
- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
1.Өлеңнің теориялық анықтамасы
2.Өлеңнің түрлері
3.Өлеңнің құрылысы
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: өлең, өлең сөз, ән өлең, өлең құрылымы, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас.
Дәріс мәтіні (тезис)
Қай халықтың әдебиетінде де поэзиялық туындылардың алар орны айрықша. Поэзия дегенде ойымыз өлеңге ойысатыны да түсінікті. Сонда, өлең дегеніміздің өзі не?
Бұл сұраққа жауап беру ұшін төмендегідей сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді: 1/ Өлеңнің прозадан айырмашылығы қандай? 2/ Бір тілге немесе бір дәуірге тән өлеңнің басқа тілге немесе дәуірге тән өлеңнен айырмашылығы қандай? 3/ Бір өлеңнің екінші өлеңнен айырмашылығы қандай?
Бір қызығы осылардың ішіндегі ең қиыны – алғашқы сұрақ. Егер оны түрлі жастағы адамдарға қояр болсақ, мектеп жасына жетпеген балдырған: «Өлең қысқа-қысқа жолдармен жазылады», оқушы: «Өлеңде ырғақ пен ұйқас болады», студент: «Өлең – лирикалық қаһарманның сан қилы көңіл күйін танытатын ой-сезімдерді бейнелеген поэтикалық тілдің ерекше құрылымы» деп жауап берер еді. Айтылған үш пікір де дұрыс, ал соның ішінде өлең анықтамасына мейлінше жақын келетіні балдырғанның жауабы болып шығады. Өйткені біздің түсінігімізде қалыптасқан «өлең» ұғымының түп мағынасы грек тілінде «қатар, жол» деген мағына беретін «stichos» латынның «бұрылыс» мағынасындағы «versus» сөздерімен өзектес. Енді «өлең дегеніміз не?» деген сұраққа жауап қарастыралық.
Белгілі әдебиет теоритегі, академик З.Қабдолов: «… өлең – еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейңн белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі» деп тұжрымы жасайды, және бір тұста «… поэзия дейтініміз - өлеңді шығармалар» (Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1982. 254-255 беттер) деген ой айтады.
1998 жылы жарық көрген «Әдебиеттану. Терминдер сөздігінде» «өлең» терминнің бірнеше мағыналық қолданысы көрсетілген. «Біріншісі - ән өлең, ән салып, ән шырқап айтатын - өлең, яғни музыкалық өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды. … Екіншісі – көбінесе жеңіл, ықшамды ғана әуенмен, мақаммен термелеп айтылатын өлеңдер, жырлар, яғни ауызша поэзияның туындысы. Үшіншісі – оқылатын, сөйлеп айтылатын өлең, яғни жазба поэзияның туындысы, әр алуан лирикалық шығармалар. Сонымен қатар, өлең деген сөзді кең мағынада алып, көлемі қысқалау келетін поэзиялық шығармалардың бәріне ортақ жалпылама атау ретінде олдану да жиі кездеседі». Осы еңбектің «Өлеңші» терминіне анықтама берілген тұсында: «Өлең деп қазақ поэзиясында әнмен айтылатын өлеңді де (песня), белгілі бір әуеннің сүйемелімен айталытан өлең-жырларды, тақпақтап айтылатын, оқылатын өлең сөзді де (стих) атай береді» деген пікір кездеседі.
Өлеңге байланысты айтылған бұл пікірлердің дұрыстығына күмән жоқ. Дегенмен «өлең» терминіне байланысты нақтылай түсер жәйттер бар.
Біріншіден, анықтамаларға негіз болып тұрған «өлең» сөзі «поэзиялық туынды» деген мағынада алынғанын аңғарамыз. Бұл тұрғыда ол орыс тіліндегі «стихотворение» деген түсінікпен мәндес келеді. Ал осы «стихотворение» сөзіне сөзжасам тұрғысынан талдай қарасақ, оның «стих»және «творение» деген сөздердің бірігуі арқылы жасалып, «һлең туынды» немесе «өлеңмен жазылған туынды» деген мағына беретінін байқаймыз. Бұл «өлең» терминінің жоғарыда көрсетілген мағыналардан басқа тағы бір мағыналық қолданыс иеленетінін аңғартады. «Ол қандай мағына?» деген сұраққа жауап іздер болсақ, гректің «stichos» сөзінен өрбитін «стих» мәніндегі терминдік мағынасы болып шығады. Ал «стих» дегеніміз өлеңемес, өлеңнің құрамдас бөлшегі.
«Өлең дегеніміз не?» деген сұрақтың жауабын да, ең алдымен, осы мағыналық қолданысқа қатысты қарастырып, өлеңге негіз болатын бөлшекке назар аудару қажет. Ал өлең негізі өлең сөз (стих) болып табылады. Өлең сөз - өзара байланысты, әрі шамалас бөліктерге бөлшектеуге келетін жүйелі көркем сөз. Шартты түрде алар болсақ, өлеңге қарсы мәндегі әдеби құбылыс проза екені түсінікті. Проза тілі де іштей бөлшектерге бөлінеді. Прозадағы дыбыстық-ырғақтық бөлшектерді колон дейміз. Ал өлең сөзге тән дыбыстық бөлшектерге шумақ, тармақ, бунақ, ырғақ жататыны белгілі. Прозамен салыстырғанда өлеңдегі дыбыстық бөлшектеудің екі түрлі ерекшелігі бар: 1/ прозалық мәтінді мүшелеуде синтаксистік паузалар басты роль атқарса, өлеңдегі бөлшектеуші паузалардың синтаксистік паузалармен ұдайы сәйкес келуі шарт емес; 2/ прозада бөлшектеуші паузалар белгілі бір дәрежеде еркіндікке мүмкіндік берсе, өлең сөздегі паузаларды жүйелілік қатаң сақталадыв. Аталмыш жүйелілікке тәуелді өлең бөлшектерін мәтіннің қағазға түскен көрінісінен де айқын көре аламыз. Осы тұста мәтіндегі синтаксистік және поэтикалық бөлшектеуші паузалардың сәйкессіздігіне білдіретін жеке термин бар екенін де ескерте кеткен орынды. Ол – француз тілінде «тасымал» деген мағына білдіретін «enjambement» («анжамбман») деген термин сөз.
Әдебиеттануда «өлең құрылысы» немесе «версификация» деген де түсінік бар. «Versus» сөзінен өрбитін «версификацияның» мағынасы «өлең құрастырушылық» дегенге саяды. Қалай болғанда да, өлең құрылысы дегенде өлең тіліндегі дыбыстық құрамды үйлестіру тәсілін түсінеміз.
Өлеңге берілген анықтаманы жіктей қарастырар болсақ, біріншіден, өлең сөз - өз ара байланысты бөліктерге бөлшектеуге келетін жүйелі көркем сөз екендігін; екіншіден, өлең сөз – шамалас бөліктерге бөлшектеуге келетін жүйелі көркем сөз екендігін байқаймыз.
Тұжырымдама
Өлең – лирикалық қаһарманның сан қилы көңіл күйін танытатын ой-сезімдерді бейнелеген поэтикалық тілдің ерекше құрылымы
Өлең сөз - өзара байланысты, әрі шамалас бөліктерге бөлшектеуге келетін жүйелі көркем сөз.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама. Студентер өлең туралы, өлең құрылысы туралы негізгі мәселелерді меңгеріп, өлең мәтінін талдай білулері керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы, 1992
2. Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. 175-202- бет, Қ., 2004.