Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Вопросы проф пед.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.79 Кб
Скачать

3. Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіру, жан қуаттарының топтастырылуы.

Жан қуаты — адамның психологиялық сипаттары мен психикалық процестерінің алуан түрлі болып, неше алуан қызмет атқаруы мен олардың көрінісін ұлы бабамыз, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби жан куаттары деп атаған және оларға сол замандағы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, адамның бойындағы жеке мүшелердің атқаратын қызметін де дәйектеп түсіндірген. Психикалық процестер болып саналатын сезім мен түйсік, сөйлеу мен ойлау, жігер мен ерікті әрекеттердің бәрі жан қуаттары деп есептеледі. Жан қуаты материалистік және идеалистік — діни бағыты бар екені философия ғылымындағы ертеден келе жатқан біріне-бірі қарама-қарсы дүниетанымдық көзқарас. Жан жайыңдағы түсінік психологияда — ішкі ой-сана сарайы. Ал ауыспалы мағынадағы жан түсінігі діни тұрғыдан қарағанда адамға, жан-жануарларға тіршілік беретін рух. Мұндай көзқарас бойынша, адамның тәні бар және жаны болады деген сенім болған. Адамның жан дүниесінің сыры объективті дүниенің субъективті бейнесі деп түсіну бірыңғай материалистік тұрғыңағы дұрыс түсінік болып табылады. Жан тәнмен бірге тіршілік етеді. Бұл организмнің табиғи өмір сүруі — шындық фактор.

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестеу, т. б) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял т.б) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүние мен (объективтік шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.

Психикалық кейіп (немесе қалып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б) тұрақты компоненттері. Жан қуаттарының осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық зерттелінбеген.

Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас өзгешілік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.

Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып өскен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, кейде әлсін - әлі құрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар тұтастай, біріккен сапаларымен бейнеленеді.

Жан қуаттары ішінен зейін ерекше орын алады. Зейін санамыздың барлық жақтарының (қабылдау, елес, ойлау,қиял т.б.) белгілі обьектіге бағытталып, шоғырлануы. Зейін жан қуаттарының қай-қайсысына болса да дәнекер болады, оны күшейте де әлсірете де алады, ерік процесі де онсыз пәрменсіз болады.

7 Емтихан билетi