
- •Пән тақырыбының мәнмәтіні
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік беру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытға қойылатын басты утуралы түсінік беру
- •Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігі
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсініп, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем мәтін түрлері, жасалатын жұмыс мазмұны туралы саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер көркем туынды түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •5. Әбдікерімова г. Ғабит Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық‑идеялық ізденістер. Филол. Ғ.К. Ғыл. Дәреж. Алу үшін дайынд. Диссер. Авторефераты. Алматы, 2006.
- •Мақсаты: Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттер лирика түрлері бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралап, талдай алулары керек. Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Тұжырымдама.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Көркемдік жүйесін таныту Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Мақсаты: Көркем туындының композициясы, басты компоненттері, сюжеті мен фабуласы, сюжет түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Тапсырма
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиет
- •26 Дәріс. Көркемдік стиль
- •27 Дәріс. Әдеби бейне
- •Мақсаты: Өлеңнің жанрлық ерекшелігі, басты компоненттері туралы мағлұмат беру.
- •29 Дәріc. Троптың түрлері
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •30 Дәріс. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Internet дереккөздері
- •Пайдалы web-сайтТар
- •Теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өздік жұмысының тапсырмалары (сөж)
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеті туралы түсінік бер
- •Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелерді, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті ақпараттарды ұғындыру. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
- •Мақсаты: Оқушыларға лирика жанрына байланысты мағлұмат беру. Лирикалық шығарманың көркемдік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, жанр түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Поэманың жанры туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Мысал, мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы білімдерін қалыптастыру, түрлеріне байланысты мағлұмат беру. Ертегі жанры, оның қаһармандарының ерекшеліктеріне байланысты мағлұмат беру.
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Көлемді шығармаларды таныту жолдары. Роман жанрын оқыту. Ғұмырнамалық шығармаларды таныту
- •Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жаздыру. Оқулық, құрылысы
- •Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары. Көркемдік стиль
- •Әдеби бейне. Өлең және өлең сөз Мақсаты: Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мәні, түрлері туралы мағлұмат беру.
- •Троптың түрлері. Пәнаралық байланыс, ықпалдастық
- •1.Көркем туындының тілдік айшықтары
- •Тест сұрақтары
Пайдаланылған әдебиет
1.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997.
2.Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. Мұғалімге арналған көмекші құрал. Алматы, 1994.
26 Дәріс. Көркемдік стиль
Мақсаты: Көркем стиль туралы түсінік бере отырып, стильдің көркем әдістен айырмашылығын, дара және жалпы сипатын ашу
Стиль туралы ұғым.
Стильдің қалыптасуы
Стиль даралығы
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Стиль, поэтикалық категория, стиль даралығы, бейне жасау, көркем тіл.
Дәріс мәтіні (тезис)
Қаламгер шығармашылығындағы ортақтық және даралық туралы мәселелер стиль және көркемдік әдіс аталатын әдеби-теориялық ұғымдардан бастайды.
Латынша «Стиль» сөзі – жазуға арналған таяқша деген мағына береді. Стиль деген ұғым әдебиеттануда да, тіл білімінде де кездеседі. Әдебиеттану тұрғысынан қарағанда, стиль – жазу машығы, яғни жазушының, жеке шығарманың, әдеби бағыттың, ұлт әдебиетінің өзіндік сипатын танытатын образдар жүйесінің, көркемдік құралдарының тұрақты жиынтығы.
Стильдің өзге поэтикалық категориялардан, әсіресе, көркемдік әдістен басты айырмашылығы оның нақты жүзеге асқан үлгіде көрінуінде. Стильдік ерекшеліктер көркем шығарманың сыртқы пішінінен бастап, бүкіл болмсында көрініп тұрады.
Стиль ұғымы түрлі деңгейде, яғни белгілі бір дәуірдегі әдебиет дамуының ерекшеліктерінен бастап әртүрлі әдеби бағыттар мен әдістердің ерекшеліктері, жеке қламгер шығармаларына тән ерекшеліктер, сондай-ақ жеке шығарманың ерекшеліктеріне дейінгі түсінікті қамтып, қолданыс беріледі.
