Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать
          1. Іі. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіз.

Автомобиль және жеңіл автомобиль түрлері мен механизмдері

Автомобиль – (гректің autos - өзі және латынның mobilis – қозғалмалы, қозғалатын) өз қозғалтқышы арқылы қозғалатын жолаушылар және жүк тасуға арналған көлік түрі.

Орта ғасырларда жел күшімен немесе адамның бұлшық еті күшімен қозғалатын арба жасалынды.

Заман талабына сай бұл автомобиль түрлері өзгеріске ұшырап отырды. Автомобиль жасау өнеркәсібі дами түсті.

Біздің заманымызда адамдардың қолдануларына жеңіл, әрі қолайлы автомобиль түрлері жасала бастады.

Жеңіл автомобиль қозғалтқышының литражы яғни қозғалтқыштың барлық цилиндрлерінің жұмыс көлемі мен салмағына қарай: айрықша кіші 1,2 л және 850 кг, кіші 1,2 л – 1,8 л және 850 кг, орташа 1,8 – 3,5 л және 1150 – 1500 кг литраж массасы шектелмейтін жоғары сапалы болып 5 класқа бөлінеді.

Жеңіл автомобиль қорабының типіне қарай лимузин, кабриалет, фаэтон болып ажыратылады.

Лимузиннің қорабы жабық, кабриолеттің қорабы жоғары жағынан матамен жабылған, фаэтон қорабы ашық.

Жеңіл автомобиль мен автобустардың механизмдері тұтас жасалған қорапқаға бекітіледі.

Автомобильді басқару механизміне рульмен басқару және тежеуіш жүйелері кіреді.

Автомобильдің орындығын отыруға ыңғайлы етіп жасалған. Қорабындағы ауаны кондициялау, терезелерінің ашып – жабылуын автомат-тандыру, бейтаныс немесе ұрылардың айдап кетуінен сақтандыратын дабыл бергіш, қашықтан әсер ететін кішкентай басқарғыш пулті, автомобильдің оталдырмай қоятын жүйелерін орнату арқылы оның қолданысқа қолайлығын жақсартқан.

Ііі. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

₪ Сөздікке сүйене отырып орыс тіліне аударма жасаңыз.

◘? Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Орта ғасырларда қандай күшпен қозғалатын арба жасалынды?

2. Біздің заманымызда адамдардың қолдануларына қандай автомобиль түрлері жасала бастады?

3. Автомобиль не арқылы қозғалады?

4. Автомобиль кімдерді және нені тасуға арналған көлік түрі?

5. Орта ғасырларда жел күшімен немесе адамның бұлшық еті күшімен қозғалатын не жасалынды?

6. Неге байланысты немесе неге сай автомобиль түрлері өзгеріске ұшырап отырды?

7. Автомобиль сөзі грек және латын тілдерінен қалай аударылады?

8. Жеңіл автомобиль қозғалтқышының литражы көлемі мен салмағына қарай қандай және неше класқа бөлінеді?

9. Автомобильдің қолданысқа қолайлығын қалай жақсартқан?

10. Жеңіл автомобиль қорабының типіне қарай қандай болып ажыратылады?

11. Автомобильдің орындығы қалай жасалған?

12. Лимузиннің, кабриолеттің және фаэтон қорабы қандай болған?

13. Автомобильді басқару механизміне не жатады?

14. Жеңіл автомобиль мен автобустардың механизмдері қайда бекітілген?

ІV-тапсырма. «Автомобиль және жеңіл автомобиль түрлері мен механизмдері» мәтінін оқып шығып, жоспар құраңыз және сол жоспарға сүйене отырып мазмұндап беріңіз.

V-тапсырма. Мәтінге қатысты cитуациялық әңгіме құрыңыз.

Түйық етістік

Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды, сөйтіп шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра, жүгу, бар, шегеле, айт, айтқыз, сөйлес, кел-ме-у, бөге-ме-у. Осы сөздер іс-әрекеттің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, затесім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтінқұрал), сабау (жүнді сабайтын таяқ), егеу (темірді егейтін құрал), жасау (қызға жиналған дүние-мүлік), қашау (ағашты кесетін, жонып, қыратын құрал), ою (ойып салынған өрнек)сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: көсеу ұзын болса қол күймейді (мақал). Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді, етістікше түрленбейді.

Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.

VI-тапсырма. Төмендегі үлгілердің көмегімен сөз тіркестерін жасаңыз.

...-ған, ...-ген, ...-қан, ...-кен дұрыс, жөн. Үлгі: айтқан жөн, кеткен дұрыс

...у қажет, керек. Үлгі: айту қажет, кету керек

...уға, ...уге болады. Үлгі: айтуға, кетуге, келуге болады

          1. VІІ-тапсырма. Сөз тіркестерін түрлендіріңіз.

          2. 1-үлгі: Менің айтқаным жөн, кеткенім дұрыс

Сенің ... жөн, ... дұрыс

Сіздің ... жөн, ... дұрыс -

Оның ... жөн, ... дұрыс

Біздің ... жөн, ... дұрыс

Сендердің ... жөн, ... дұрыс

Сіздердің ... жөн, ... дұрыс

Олардың ... жөн, ... дұрыс

2-үлгі: Менің айтуым қажет, кетуім керек

Сенің ... қажет, ... керек

Сіздің ... қажет, ... керек

Оның ... қажет, ... керек

Біздің ... қажет, ... керек

Сендердің ... қажет, ... керек

Сіздердің ... қажет, ... керек

Олардың ... қажет, ... керек

Барыс септігі: у-ға, у-ге, (І-жақ, ІІ-жақ -а, -е, ІІІ-жақ -на, -не үлгілері).

3-үлгі: Менің айту+ыма, кету+іме, келу+іме болады

Сенің айту+ыңа, кету+іңе

Сіздің айту+ыңыз+ға (сыпайы түрі)

Оның айтуна, ...

Сенің айту ... , кету ... , келу ... болады

Сіздің айту ... , кету ... , келу ... болады

Оның айту ... , кету ... , келу ... болады

Біздің айту ... , кету ... , келу ... болады

Сендердің айту ... , кету ... , келу ... болады

Сіздердің айту ... , кету ... , келу ... болады

Олардың айту ... , кету ... , келу ... болады

VІІІ-тапсырма. ...уге, ...уға тиіс үлгісінің көмегімен жасалған сөз тіркестерін аударыңыз. Мысалдар келтіріңіз.

айтуға тиіс –

баруға тиіс –

білуге тиіс –

сөйлеуге тиіс –

ІХ -тапсырма. «Тиіс» сөзін жіктеңіз. Үлгі: Мен айтуға, кетуге, келуге тиіспін

Сен айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Сіз айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Сен айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Ол айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Біз айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Сендер айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Сіздер айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Олар айтуға, кетуге, келуге тиіс...

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]