
- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
Мақсаты: Жазба жұмыстарының түрлері туралы мағлұмат беру. Оқулық, оның құрылысы туралы мағлұмат.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Жазба жұмысының түрлері
2.Мазмұндама және шығарма
3.Оқулық түрлеріне байланысты мағлұмат
4.Оқулықтың құрылысы
Тапсырма:
№1. Мынадай тақырыптар бойынша шығармаға жоспар құрыңыз: “Б.Бұлқышевтің шығармаларындағы ерлік рух”, “Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі аналар бейнесі”, “Мұқағали жырларының көркемдігі”.
№2. Мектеп оқулықтарымен жұмыс (талдау).
№13-сабақ
Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
Мақсаты: Көрнекілік түрлері туралы мағлұмат беру. Көркем стиль туралы түсінік бере отырып, стильдің көркем әдістен айырмашылығын, дара және жалпы сипатын ашу
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Стиль туралы ұғым.
2.Стильдің қалыптасуы
3. Стиль даралығы
4. Көрнекілік түрлері туралы мағлұмат.
5. Көрнекілік түрлері
Тапсырма:
№1. Көрнекілік түрлерінің үлгілерін жасаңыз.
№14 сабақ.
Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Әдеби бейненің жасалуы.
2.Әдеби бейне түрлері
3.Әдеби бейне және авторлық ұстаным
4.Өлеңнің теориялық анықтамасы
5.Өлеңнің түрлері
6.Өлеңнің құрылысы
№1. Өлең мәтіндерін талдау
№15 сабақ
Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
Мақсаты: Көркем шығарманың көркемдік тәсілдерін, тілдік айшықтарын меңгерту. Пәнаралық байланыс түрлері, олардың өзара ықпалдастығы туралы меңгерту.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Көркем туындының тілдік айшықтары
2. Көркемдік амал-тәсілдер
3. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
4. Пәнаралық ықпалдастықтың оңтайлы жолдары
Тапсырма:
№1. Ғылыми-әдістемелік мақалалар (талдау)
Тест сұрақтары
І нұсқа
5. Сюжеті күрделі, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылатын ірі эпикалық шығарма не деп аталады?
а) эссе
в) роман
с) повесть
д) хикаят
е) поэма
8. Жанрдың қай түрі аталған?
а) поэзия
в) түр
с) мәтін
д) әдіс
е) тәсіл
9. “Таза бұлақ”, “Жаз”, “Өзен” шығармалары кімдікі?
а) Абай Құнанбаев
в) Ыбырай Алтынсарин
с) Спандияр Көбеев
д) Сәбит Дөнентаев
е) Ғабит Мүсірепов
11. “Бесік жыры”, “Төрт түлік малдың баласын сүюі” жырлары қандай жанрға жатады?
а) поэзиялық
в) прозалық
с) аңыз
д) ертегі
е) миф
12. Шығармадағы оқиға барысын, әрекет дамуын не дейміз?
а) композиция
в) сюжет
с) экспозиция
д) пролог
е) монолог
13. Композиция деген не?
а) оқиғаның дамуы
в) оқиғаның шешімі
с) шығарманың құрылым
д) шығарманың басталуы
е) шығарманың аяқталуы
15. Көркем шығармадағы табиғат көрінісінің бейнеленуі не деп аталады?
а) бейнелеу
в) суреттеу
с) идея
д) пейзаж
е) әрекет
16. Әдеби шығарманың қалыптасқан түрін /типін/ не дейміз?
а) жанр
в) идея
с) образ
д) қаһарман
е) релизм
17. Ұйқас, бунақ, буын қай жанрға тән?
а) поэзия
в) проза
с) драма
д) мысал
е) хикая
18. Мәтіннің құрылымдық бөліктерінің қайсысы аталған
а) сұрау
в) жауап
с) нүкте
д) сөйлем
е) тыныс белгі
19. Қандай жазба жұмысының түрі аталған?
а) баяндау
в) мазмұндама
с) кейіптеу
д) пейзаж
е) сурет
22. Төмендегі шығармалардың қайсысы өмірбаяндық роман
а) “Есіл”
в) “Жолдастар”
с) “Оянған өлке”
д) “Қарағанды”
е) “Көз көрген”
23. Мына қаһармандар ертегінің қай түрінде кездеседі: дию, пері, мыстан?
а) шыншыл
в) қиял-ғажайып
с) хайуанаттар
д) аңыз-әңгімелер
е) тұрмыс-салт
25. Мақтауға арналған өлең түрі.
а) элегия
в) эпиграмма
с) ода
д) сонет
е) пародия
26. “Абай жолы” романындағы Құнанбай қандай образ?
а) лирикалық
в) драмалық
с) эпикалық
д) юморлық
е) сатиралық
27. “Атау кере” повесінің авторы
а) С.Мұратбеков
в) О.Бөкей
с) М.Мағауин
д) Ә.Тарази
е) Ә. Кекілбаев
28. Көркем шығармадағы адамның өз сөзін қалай атайды?
