
- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы1997.
2. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. Алматы, 1995.
3. Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиеті. Әдістемелік оқулық. Алматы, 2003.
4. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.
5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
6-дәріс. Оқушылардың теориялық әдеби білімін қалыптастыру. Жанр түрлерін таныту
Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
Әдеби-теориялық білім негізі
Жанр түрлері
Лирикалық шығармаларды оқыту ерекшелігі
Негізгі ұғымдар: Әдеби-теориялық білім, жанр, әдеби тек, эпос, лирика, көркем туынды, логикалық бірлік.
Әдеби жанр (французша ‑ тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады. Біріншісі, әдебиеттердің қалыптасқан тектері эпос, лирика, драма; екіншісі, әдеби туындылардың түрлері ‑ әңгіме, повесть, роман, поэма, комедия т.б. Жанр – даму үстіндегі құбылыс. Әрбір тарихи дәуірде белгілі бір жанрдың түп негізі сақтала отырып, өзгеріске ұшырайды. Жанрлар туады, дамиды, өзгереді, жаңадан пайда болады. Поэзия ‑ әдебиеттің көне саласы. Поэзиялық шығармада сезім басты орында тұрады. Лириканы оқыту әдебиетті оқытудың басты талабынан туындайды.
Дәстүрлі түрде алғанда әдеби тек үшке жіктеліп, әрқайсысының белгілі бір қызметі қалыптасады.
Эпос болмысты белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында, оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде суреттейді.
Лирика адамның ішкі сезім‑күйін, әр түрлі эмоционалдық жағдайын бейнелейді.
Драма кейіпкерлердің тікелей қатысуымен олардың арасындағы тартыс, қақтығыстарды әлеуметтік‑психологиялық сипатта беруімен ерекшеленеді.
Осылардың ішінде лирика өмірдің алуан түрлі құбылыстарына ақынның көзқарасын, күйініш‑сүйініш сезімін, толғаныс‑тебіренісін көрсетеді. лириканы талдау оқырманды өнерді эмоциялық‑эстетикалық жағынан түсінуге баулиды.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғатына әр алуан. Эпикалық шығармада қаламгердің өзін қоршаған дүниені көркемдік пен суреттеуміне қатар, өмір шындығын әдеби образға жинақтап, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада өмірдің түрлі құбылыстарынан туындаған ой-сезімдерді ақынның тікелей бейнелеуіне бағытталады. Драмада алғашқы екеуінің мүмкіндіктерін өз бойына біріктіреді. Яғни пьесадағы түрлі кейіпкерлердің мінездері өздерін-өздері тікелей көрсетуі арқылы ашылады.
Әдебиет тектерінің тұрақтылығын былай түсіндіруге болады. Адам нақты бір қоғамдық жағдайларда дамиды, белгілі бір әрекеттер, ойлар мен толғаныстар арқылы өзін-өзі танытады. Эпос, лирика, драма өзара ұштаса отырып, халықтар өмірінің тұтастай дәуірін қамтитын аса күрделі қоғамдық үрдістерді бейнелеуден бастап, бір ғана адамның толғаныс-толқыныстарын көрсетуге дейінгі адам санасы мен өмірді терең де жан-жақты суреттеуге шексіз мүмкіндіктер ашады.
Жанр - даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланыста болса, екінші жағынан әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процесті атқарар роліне алар орнына байланысты. Жнарлық дамудың өзі – тірі поцесс. Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады. Бұл да әр әдебиеттің тарихи тағдырлары мен ерекшеліктеріне ұштасып жатады.
Жанр – нақты тарихи түр. Қазақ эпосы бр кезде батырлар жыры түрінде көрінсе, кейін аралық сипаттағы лиро-эпосқа көшті, одан келе жанрлық табиғатына мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты.
Дәстүрлі түрде әдеби тектер үшке бөлініп, әрқайсысы сөздің белгілі бір қызметіне сай келеді де, оның эстетикалық ерекшелігін белгілейді.
1. Эпос, болмысты белгілі бір ауқымда, көлемде, уақыт пен кеңістік аясында және оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде қамтиды.
2. Лирика, жеке адаманың ішкі дүниесін, сезімнің қалыптасып, өзгеруімен, мұң-қиялымен, көңіл ауанымен, қайғғы-қуанышымен ашып көрсетеді.
Драма, сөздік әрекеттерді эмоционалды ерікті ұмтылысымен, әлеуметтік-психологиялық сипатымен, ішкі еркіндігімен және сыртқы шектеулілігімен, қысқасы екі жақты экспрессивті –сюжеттік қатынастарымен танытады. Сол арқылы әдебиеттің бұл тегі өз бойында лирика мен эпостың сипаттарын ұштастырады. Кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр.
Белинский эпикалық шығарманың ерекшелігі, мәселен, драмадағы басты нәрсе – адам болса, эпостағы басты оқиға екенін ескертеді. Бұдан шығатын қорытынды- эпос жан-жақты жанр: эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол жасаған оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі. Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр 3 түрге бөлінеді. 1/ шағын көлемді эпикалық түр. 2/ орта көлемді эпикалық түр. 3/ кең көлемді эпикалық түр. Қандай эпостық шығарма болсын, бәрібір осынау 3 түрдің біріне жатады.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттеледі. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан дайын қалпында көрінеді.
Шағын эпикалық шығармалар әдеби тарихның әр кезеңінде әр сипатта болған. Мысалы: ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды – мия, одан кейін – аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.
Миф – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айнадыра бейнелейтін фантастикалық баян. Бұл байырғы халықтардың бәрінде бар, бірақ түпкі туған жері ежелгі Греция.
Эпостың көне түрлерінің бірі – аңыз. Бұл да миф секілді әсіре қиял аралас фантастикалық қиял.
Бірақ мифтен өзгешелігі – аңыздың негізінде шындыққа жөн асымды, көбіне өмірде болған халық есінде сақталған оқшау оқиғалар жатады. Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі – ертегі. Бұл да миф пен аңызға ұқсас, адам өмірін де, не хайуанат дүниесінде болуға лайық әр алуан қызық, кейде ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем хикая.
Ертегінің тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан.
Мысал – эпостық шығарманың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге келекеге, мазаққа айналдырып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі өткір болады.
Тұжырымдар
Жанр - даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді.
2. Эпос, болмысты белгілі бір ауқымда, көлемде, уақыт пен кеңістік аясында және оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде қамтиды.
3. Лирика, жеке адаманың ішкі дүниесін, сезімнің қалыптасып, өзгеруімен, мұң-қиялымен, көңіл ауанымен, қайғы-қуанышымен ашып көрсетеді.
4.Драма сөздік әрекеттерді эмоционалды ерікті ұмтылысымен,
әлеуметтік-психологиялық сипатымен, ішкі еркіндігімен және сыртқы шектеулілігімен ерекшеленеді.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама. Студенттер әр жанрдың ерекшеліктерін ажыратып, түрлері жөнінде дәйектеме айта алуға тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1992.
2. Қожекеев Т. Сатиралық жанрлар. – Алматы, 1983.
3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы, 1997.
4. Жанр сипаты. –Алматы, 1971
5. Тюпа В.И. Аналитика художественного: Введение в литературоведческий анализ. М., 2001.
6. Эсалнек А.Я. Основы литературоведения. Анализ художественного произведения: уч. Пос., 2-е изд. М., 2003.
7-дәріс. Лирикалық шығармаларды оқыту