Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Бөж тапсырмалары

1. Автомобиль өнеркәсібінің тарихы және әйгілі өнертапқыштар – эссе.

2. «Инженер немесе өнертапқыштар» – тақырыбына ситуациялық әңгіме құру.

  1. Мәтінін оқып, мазмұнын түсініңіз.

Автомобиль өнеркәсібінің тарихы және әйгілі өнертапқыштар.

1752 жылы орыс механигі Л. Шамшуренков екі адамның күшімен қозғалатын «жүгірме арба» жасады.

1769 –1770 жылдары француз өнертапқышы Жан Канью, одан бірнеше жыл кейін Англияда У. Мердок және Р. Тревитик бу автомобильін құрастырды.

1784 -1791 жылдары орыс өнертапқышы И. П. Кулибин жасаған педальды арбалар да осы күнгі автомобильге тән: беріліс қорабы, маховик, механикалық тежеуіш, роликті подшипник, т.б. қолданылды.

19 ғасырдың 30 жылдары Англияда Г. Герн мен У. Ханкоктың, Францияда А.Болленнің, А.. де Дион және Серполеннің бу автомобильдері жасалып, кеңінен жолға шығу үшін қолданыла бастады.

19 ғасырдың аяғында аккумулятор батореяларынан қуат алатын автомобильдер құрастырылды.

1879 жылы орыстың өнертапқышы О. С. Костович бензинмен жүретін карбюраторлы қозғалтқыш жасады.

1885 – 1887 жылы неміс өнертапқыштары К.Бенц пен Г. Даймлер бірінші болып іштен жанатын қозғалтқышы бар автомобиль жасады.

1890 жылы Франция «Панар – Левассор» және «Де Дион - Бутон» автомобильдері пайда болды.

1892 жылы АҚШ-да Генр Форд өзінің алғашқы автомобильін құрастырды. Көліктің осы түрін Европа елдері өнеркәсіптік тәсілмен шығаруды тез дамыта түсті. Франция, Англия, Швеция, Италия, Германия, Ресейде автомобиль жасайтын арнаулы ірі кәсіпорындар көбейді.

II. Сөздікті пайдалана отырып глоссари құрастырыңыз.

III. Сөздікке сүйене отырып орыс тіліне аударма жасаңыз.

IV. «Автомобиль өнеркәсібінің тарихы және әйгілі өнертапқыштар» мәтінге қатысты сұрақтар жазып беріңіз.

V. Ситуациялық әңгіме құрыңыз.

VІ. Инженер немесе өнертапқыштар – эссе жазыңыз.

3-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Автомобиль және жеңіл автомобиль түрлері мен механизмдері

Грамматикалық тақырып: Барыс септігі: у-ға, у-ге, (І-жақ, ІІ-жақ -а, -е, ІІІ-жақ -на, -не үлгілері). Модальдық мағына (дұрыс, жөн, абзал).

Мақсаты: студенттердің өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгерту. Кәсіби сөздерді меңгеру үшін өздігінен ізденуге үйрету.Сабақ тақырыбына сай меңгерілген терминдерді өздік жұмыс барысында қолдануға төселдіру.

Автомобиль және жеңіл автомобиль түрлері мен механизмдері

І. Сөздікпен танысыңыз

өзі - само

қозғалмалы – движимый

жүк – груз

тасуға арналған – для перевозки

көлік түрі – вид транспорта

бұлшық еті – мышечной силой

арба – телега

жасалынды – была создана, была изготовленна, была сделанна

заман – эпоха, эра, времена

сай – в соответствий

талабынас требованиями

өзгеріске ұшырап отырды – изменялись, менялись

дами түсті – начали развиваться

қолайлы – удобные (благоприятные, подходящие)

жасала бастады – начали производиться, начали создаваться

қозғалтқыш – двигатель

көлемі - объм, площадь, масштаб

салмағына – вес, тяжесть

ажыратылады – различается

шектелмейтін - неограниченный

жоғары сапалы – высоког (высшего) качества

ажыратылады – различаются

жоғары жағынан матамен жабылған – верх закрыт материей (тканю)

тұтас жасалған – сделанна сплошным, цельным

бекітілген – закрепленный

қорапқаға к коробке

механизмінек механизму

басқару - управления

кіреді – входят

тежеуіш – тормоз

жүйелері – системы, функции

орындығы – сидения (стулья)

отыруға ыңғайлы – удобными для сидения (для посадки)

таныс – знакомый

бейтаныс – незнакомый человек, незнакомое лицо

айдап кетуінен – от угона

сақтандыратын дабыл бергіш – сигнализация

қашықтан әсер ететін кішкентай басқарғыш пулті – маленький пулт управления с дистанции (расстоянии)

оталдырмай қоятын жүйелерін – противовоспламеняющие системы

арқылы – при помощи

орнату – установки

жақсартқан – улучшили

оның – его

қолайлығын – удобство

қолданысқа – к эксплуотации, применению (к использованию)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]