- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
Тұжырымдама.
Поэзияда суреттелген ұғым туралы түсінік берілмейді, ол туралы бейнелі ой, көркем сурет жасалады. Поэзиядағы бейнелі сөздер айнала қоршаған дүниені көркем тануға көмектеседі. Қазақ поэзиясында болмыстағы құбылыстар халқымыздың дүниетанымына жақын, әдет‑ғұрпы мен философиясын, эстетикасын білдіретін ұғымдармен өрнектеледі.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лириканың көркемдік жүйесі бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы, 2001.
2. Қабдолов З. Арна. Зерттеу, сын‑эссе. Алматы, 1988.
3. Дәдебаев Ж. Өлеңдегі сөз. Уақыт және қаламгер. Алматы, 11‑ кітап, 1985.
4. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Өлеңдер мен аудармалар. Алматы, 2005.
5. Әуезов М. Абай жолы. Алматы, 2007.
6.Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Астана,2003.
7.Кәрібаева Б. Қара өлең және лирика. Алматы, 2001.
8.Кәрібозұлы Б. Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты. Алматы, 1997.
9.Жүсіп Қ.М. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар, 1999.
9-дәріс. Поэма жанры, оның түрлерін,
Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
Поэма жанрының ерекшелігі туралы мағлұмат
Поэма түрлері.
Негізгі ұғымдар: Поэма, түрлері, лирикалық кейіпкер, сюжетті, сюжетсіз поэма.
Поэма ‑ өлең сөзбен жазылған сюжеттік желісінде әңгімелеу сипаты басым көлемді туынды. Сюжетті поэмалармен қоса, таза лирикалық сюжетті қамтитын поэмалар да болады. Поэма жанры, оның көркемдік ерекшелігі, тарихи‑мәдени және әдеби процестегі мәні мен ролі туралы айтқанда, екі мәселені бөліп алуға болады. Гегель “Эстетика туралы дәрістерінде” эпикалық поэзияның мазмұнында жалпы әлем шеңберіндегі ұлттық дүниетаным көрінеді деген ой айтады. Осылайша поэма мазмұнына арқау болатын оқиғаның тарихи көлемі анықталады. Гегельдің көзқарасынша эпикалық дүниенің негізі ретінде халықтың рухын көрсететін жалпыхалықтық іс көрінеді. Гегельмен бірге Белинский өзінің белгілі “Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу” деген мақаласында поэмадағы жеке субъектінің рөліне, авторлық басталуға көбірек көңіл бөліп, нақты эстетикалық және тарихи‑әдеби талдау кезіде, баяндаушының лирикалық тебіренісі, оқиға мен кейіпкерлерге деген қарым‑қатынасы, көңіл‑күйі эпикалық шығармаға үлкен эмоция беретінін айтқан.
Қазіргі поэма жанры тақырып түрлілігімен, дәуір, ұлт рухын беруімен, өткен оқиғаларға өз бағасын айтуымен ерекшеленеді. Жазба әдебиет дамуының өне бойында поэма әдебиеттегі бірден – бір жетекші салаға жатады. Өзінің жанрлық мүмкіндігіне қарай, поэма әр түрлі көркемдік құрылымда, атап айтқанда, сюжетті, сюжетсіз, драмалық, монологтық‑толғаныс түрлеріне жіктеледі. Поэмада көтерілген проблемалар, тақырып пен идея, сюжет пен композиция, кейіпкерлер жүйесі эпикалық кең тынысқа негізделеді. Қазақ әдебиеті тарихында қара сөзбен жазылған поэмалар да бар. Мәселен, Ғ.Мүсірепов “Кездеспей кеткен бір бейне” шығармасын қара сөзбен жазылса да, поэма деп атаған.
Поэма ‑ әдебиеттегі іргелі жанрлардың бірі. Онда қоғамдағы алуан түрлі іргелі мәселелер, көкейкесті тақырыптар қозғалады. Мәселен, Абайдың “Ескендір” поэмасын қарастырып көрейік. Негізінен, Абай поэмаларында қозғалатын жайлар шығыс халықтарының аңыз‑ертегілерінен алынған.Бұл поэманың сюжеті аңыз түрінде кең таралған. Сондай бір сюжет – Ескендір жайында Науаидің, Фирдоусидің дастандарының желісі. Абай “Ескендір” поэмасына негіз болған оқиғаны ғасырдағы әзербайжан классигі Низами дастанынан алғандығы айтылады. Алайда, ақын оқиғаны өзінше құрған. Поэма мәтіні таныстырылғаннан кейін, поэмада қандай оқиғалар болды, кейіпкерлері кім, оқиға қалай баяндалған, автордың оқиғаға көзқарасы қандай деген мәселелер анықталады. Ол үшін поэма сюжетіне қатысты жоспар құрылады.
Жоспар
1. Ескендірдің жорықтары.
2. Ескендірдің бұлаққа кездесуі.
3. Жабық қақпа.
4. Қақпадан жеткен сый.
5. Сыйдың сыры.
6. Ақынның ғибраты.
Ақынның поэма соңында айтқанын өлеңдеріндегі өсиеттерімен байланыстыруға болады. Мәселен, “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат”, “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы”. Бұдан кейін поэмадағы екі кейіпкердің диалогы – жауыздық пен әділеттіліктің бетпе‑бет келуі, жауыздықтың даналықпен ақиқаттың алдына бас игені ашылады.
