  1. Анасынан толық –

  2. Сәуледен әдемі –

  3. Нартайдан жас –

  4. Қайраттан ширақ –

  5. Мүсілімнен күшті

  6. Данадан тәжірибелі –

  7. Айжаннан білікті –

Ұлымыздан шымыр –

10-тапсырма. Сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңыз.

Үлгі: Менің шығармам оның шығармасынан қызығырақ.

  1. Оның атасы менің атамнан кәрі... .

  2. Менің әжем сенің әжеңнен жас... .

  3. Сіздің балаңыз оның баласынан ширақ... .

  4. Сенің досың біздің досымыздан шымыр... .

  5. Біздің анамыз сендердің аналарыңнан толық... .

  6. Сіздердің немерелеріңіз олардың немересінен үлкен... .

  7. Сендердің құрбыларың оның құрбысынан нәзік... .

  8. Олардың білімі біздің білімімізден жақсы... .

11-тапсырма. Етістікті жіктеңіз, аударыңыз.

Мен әкемнен аумай__________. Сен анаңнан аумай__________. Сіз әжеңізден аумай__________. Ол ағасынан аумай__________. Біз әпкемізден аумай__________. Сендер аталарыңыздан аумай__________. Сіздер апаларыңыздан аумай__________. Сендер менен аумай__________. Олар сізден аумай__________.

12-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз.

  1. Інім әкеміз секілді арық –

  2. Досым атасы сияқты ақылды –

  3. Әпкем мен тәрізді орта бойлы –

  4. Анам Данаға қарағанда толық –

  5. Ағам әкемнен аумайды –

  6. Бұл жағдай кешегіге ұқсас –

  7. Мен әжеме ұқсаймын –

  8. Құрбым анасына тартқан, мейірімді –

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]