Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

І мәтінге қатысты сөздікпен танысыңыз.

түпкі – основное, изночальное

мағынасы – значение

қабілеттілік – способность

өнертапқыштық – изобретательность

пікір – мнение

бертін келе – с недавних пор

мақсатымен қолданылды – применялись с целью

бөліп атау – раздельного наименование

ажыратуға байланысты – связанные с различением

құрылыстарды – строительство

архитектурадан – от архитектуры

Содан кейiнгi замандарда – позднее

кеңейуіне байланысты – в связи с расширением

қызмет ету аясы – сферы деятельности

бөле бастады – стали разделять

сала-салаға – на отрасли

тау-кен инженерi – горно-рудный инженер

құрылыс инженерi – инженер строительства

көлiк инженерi – инженер транспорта

тағы басқа (т.б.) – и другие

1-тапсырма. Жоғарыда берілген сөздердің аудармаларын есте сақтаңыз!

          1. 2-тапсырма. Мәтінін оқып, мазмұнын түсініңіз.

Инженер немесе өнертапқыштар.

«Инженер» атауының түпкі мағынасы латынның қабiлеттiлiк, өнертапқыштық деген сөзiнен шыққан.

Кейбiр зерттеушiлер «Инженер» сөзінің бастапқы кезде «әскери машинаны басқарушы» деген мағына берген дейтiн пiкiр айтады.

«Инженер» атауы алғаш рет ХVII ғасырда Голландия елінде пайда болды.

Бертiн келе «Инженер» атауын көпiр тұрғызу, жол салу, үй соғу, автотехника саласын дамыту, мұнай құбыры т.б. құрылыстарды архитектурадан ажыратуға байланысты бөліп атау мақсатымен қолданды. Содан кейiнгi замандарда инженер мамандығының беделi артып, қызмет ету аясы кеңейуіне байланысты, сала-салаға бөле бастады: тау-кен инженерi, құрылыс инженерi, көлiк инженерi және тағы басқа (т.б.).

Көптеген өнертапқыштар инженерлердiң арасынан шыққан.

1897 жылы немiс инженерi Р. Дизель тұңғыш рет iштен жану қозғалтқышын ойлап тапқан. Содан бұл қозғалтқыш соның есiмiмен «дизель» деп аталған.

Француз инженер-металлургы П. Мартеннiң құрметiне орай «мартен» пеші аталған.

Итальян философы, әрi математик Аж.Кардань да инженермен жақсы қарым-қатынас жасап тұрыпты. Өнертапқыш ретiнде «карданды механизм»-дi жасап шығарыпты. Мұндай мысалдарды көптен келтiре беруге болады. Әзiрге назар аударғалы отырғанымыз – «қабiлеттiлiк, өнертапқыш» деген сөздер. Бұл сөздер инженер деген атаудың түпкi белгiсi болып қала бередi. Әлi де инженерлердiң арасынан өнертапқыштар шығуда.

Жаңа ғасырда өндiрiс арта түседi. Күрделi де нәзiк техника, электроника өркендейдi. Жаңа ғасырда жаңаша техниканы алға шығаруға бiлiмдi де тәжiрибелi инженерлер үлес қосады.

3-тапсырма. Мәтінге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

Іv. Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

₪ Сөздікті пайдалана отырып, мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

◘? Мәтін бойынша құралған төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. «Инженер» атауы қай тілден шыққан?

2. «Инженер» сөзінің түпкі мағынасы нені білдіреді?

3. Кейбір зерттеушілер «Инженер» сөзінің бастапқы кезде қандай

мағына ие болғаны туралы пікір айтады?

4. «Инженер» атауы алғаш рет нешінші ғасырда және қай елде пайда

болды?

5. Бертін келе «Инженер» атауы қандай құрылыстарды неден ажыратуға

байланысты бөліп атау мақсатында қолданды?

6. «Инженер» атауы кейінгі замандарда қандай салаларға бөлінді?

7. Инженер мамандығының сала-салаға бөліну себебі неде?

8. Көптеген өнертапқыштар кімдердiң арасынан шыққан?

9. 1897 жылы кім тұңғыш рет iштен жану қозғалтқышын ойлап тапқан?

10. Іштен жану қозғалтқышына кімнің есімі берілген?

Ω «Инженер немесе өнертапқыштар» мәтініне жоспар жазыңыз.

Ω Жоспарға сүйене отырып «Инженер немесе өнертапқыштар» мәтінін мазмұндаңыз.

∆ Инженер мамандығының не үшін қажет? Осы сұраққа байланысты әңгіме-сұхбат жасаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]