Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Вопросы проф пед.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.79 Кб
Скачать

5 Билет

2. Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде.

Адамның қандай да болмасын іс – әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс – әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.

Педагогикалық іс – әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады»’ Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс – әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.

Диалектикалық – материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс – әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс – әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс – әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.>) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс – әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.

Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс – әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс – әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:

-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С. Ильин);

-мұғалім іс – әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);

-егер оқушының іс – әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);

-мектеп әкімшілігі іс – әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.Кондаков);

-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі дамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский);

Мұғалім іс – әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.

Қазіргі кезендегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақгалады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, зандылықтар туралы дербес білімдері бірте – бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс – әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.

Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарлары эмпирикалық жолмен жинақгалған педагогикалық процестің әртүрлі жақтары жайлы білімдер болады.

Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің білімдер сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенін бірлігі (А.Ф. Каптерев, М.А. Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушьшардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (АС. Макаренко); тұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т. Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В.С. Ильин, И.П. Радченко) және т. б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр — ол біртұтас педагогика-лық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақгарға эмпирикалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.

3. Психологияның жалпы мәселелері, психологияның пәні, әдістері және маңызы

Жалпы психология - өзінің даму тарихы, пәні мен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі..

Жалпы психология антикалық кезеңнен баста у алып, философия аясында психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыпьасты. ХХ ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды.

Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне – бұл оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көпқырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.

Пәннің мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.

Пәннің міндеттері: 1) оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; 2) әр – түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдаупроцесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту; 3) Дүние жүзілік және Отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру.

Психологиядағы негізгі әдістер

Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері — бақы лау және эксперимент.

Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалай-.ды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке ала­ды. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да пайдаланылады.

Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылдарын т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады. Өйткені белгілі бір көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде білдіруі мүмкін ғой. Мысалы, қандай да бір-жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе б;ала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді елеп қана қоймай, он ыдұрыс түсіндіру болып табылады. Жақсы бақылаушылар бақылаулар материалы мен оны түсіндіруін арасын қатақ шектейді. Өйткені түсіндіру қате бо­лып қалуы да мүмкін. Ол үшін бақылау парақ қағаз екі бөлімге бөлініп жазылады. Сол жақ бөліміне баланын. сыртқы белгілерін жазады да, он. жағына оны өзінше түсіндіреді.

Жаппай бақылаулар нәтижелері әдетте күнделік ретінде сақталады, олар баланың психикалық даму заңдылықтарын анықтау үшін пайдаланылатын фактілердің маңызды қайнар-көзі болып табылады. Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Неміс психологи В. Штерн (1871 — 1938) әйелі (К. Штерн) екеуі жүргізген күндедігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 жылы туған) сәбилік шақтағы балалардын ақыл-ойының даму кезеқдерін бөліп көрсете отырып, немерелерін бақылау қорытындыларына жиі сүйенеді. Совет зерттеушісі Н. Н. Ладыгина-Коте (1889—1963) кішкентай шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулар нәтижесінде бала мен жануарлар балалары дамуынын ерекшеліктерін салыстырды. Маман-психологтар сияқты, ата-аналар да күнделікті жиі жүргізеді. Бүл күнделіктерді, әдетте психологтар мен педагогтар жиі пайдаланады (мысалы, А. Д. Павлованың, Э. И- Станчинскаяныңкүнделіктері)

Эксперимент.

Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол — психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай -сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады. Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі кимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекі­тілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына карай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Сонда мыналар анықталған: үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал, ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген экспери­мент тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты бөлікген топтардын дұрыс жауаптарының санына қарай шығарылады.

Қосалқы зерттеу әдісі: Анкеттік әдіс; Әңгімелесу әдісі; Тест әдісі; Әлеуметтік өлшем әдісі.

6 Емтихан билетi