
- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы, 2001.
2. Қабдолов З. Арна. Зерттеу, сын‑эссе. Алматы, 1988.
3. Дәдебаев Ж. Өлеңдегі сөз. Уақыт және қаламгер. Алматы, 11‑ кітап, 1985.
4. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Өлеңдер мен аудармалар. Алматы, 2005.
5. Әуезов М. Абай жолы. Алматы, 2007.
6.Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Астана,2003.
7.Кәрібаева Б. Қара өлең және лирика. Алматы, 2001.
8.Кәрібозұлы Б. Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты. Алматы, 1997.
9.Жүсіп Қ.М. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар, 1999.
30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
Мақсаты: Пәнаралық байланыс түрлері, олардың өзара ықпалдастығы туралы меңгерту.
1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
2. Пәнаралық ықпалдастықтың оңтайлы жолдары
Негізгі ұғымдар: әдіс, жүйелеу, топтастыру, ықпалдастық, ғылыми-педагогикалық зерттеу.
Дәріс (түйін)
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.
«Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: «белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы және іс-әрекет».
Олай болса, оқыту әдістері – оқытудың мақсат- міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданатын жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқыту әдісін жүйелеу, топтастыру үнемі айтыс туғызып келе жатқан педагогикадағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оның өзіндік тарихы да бар.
20 шы ғасырдың 20-шы жылдарында белгілі педагог ғалымдар Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский, т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.
50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында кеңес дәуірінің дидактары Е.Я. Голант, С. Г. Шаповаленко, білім көзін негізге ала отырып, оқыту әдісінің жаңа классификациясын ұсынып, оларды үш топқа бөлді:
1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс;
2. Көрнекілік әдістер тобы демонстрация, иллюстрация, бақылау;
3. Практикалық немесе тәжірибелік әдістер тобы лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әртүрлі жаттығулар.
Ғылыми педагогикалық әдістерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.
Оқушылардың таным белсенділігіне қарай
Түсіндірмелі хабарлау әдісі;
Репродуктив әдісі;
Проблемалық
Эвристикалық әдісі;
Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай:
жаңа білім беру әдісі;
біліктер мен дағдылар қалыптастыру әдісі;
техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;
өзіндік жұмыс әдісі;
білімді тексеру әдісі;
проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай:
ой- танымдылық әрекеттерді ұйымдастыру;
оқуға ынталандыру;
оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.
Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай:
ауызша баяндау әдісі;
есеп шығару әдісі;
өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Мқғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай:
жаңа білімді игеру әдісі;
өзіндік білім әдісі;
проблемалық әдіс;
практикалық әдіс;
көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең көп тарағаны –білім берудің көздеріне сәйкес
сөздік немесе ауызша баяндау;- көрнекілік әдістері;
- тәжірибелік әдістері;
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалдарын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді.
Г. И. Шукина оқытудың төмендегідей әдістерін ұсынады: ақпараттық дамыту (мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, кітаппен жұмыс); эврикалық ( іздену) оқыту әдістері (эвристикалық әңгіме, диспут, лабораториялық жұмыс, зерттеу әдісі); білімді, білік және дағдыны жетілдіру мен бекітудің оқыту әдістері;
И.П. Подласый әдістерді классификациялауды негіздеуді білім көзінен (практика, көрнекілік, сөз) қарастырады. Ол мәдени прогресс негізінен, кітапты және келесі он жылдықта бейне таспамен бірлескен жаңаша компьютер жүйе ненгізінен жаңа ақпараттық білім көзі ретінде ұсынады. Соның негізінде И.П.Подласый әдісті бес топқа бөлді:
а) практикалық: іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек;
б) көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың бақылауы;
в)сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, инструктаж, лекция, дискуссия, диспут;
г) кітаппен жұмыс әдісі; оқу, жаттау, рефераттау, жалпы қарап шығу, цитаттау, мазмұндау жоспар құру, конспектілеу;
д) бейне таспа әдісі; көру оқыту, «электронды мұғалім» бақылаушы мен жаттығу. Оқушыларды қажеттілікті оқу күшін жұмылдырып, танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық –танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістерінің мазмұны спецификалық интеллектуальді құрал болып табылады.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша мән беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру- күрлелі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекеше тәсілдерімен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалын мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді:
1.Оқыту әдістерін мақсат –міндеттіріне оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.
2.Қолда бар нақты көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру
3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру.
4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық- мақсатын жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ең алдымен оның мақсатын анықтауы тиіс.
« Мақсат, - барлық пәндер мен әдістердің арасында ішкі байланысты құрайды».