Стильді көбіне жеке қаламгердің жазу ерекшеліктерімен байланыстырады. Себебі әрбір әдеби шығарма оқырманға оны жазған автордың творчестволық ерекшеліктерін танытады. Оны тілден де тақырып пен идеядан да образ жасау тәсілінен де аңғаруға болады.
Стиль деген ұғым ғылым мен өнер атаулының бәріне қатысты және олардың әр саласындағы сипаты әр бөлек.
Ал қаламгерлерде осы әдеби ерекшелік бірте-бірте қалыптасады. Осы шығармашылық ерекшеліктің қалыптасуының Гетенің айтуына қарағанда 3 кезеңі бар. 1/ өзінен бұрынғы жалаң еліктеумен жүрген шақ. 2/ өзгеден бөлегірек аздап машық тапқан тұс. 3/ өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын өзгеше стиль белгіленген кез.
Соңғы кезең, яғни шын мәніндегі стиль қалыптастырған кез – шығармашылық өрлеудің жоғарғы сатысы. Бұған жету үшін мыңдалған суреткерлік шеберлік керек.
Стиль даралығы, әсіресе, әр қаламгердің көркем тіл ерекшелігінен айқын байқалады. Сонымен қатар жазушының шығармасы оның өмір тарихымен, адамдық болмысымен, азаматтық бітімімен, өзгеден бөлек өз тәжірибесімен, білімімен, мәдениетімен, дүние танымымен ұласып, тығыз байланысып жатады.
Қорыта келгенде, шын мәніндегі ірі жазушының стилін оның суреткерлік бітімімен бөліп қарауға, оның бүкіл әдеби беті мен бағытын күллі творчестволық мазмұны мен рухын белгілеген ағымнан не әдістен бөліп әкетуге болмайды.
Әдеби шығармалардың басым бөлігінде адамның өзі, өмірі, мақсат-мұраты, ой-сезімі, күрес-тартысы негізгі орын алады.
Көркем шығармада қаламгер адамдардың тағдыры мен мінезін аша түсу мақсатында табиғат көріністерін жиі пайдаланады. Табиғат лирикасында, табиғатты суреттеген прозада бейнелеудің басты нысаны табиғат болатыны анық. Соның өзінде табиғат суреті адам өмірімен тығыз байланыста көрінеді.
Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда ең алдымен оның таным тарапындағы маңызын атау шарт. Қандай бір көркем шығарма болсын, ол оқырманға бұрын беймәлім өмірді, шындықты, бейтаныс заманды, адамды танытады.
Сонымен бірге қоғамдық қарым-қатынастарға, адамның қоғамдағы өміріне зейін қоя отырып, әдебиет қоғам мүшесі ретіндегі адамға тән ойлар мен сезімдерді тәрбиелеуге, қоғам алдындағы парызын түсінуге ықпал етеді. Тәрбиелеушілік сипат әдебиеттегі еліктеуге лайықты жағымды бейнелерге ғана тән нәрсе емес, келеңсіз құбылыстарды бейнелеу арқылы да қаламгер оларды адамгершілік тұрғыдан әшкерелеуге, бұл орайда айқын позиция ұстануға үндейді.
Тұжырымдар:
Cтиль – жазу машығы, яғни жазушының, жеке шығарманың, әдеби
бағыттың, ұлт әдебиетінің өзіндік сипатын танытатын образдар жүйесінің, көркемдік құралдарының тұрақты жиынтығы.
2. Стиль ұғымы түрлі деңгейде, яғни белгілі бір дәуірдегі әдебиет дамуының ерекшеліктерінен бастап әртүрлі әдеби бағыттар мен әдістердің ерекшеліктері, жеке қламгер шығармаларына тән ерекшеліктер, сондай-ақ жеке шығарманың ерекшеліктерін қамтиды.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама. Студент жалпы стильдің қалыптасуы, оның қаламгердің жеке стилімен сабақтастығы, тіл көркемдігі мәселелерін тұжырымдап, мәтін арқылы дәлелдей алулары керек.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1992.
2. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы, 1997
3. Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Қарағанды, 2004.
4.Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. – Алматы, 1966.
5. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар, 2007.