а) диалог
в) мінез
с) портрет
д) монолог
е) ремарка
30. Әдебиет теориясының қазақта алғаш оқулығын жазған кім?
а) А.Байтұрсынов
в) Қ.Жұмалиев
с) Е.Ысмайылов
д) З.Қабдолов
е) З.Ахметов
3. Роман қандай жанрлық түрге жатады?
а) лирика
в) драма
с) кең көлемді эпикалық түр-
д) орта көлемді эпикалық түр
е) шағын көлемді эпикалық түр
6. Шығарманың аяқталуы не деп аталады?
а) пролог
в) эпилог
с) эпизод
д) монолог
е) тарау
7. Қандай көрнекілік түрі аталған?
а) үлестірмелі карточка
в) сынып
с) тақта
д) дәптер
е) оқушы
8. Көркем туындыда жалпы адам болмысын, алуан тағдырларды, қарама-қайшылықтар мен қоғамдық тартыстардың мәнін ашуға қызмет ететін бөлшек қалай аталады?
а) сюжет
в) пішін
с) фабула
д) мазмұн
е) композиция
11. “Сәйгүліктер” повесінің авторы.
а) М.Мағауин
в) Қ.Ысқақов
с) Қ.Жұмаділов
д) М.Әуезов
е) С.Мұратбеков
12. Жүйрік ат, алғыр құс, қыран бүркіт дегенде қандай тәсіл бар?
а) метафора
в) метанимия
с) теңеу
д) эпитет
е) символ
13. Образ жасауға қажетті негізгі амал-тәсілдер қайсы
а) баяндау
в) композиция, эпилог, пролог
с) портрет, диалог, монолог
д) сюжет
е) әңгімелеу түрлері
14. Өнердің қай түрін сөз өнері деп атаймыз?
а) сәулет
в) саз өнері
с) мүсін
д) әдебиет
е) бейнелеу өнері
15. Шығарманы оқу арқылы ғана тануға болатын көркем мазмұн қалай аталады?
а) фабула
в) тақырып
с) сюжет
д) пішін
е) идея
16. Пьеса қай жанрға жатады?
а) драма
в) лирика
с) проза
д) әдеби
е) поэзия
17. “Сұлушаш” (1928) кімнің поэмасы?
а) Ғ.Мүсірепов
в) С.Мұқанов
с) Т.Әлімқұлов
д) С.Көбеев
е) І.Есенберлин
18. Құрмаш қай шығарманың кейіпкері?
а) “Текті қасқыр”
в) “Ақазу”
с) “Көксерек”
д) “Қилы заман”
е) “Қараш-Қараш оқиғасы”
22. Есеней, Шынар, Мүсіреп қай шығарманың кейіпкерлері?
а) “Абай жолы”
в) “Қарағанды”
с) “Қартқожы”
д) “Ақбілек”
е) “Ұлпан”
23. “Адасқандар” кімнің шығармасы?
а) Ғ.Мүсірепов
в) М.Әуезов
с) С.Мұқанов
д) С.Көбеев
е) С.Сейфуллин
26. «Акт», «көрініс», «ремарка» ұғымдары қай жанрда кездеседі?
а) драма
в) проза
с) поэзия
д) пролог
е) диалог
30. Төмендегі шығармалардың қайсысы өмірбаяндық роман?
а) «Көз көрген»
в) «Қарағанды»
с) «Оянған өлке»
д) «Жолдастар»
е) «Есіл»
Пәнді оқуға қажетті хрестоматия немесе қосымша материалдар.
Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. А., 1990
Ахтанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы.. А., 1984
Әбішев Ә. Бес томдық шығ.жинағы.. А., 1982
Әбішев М. Жиырма томдық шығ.жинағы 1981, Аудармалары. 1983
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А., 1984
6 Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, Күлтегін, 2003
7 Нұрғали Р. Мұхтар Әуезов және Алаш. А., Санат, 1997
8 Дулатов М. Шығармалары. А., 1991
9 Жансүгіров І. Бес томдық шығ. жинағы. А., 1988
10 Жұртбаев Т. Талқы. А., 1997.
11 Майлин Б. Бес томдық шығ.жинағы. А., т 2, 1986
12 Мұқаметжанов Қ. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. Пьесалар. А., 1988
13 Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 16 томдық. А., 1974
14 Мүсірепов Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы. 2 т. Пьесалар. А., 1973
15 Сатыбалдин Қ. Таңдамалы шығармалар. 4 т. Пьесалар. А., 1973
16 Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. 2 т. А., 1987
Автор, құрастырушы ф.ғ.д., доцент Ж.О.Мәмбетов
Факультеттің ОӘК ұсынылған 2013 ж., хаттама №
Факультеттің ОӘК төрағасы ф.ғ.к, доцент Қ.С.Құлманов