Алайда мақсат абстракты болмайды,ол білім беру мазмұнында өз көрінісін табады. Әрбір пәннің мазмұны едәуір оның оқып үйрену әдістерін де анықтайды. Бір тәсілмен математиканы оқыту керек болса, - деп атап көрсетті, екіншісі мен жаратылыстануды оқыту керек. Бірақ әрбір жеке сабақты өткізу әдісін таңдағанда мұғалімге белгілі бір тақырыпты үйрену үшін қандай әдістерді жақсы оқып үйренуге болатынын тереңнен ойластыруға тура келеді.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: көркем туынды, пән, пәнаралық байланыс, ыпалдастық. Әдебиетті оқу және талдай тану нәтижесінде келесі шешуші біліктіліктер жүзеге асуы тиіс:
әдеби‑теориялық біліктілік ‑ әдебиеттегі тектер, түрлер, жанрлар, тақырып, идея, сюжет, композиция, көркем тіл, бейнелілік, образ, кейіпкер, көркемдік шындық, өлең құрылысы, шығармашылық, автор тілі сол сияқты негізгі мәселелерге байланысты теориялық түсініктердің қалыптасуы;
әдеби‑тарихи біліктілік ‑ әдебиеттің даму заңдылықтары, ұлттық және әлемдік әдебиеттің тарихи кезеңдері, оларға тән негізгі сипаттар, шығармашылық тұлғалар мен басты туындылар, ағым‑бағыттар мен көркемдік әдіс‑тәсілдер жайында білім негіздерін игеруі;
әдеби‑шығармашылық біліктілік – жастардың шығармашылық тұрғыдан ойлауы, ой‑пікірлерін әдеби көркем тілмен жүйелі жеткізуі.
Әдебиет пәнінен оқу үрдісін ұйымдастыру барысында төмендегідей мәселелерге назар аудару қажет:
ұсынылған көркем мәтіннің мазмұнын түсініп игеру;
тілдік қолданыстың мағыналық, эмоционалды‑экспрессивті, бейнелілік ерекшеліктерін тани білу;
көркем бейне мен көркемдік шындықтың ерекшеліктерін, байланыстылығын ажырата білу. Осы негізде оқушының өмірлік көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру;
ұсынылған материалдар негізінде әдеби даму заңдылықтарын ашуға бағдар ұстану, соған орай қоғамдық‑әлеуметтік өмірдегі жаңа құбылыстардың мәнін түсіне білуге үйрету;
ұлттық және әлемдік әдебиет үлгілерін салыстыра оқыту нәтижесінде ұлттық мәдениет пен тарихты, салт‑дәстүрлерді құрметтеу, оларға деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға бағдар ұстану;
әдебиетті оқыту барысында пәнаралық байланысты, жаңа технологияларды мақсатты пайдалану.
Оқу орындарында әдебиетті оқытуда жоғарыда көзделген мәселелер жүзеге асып жатса құба‑құп. Пән оқытушыларының міндеті ‑ әдебиет пәні бойынша студент жастарға түсінікті, мән‑маңызы айқын білім беру. Жастар игерген білімді одан әрі дамыта, жетілдіре отырып, бүгінгі күн үдесінен шығатындай пайдалана алуы керек. Бұл ретте әдебиет пәнінің басқа пәндерге қарағанда жетекші орында тұратыны белгілі. Осыған байланысты бұл ұсынылып отырған еңбектің мақсаты да айқын. Яғни, әдебиет пәнін игертуге байланысты тиімді, орныққан әдіс‑тәсілдерді саралай отырып, оны әдеби жанрларын оқыту, көркем мәтін түрлерін талдау мен көркем туындының бейнелілігін таныту бойынша білім мазмұнын үйретуде қолдану. Бұл кітапты жазуда жоғары оқу орнында оқылған дәріс материалдары, әдебиет зерттеушілері мен әдіскер ғалым, ұстаздардың еңбегі басшылыққа алынды.
Тұжырымдама.
Пән оқытушыларының міндеті ‑ әдебиет пәні бойынша студент жастарға түсінікті, мән‑маңызы айқын білім беру. Жастар игерген білімді одан әрі дамыта, жетілдіре отырып, бүгінгі күн үдесінен шығатындай пайдалана алуы керек. Бұл ретте әдебиет пәнінің басқа пәндерге қарағанда жетекші орында тұратыны белгілі. Осыған байланысты бұл ұсынылып отырған еңбектің мақсаты да айқын. Яғни, әдебиет пәнін игертуге байланысты тиімді, орныққан әдіс‑тәсілдерді саралай отырып, оны әдеби жанрларын оқыту, көркем мәтін түрлерін талдау мен көркем туындының бейнелілігін таныту бойынша білім мазмұнын үйретуде қолдану.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама. Қазақстандық әдіскер-ұстаздардың іс-тәжірибелерімен таныстыру.