- •3. Психологияның жалпы мәселелері, психологияның пәні, әдістері және маңызы
- •2. Педагогикалық процестің белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары.
- •3. Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіру, жан қуаттарының топтастырылуы.
- •2. Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші.
- •3. Жеке адам туралы жалпы түсінік. Жеке адам, топ және ұжым.
- •2. Жасқа бөлу кезеңдері.«Акселерация» түсінігі.
2. Жасқа бөлу кезеңдері.«Акселерация» түсінігі.
Жас кезеңдері негізі даму заңдылықтарымен анықталады.Отандық психологтар бала дамуының әрқайсының өзіндік ерекшелігін, кезеңнің әлеуметтік даму жағдайы және жетекші іс-әрекет түсініктерімен анықтайды.
Әлеуметтік даму жағдайы Л.С. Выготскиймен анықталған. «Дамудың ішкі процестері мен сыртқы жағдай үйлесімділігі, ол әр жас кезеңіне тән және сол жас кезеңіне тең психикалық даму динамикасымен шарттасады және жаңа сапалық өзіндік психологиялық жаңалық, яғни соңында байланысты».
Жетекші әрекет түсінігі А.Н.Леонтьев еңбектерінде ашылған. Әрбір жас кезіне сәйкес іс-әрекет түрі сәйкес келеді, ол баланың жеке басының дамуына және қалыптасуына, рның танымдық мүмкіндіктеріне әсер етеді.
Психологиялық – педагогикалық ғылымның тереңдетіліп дамуына байланысты, жас кезеңдері де зеттелуде. Бұған Д.Б. Элькониннің еңбектері дәлел бола алады.
Д.Б. Элькониннің жас кезеңдері мына кестеде көрсетіледі:
1. Нәрестелік жас туғаннан кейін -1 жас. жетекші әрекеті –эмоциональды қарым-қатынас. Бұл жастағы маңызды жаңалық (жетістік) қарым-қатынасқа деген қажеттілік басқа адаммен.
2. Сәбилік кезең 1-3 жас. Жетекші әрекеті – заттық әрекет. Жетістік сөйлеудің дамуы және көрнекі әрекеттік ойлаудың дамуы.
3. Мектептегі жасқа дейінгі кезең-3-7 жас. Жетекші әрекеті – рольдік ойын. Жетістігі –қоғамдық маңызы, қоғам бағалы іс-әрекетке ұмтылу.
4. Бастауыш сынып оқушысы-7-14 жас. Жетекші әрекеті – оқу. өз процесінде ес қалыптасады., сыртқы әлемнің заттарын меңгереді. Бұл жастың жетістігі болып психикалық құбылыстардың ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, рефлекция алынады.
5. Жеткіншілік жас 11-15 жас. Жетекші әрекеті қоғамда пайдалы іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынас (оқу, қоғамдық –ұйымдастыру, еңбек т.б.) бұл процесте жеткіншек әртүрлі жағдайдағы қарым қатынас дағдыларын меңгереді. Маңызды жетістіктері болып өзін-өзі бағалаудың қалып, қоршаған адам. Сын көзбен қарау «ересек болуға ұмтылу және ұжым өмірінің нормаларына бағына білу іскерлігі мен дербестігінің қалыптасуы.
6. Балғын жастық шақ 15-17 жас. Жетекші әрекет - кәсіптік оқу, жетістігі: оқу процесінде дүниетанымы, кәсіби қызығушылығын, өзіндік санасы, арман, мұраты қалыптасады.
Акселерация - жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы.
Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Аккселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі.[1]
Ю.К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады.
3. Қарым-қатынас психологиясының зерттейтін құбылыстары; микроорта және макроорта
Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Қарым-қатынас, Г. М. Андрееваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Қарым-қатынас формалары:
Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т.с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді.
Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
Микроорта – кәсіпорынға (фирмаға) және оның тапсырыскерлеріне (жеткізушілер мен тұтынушыларға)‚ бәсекелестерге‚ байланыс аудиториясына‚ яғни кәсіпорынға ықылас білдірген немесе межелі мақсатқа қол жеткізу қабілетіне ықпал ететін топтарға қызмет көрсету жөніндегі мүмкіндіктеріне қатысы бар элементтердің жиынтығы.
Макроорта немесе үлкен орта — ұйымның (кәсіпорынның‚ фирманың‚ компанияның) қызметіне елеулі ықпал ететін демографиялық‚ экономикалық‚ ғылыми-техникалық‚ мәдени және басқа факторлардың жиынтығы.