Аристотельдің уәжінен кейін Ескендірге ой түседі, тәубасына келеді. Поэманың алғашқы жартысы баяндауға, екінші жартысы нақты суретке құрылған. Ақын поэма соңында тойымсыз, қанағатсыз Ескендірді парасаттылықтың алдына бас игізеді. Аристотельді үлгі етеді. Абайдың “Әсемпаз болма, әрнеге”, “Ғылым таппай мақтанба” өлеңдерінен үзінділер келтіріліп, поэма идеясымен сабақтастырылады. Поэманың көркемдігі ашылып, нақты мысалдармен дәлелденеді. Мәселен, поэманың басында Ескендір таныстырылады:
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып, қарады оңды‑солды.
Сырнайлатып, шаһар бойлап жүре берсе, қақпасы бекітулі алтын қорған кез болады. Оны аша алмай, дал болып тұрғанда, ар жағынан жеткен күзетші:
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең.
Іші тар, көре алмастың біреуі – сен,
Ондай кісі бұл жерге келмейді тең, ‑ деп дүниеден беті қайтпай келе жатқан Ескендірді тосылдырып тастайды. Амалы құрыған патша:
Ең болмаса, халқыма көрсетейін,
Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер, ‑ деп жалынады. Сыйдың орнына лақтырылған сүйек алған патша қатты ашуланады. Сонда мұның құпиясын ашқан Аристотель патшаның бұдан кейінгі барша тірлігін өзгертетіндей уәж айтады:
Сый сұрадың, бергені бір қу сүйек,
Мұны көріп алыңыз сіз де ғибрат! Бұл сөздің ақиқатын түсінген патша қолын алып кері қайтады. Ақын:
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды, деген терең философиялық оймен поэманы түйіндейді.
“Қазақтың жазба әдебиетінің қалыптасуында эпикалық жанрдағы жетекші түрлердің бірі поэма екендігі әдебиеттану ғылымында айтылып жүрген пікір болғанымен, бұл саладағы көркемдік жетістіктердің негізінде романтикалық бейнелеу тәсілінің жатқаны арнайы сөз етуді қажетсінетін мәселе. Қазақ романтикалық поэмасы Мағанға дейінгі кезеңде кем дегнде үш типті көрінеді деуге негіз боларлық әдеби‑көркем деректер баршылық. Мұндай тұжырым жасауға Абайдың және оның ақын шәкірттері шығармашылығындағы эпос жанрының ипаы негіз бола алады”, ‑ дейді романтикалық поэма табиғатын дербес зерттеу нысаны еткен ғалым Е.Тілешев. Абай поэмаларындағы романтикалық шарттылық оның ағартушылық ойларын берудің тәсілі сияқты. Ақынның “Ескендір” поэмасындағы ағартушылық сипат алдыңғы кезекте өрістегенімен, ондағы оқиға, бейне жасау романтикалық түрде берілген. Абайдың балалары, шәкірттері Ақылбайдың, Мағауияның поэмалары – қазақ поэмаларының ішіндегі орыстың, батыстың осы жанр саласындағы XIX ғасырдың бірінші жартысында белгілі болған дәстүрін еске салады. Еуропа, орыс әдебиетіндегі байрондық поэмалар деп аталатын туындылардың идеялық, көркемдік қасиеттерін танытатын сипат “Дағыстан”, “Медғат – Қасым” поэмаларынан анық аңғарылады. Осы поэмалардағы басты тартыс – махаббат мәселесінен бастау алады. Осыдан барып бас қаһарман ортасынан оқшауланып, кек алу әрекетін ойластыра бастайды. Байрон, Пушкин шығармаларында да өзге елдегі, ортадағы жағдай, табиғат суреттеліп, кейіпкерлері де батыл, өжет мінезді болып келеді. Яғни, қазақ романтикалық поэма жанрының қалыптасуы, оған өзге халықтар әдебиетінің ықпалы туралы айтқанда, Ақылбайдың “Дағыстан”, Мағауияның “Медғат‑Қасым” поэмаларын атаған орынды. Романтикалық поэма үлгісін Шәкәрімнің “Ләйлі‑Мәжнүн” поэмасынан да байқаймыз.
Мағжанның романтикалық сипаттағы поэмаларының басы‑ “Ертегі” поэмасы. “Ертегі” атауы фольклор жанрын емес, идеялық мазмұнды меңзейді. Қазақтың кешегі азат күйі, көшпелі ерікті тірлігі – ертегідей елестейді. Романтикалық идеалды бейнелеудің формалары, мазмұны бұдан кейінгі “Қорқыт”, “Оқжетпестің қиясы”, “Батыр Баян” поэмаларында байқалады.
Тұжырымдама.
Поэма ‑ өлең сөзбен жазылған сюжеттік желісінде әңгімелеу сипаты басым көлемді туынды. Сюжетті поэмалармен қоса, таза лирикалық сюжетті қамтитын поэмалар да болады. Поэма жанры, оның көркемдік ерекшелігі, тарихи‑мәдени және әдеби процестегі мәні мен ролі ерекше.
Қазіргі поэма жанры тақырып түрлілігімен, дәуір, ұлт рухын беруімен, өткен оқиғаларға өз бағасын айтуымен ерекшеленеді. Жазба әдебиет дамуының өне бойында поэма әдебиеттегі бірден – бір жетекші салаға жатады. Өзінің жанрлық мүмкіндігіне қарай, поэма әр түрлі көркемдік құрылымда, атап айтқанда, сюжетті, сюжетсіз, драмалық, монологтық‑толғаныс түрлеріне жіктеледі. Поэмада көтерілген проблемалар, тақырып пен идея, сюжет пен композиция, кейіпкерлер жүйесі эпикалық кең тынысқа негізделеді.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер поэма түрлері, ерекшеліктері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек.
