
- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
Тұжырымдама.
1. Әдеби жанр термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады. Біріншісі, әдебиеттердің қалыптасқан тектері эпос, лирика, драма; екіншісі, әдеби туындылардың түрлері ‑ әңгіме, повесть, роман, поэма, комедия т.б. Жанр – даму үстіндегі құбылыс. Әрбір тарихи дәуірде белгілі бір жанрдың түп негізі сақтала отырып, өзгеріске ұшырайды. Жанрлар туады, дамиды, өзгереді, жаңадан пайда болады. Поэзия ‑ әдебиеттің көне саласы. Поэзиялық шығармада сезім басты орында тұрады. Лириканы оқыту әдебиетті оқытудың басты талабынан туындайды.
2. Лириканың жекелеген компоненттерін таныту ‑ әдебиет сабағындағы басты мәселе. Оларға тақырып, идея, образ, композиция, сөз, тіл жатады. Ең алдымен лириканың тақырыбы ашылады.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы1997.
2. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. Алматы, 1995.
3. Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиеті. Әдістемелік оқулық. Алматы, 2003.
4. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.
8-дәріс. Лириканың көркемдік жүйесін таныту
Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
Лирика жанрының көркемдік жүйесі туралы мағлұмат
Айшықтау түрлері.
Негізгі ұғымдар: Көркемдік, көркемдік жүйе, лирикалық кейіпкер, құбылту түрлері, ырғақ, пафос.
Қазақ халқының сөз өнері туралы, поэзия, өлең құрылысы туралы зерттеушілер көптеген құнды пікірлер айтқан. А.Байтұрсынов көрнек өнерін бес тарауға жіктей келе, “... бесінші – нәрсенің жайын, күйін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту – бұл сөз өнері болады”, ‑ дейді. Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: ақылға, қиялға, көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі – тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау. Өлең тіліне ой‑сезімнің өткірлігі, тереңдігі тән”, ‑ дейді. Поэзияда суреттелген ұғым туралы түсінік берілмейді, ол туралы бейнелі ой, көркем сурет жасалады. Поэзиядағы бейнелі сөздер айнала қоршаған дүниені көркем тануға көмектеседі.
Қазақ поэзиясында болмыстағы құбылыстар халқымыздың дүниетанымына жақын, әдет‑ғұрпы мен философиясын, эстетикасын білдіретін ұғымдармен өрнектеледі. Мысалы:
Алтын күн батып барады,
Күйдіріп көктің жиегін.
Құралай көзді қарағым,
Болдың ба иіріп жібегің.
Қолыңа қардай бәтесті ал,
Қандай қызыл жібекпен,
Ақ бәтеске өрнек сал (Мағжан).
Міне, осы шумақтан халқымыздың дәстүріне тән көптеген сипаттар байқалады. Алдымен, қазақ даласында айқын тамашалауға болатын кешқұрымғы табиғат берілген. Күннің аспан жиегін ал қызыл түске бояп батып бара жатқанының өзі әдемілік. Осы кезде қызыл түсті жіпті иіріп отырған құралай көзді сұлу көрініс береді. Ол жібін дайындап алып, енді қардай аппақ бәтеске кесте төкпекші. Осы аз ғана үзіндіден халқымыздың қол өнері, қыз баласын жасынан өнерге баулыған тәрбие, бойжеткеннің өзі ұнатқан азаматқа кесте төгілген орамал сыйлайтын дәстүрі көрінеді. Ақын қазақтың сөйлеу дағдысының ерекшелігін алтын күн, көктің жиегі, құралай көз, ақ бәтес тіркестері арқылы беріп, халық танымына тән бейнелер жасаған.
Поэзия ойдың көркем бейнесі болғандықтан, онда көркемдік құралдар мол кездеседі.
Теңеу. Екі нәрсені немесе құбылысты салыстыру. Кейде айтылып отырған зат тұтас салыстырылса, кейде оның бір белгісі, бөлшегі ғана алынады. Сол сияқты кейде өзара табиғаты үйлес заттар салыстырылса, кейде салыстыруға бір‑бірінен мүлдем алшақ ұғымдар алынады. Мысалы: “Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы” (Абай), “Алақандай ақ бәтес” (Мағжан), “Солдаттың етігіндей жаным сірі” (Қасым). Алғашқы теңеуде бір қарағанда теңеліп тұрған ұғымдардың арасында байланыс жоқ сияқты. “Қақтаған ақ күміс” сызатсыз, тегіс болатын болса, жас қыздың маңдайы да әжімсіз, мінсіз болады. Ендеше теңеліп тұран екі ұғым арасында үйлесімділік бар екен. Адамның алақанының жылуы мол болса, ақ бәтес тазалықтың бейнесі. Сонда “алақандай ақ бәтес” алдымен оның шағын ғана көлемін білдірсе, екіншіден қардай аппақ бәтесті бойжеткен көңіліне жақын тұтқан адамына сыйлайды. Сол сияқты “солдаттың етігіндей жаным сірі” деген тіркесті Қасым ақын соғыс тақырыбындағы өлеңінде алып отыр. Әрине, мұндайда жырларда кездесетін “арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты” деген дағдылы тіркестер қажет секілді. Алайда, от пен оқтың ортасында майдан кезген жауынгер үшін үстіндегі шинелі мен аяғындағы етігінен мықты зат жоқ. Тап осы әскери лирикада “солдаттың етігі” мықтылықты, төзімділікті бейнелеп тұр.
Теңеуге метафора (ауыстыру) жақын келеді. Негізгі айырмасы – метафорада салыстырылған екі нәрсе бірігіп, бір ұғымды береді, ал теңеуде екі нәрсе ұқсастырылады. Мәселен,
Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы (Абай).
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам (Сұлтанмахмұт).
Мен – тауда ойнаған қарт марал (Махамбет).
Алғашқы ауыстыруда өлең секілді дерексіз ұғым патшаға айналды. Сұлтанмахмұттың өлеңінде ақынның романтикалық тұлғасы аспанға өрлеген күнге баланды. Яғни, көз алдымызға ауыстырылған екі ұғымның біреуі ғана келеді (патша, күн, қарт марал). Метафорада ауыстырылған екі ұғымның біреуі ғана аталады.
Эпитет (айқындау) бір нәрсенің ерекшелігін айқындай түседі. Мысалы, қамыс құлақ, қой мойын, қоян жақ, бөкен қабақ. Көбіне, айқындау теңеумен, ауыстырумен қоса қабат қолданылады. Мысалы:
Қаптаған қара бұлттай,
Қайнап біткен болаттай,
Мен – тауда ойнаған қарт марал.
“Қаптаған қара бұлт” – айқындау, “қаптаған қара бұлттай” – эпитетті теңеу. “Тауда ойнаған қарт марал” – айқындау, “мен – тауда ойнаған қарт марал” – эпитетті метафора.
Символ – балама бейне. Мұнда негізгі ой, құбылыс сол балама бейне арқылы беріледі де, шарттылық басым болады. Ақын‑қаламгерлер шығармаларының атауында да символдық ұғымды қолданады. Мәселен, Ә.Нұрпейісовтің романы “Қан мен тер” деп аталады. Сәкеннің шығармаларында “асау тұлпар”, “экспресс”, “дауылпаз құс” секілді балама бейнелер аталады.
Аллегория – көркем тұспалдау деген сөз. Онда айтылып отырған нақты нәрсе түгелімен ауыспалы мағынада беріледі. Аллегория шешендік сөздерде, мысал өлеңдерде, толғау‑термелерде, салт‑дәстүрге байланысты өлеңдерде беріледі. Мәселен, мысал өлеңдерде адам қатыспайтыны белгілі. Оның орнына аң, құс, өсімдік алынып, адамның әрекеті соларға телінеді. Олар адамша сөйлеп, ойлап, әрекеттер жасайды. Яғни, өздерінде жоқ қасиеттермен көрінеді. Аллегория мен символ кейде ұқсап жатады. Негізгі айырмасы символда тұтас мәтіндегі жекелеген ұғымдар ғана балама түрінде алынады. Ал, аллегорияда тұтас мәтін ауыспалы, жұмбақтау түрінде беріледі. Мәселен, халықтың жұбату өлеңінде “қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ” деп адамның ауыр қазасына жұбату айтады. Бұдан басқа өлеңде қайталау түрлері мол. Олар сөз, дыбыс қайталауы, тармақтың басында немесе соңында келетін қайталаулар болады. Мәселен, ұлт ақыны Мұқағалида:
Ығысыңдар, ей, таулар, ығысыңдар!
Орын сайла ортаңда жұмысым бар.
Ата болып не маған ұрысыңдар.
Адам болып немесе ығысыңдар, ‑ деген өлең жолы бар. Мұндағы “ығысыңдар” деген сөз үш рет қайталанып, өлеңге лептілік, үстемелік дарытып тұр. Ал, К.Ахметованың “Сарыөзек сағыныш” жырында “сары” сөзінің мәнді қайталауын жасаған:
Сары өзен. Сары тоғай. Сары қайың.
Сары өзек. Сары дала. Сары уайым.
Сарытап сезімдерге сабау болып,
Сары ішік шабытымды жамылайын. Сол сияқты,
Төгіл, шуақ!
Даланың көркін құрап,
Желмен ойнап желбіре,
Желпін, құрақ! ‑ дегенінде ақын К.Ахметова дәстүрлі он бір буынды өлеңді 4,7,7,4 буындарына бөліп тастап, өлеңнің интонациялық ырғағын өзгерткен.
Абай әлеміне еркін еніп, өлең дәстүрін лайықты жалғастырған қазақ ақындары (Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б.) көркемдік‑рухани дүниелерді терең толғаса, ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашқан Ә.Тәжібаев, Т.Әбдірахманова, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, М.Әлімбай, М.Айтхожина, Ф.Оңғарсынова, А.Бақтыгереева, О.Сұлейменов, Қ.Мырза Әлі, Қ.Бұғыбаева, М.Шаханов, Т.Медетбек, Ж.Әбдірашев т.б. ізденістері, көзқарас эволюциялары, жырлау тәсілдері көптің көңілінен шығып, рухани нәр сыйлады.